Адам денесінің микрофлорасы


Slide 1

medkrmu. kz

Тақырыбы : Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ. Адам денесінің микрофлорасы. Дисбактериоз. Антибиотиктер. Дезинфекция. Стерилизация.

Орындаған: Кенжебек Ә. О.

Курс: 2 курс

Мамандығы: Жалпы медицина

Тобы: 206 Б

Қабылдаған: Тұрсынқызы А.

Slide 2

medkrmu. kz

2

Ⅰ. Кіріспе.

Негізгі бөлім:

Ⅱ. Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

2. 1. Адам денесінің микрофлорасы.

2. 2. Дисбактериоз.

2. 3. Антибиотиктер.

2. 4. Дезинфекция.

2. 5. Стерилизация.

Ⅲ. Қорытынды.

Ⅳ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жоспар

Notes: Add image

Click on the icon to add a Image >> Choose your Image.

Change the image:

Right Click on Image >> Change Picture >> Choose your Image.

Slide 3

medkrmu. kz

3

Микроорганизмдер экологиясы (oikos-грек сөзінен аударғанда - үй, тіршілік ету орны ) - микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіпті космоста да табылады.

Кіріспе

Notes: Add image

Click on the icon to add a Image >> Choose your Image.

Change the image:

Right Click on Image >> Change Picture >> Choose your Image.

Slide 4

Микроорганизмдер экологиясы

Микроорганизмдер - биоценоздың құрамдас бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы су қойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп: жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.

medkrmu. kz

Slide 5

Микроорганизмдер экологиясы

Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұрады. Олар адам организімінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.

medkrmu. kz

Slide 6

Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

Су микрофлорасы топырақтың, микробтың құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда сол жердің физико-химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру жәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.

medkrmu. kz

Slide 7

Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдвмонадалар, аэромонадалар), кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың тұнығында көп кездеседі.

medkrmu. kz

Slide 8

Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарында микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда коккатәрізді, таяқша дактериялар, клостридиялар, актиномиеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады.

Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз ауасында микроорганизмдер өте аз.

medkrmu. kz

Slide 9

Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақтылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне байланысты болады. Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені өңдеу (мысалы микробиологиялық зертханаларда) қолданылады.

medkrmu. kz

Slide 10

Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және тағы басқа элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 граммында бактерия саны 10 млрд жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК сәулелер, құрғақшылық т. б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы аз болады.

medkrmu. kz

Slide 11

Микроорганизмдер экологиясы: су, ауа, топырақ.

Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте бұлар мүлдем кездеспейді. Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігі рН- ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-45˚С температурада дамуға қабілетті.

medkrmu. kz

Slide 12

Адам денесінің микрофлорасы

Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микробиоценоз) микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Олар бір - бірімен және адам организмімен тепе - тең (эубиоз ) жағдайында болады. Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып табылады.

Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды.

medkrmu. kz

Slide 13

Адам денесінің микрофлорасы.

Әртүрлі биотоптардың : тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп -жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады.

medkrmu. kz

Адам организмінің микрофлорасы

Тұрақты ( резидентті, индигенді, автохтонды) микрофлора - организмде тұрақты болатын микроорганизмдер.

Транзиторлы ( тұрақсыз немесе аллохтонды ) микрофлора - организмде ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз.

Облигатты

Факультативті

Slide 14

Дисбактериоз

Эубиоз жағдайы - адам организмі мен қалыпты микрофлораның динамикалық тепе - теңдігі - қоршаған ортаның әртүрлі факторлары, стресстік жағдай, бақылаусыз антимикробты препараттарды қолдану, сәулелермен емдеу және химиотерапия, тиімсіз тамақтану, операцияның әсерінен бұзылуы мүмкін.

Нәжісінде колонизациялық резистенттілік бұзылады. Ақаулы жолмен көбейген транзиторлы микроорганизмдер индол, скатол, аммиак, күкіртсутек сияқты зат алмасудың улы өнімдерін өндіреді.

medkrmu. kz

Slide 15

Дисбактериоз

Микрофлораның қалыпты функцияларын атқара алмайтын жағдайы дисбактериоз және дисбиоз деп аталады.

Дисбактериоз кезінде, қалыпты микрофлора құрамына кіретін бактериялардың тұрақты сандық және сапалық өзгерістері болады. Дисбиоз кезінде микроорганизмнің басқа топтараның арасында да өзгерістер орын алады. Дисбиоздарды этиологиясы бойынша және орналасқан жеріне байланысты жіктейді.

Ересек адамның ішегінде әдетте 2-3 кг түрлі микроорганизмдер бар (шамамен 500 түр) . Бұл симбиотикалық бактериялар, асқорыту актісіне тікелей қатысады. Сау организмде микрофлораның сапалық және сандық жеке құрамы физиологиялық тепе-теңдік жағдайында - нормациоценоз (эубиоз) . Ішек флорасының құрамы өзгерген кезде бұл баланс жойылады, бұл ішектің ас қорыту қабілетіне кері әсер етеді.

medkrmu. kz

Slide 16

Антибиотиктер

«Антибиотик» термині (anti - қарсы, bios - өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp. griseus продуцетін ашқан З. Ваксман енгізген болатын. Антибиотиктер - бұл антимикробтық биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жауар тіндерінен бөлінеді; химиялық жолмен синтезделуі де мүмкін. Антибиотиктер пигменттер, алкалоидтар, уыттар сияқты мироорганиздердің екіншілік метаболиттері.

medkrmu. kz

Slide 17

Антибиотиктер

Антибиотиктер - бұл тікелей емес трансляцияның өнімдері, күрделі биосинтетикалық жолға ие. Сонымен қатар, антибиотиктер негізгі алмасудың метаболиттеріне жатпайды және клеткалар олардың қатысуынсыз тіршілігін сақтай алады.

Жалпы антибиотктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және басқа саларда қолданылады. Олардың ішінде пенициллиндердің, цефалоспориндердің, әсіресе оларды жартылай синтетикалық туындылары: аминогликозидтердің, макролиттердің, сонымен қатар синтетикалық препараттардың ішінде - фторхинолдардың өндірісі басым.

medkrmu. kz

Slide 18

Дезинфекция

Дезинфекция - микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда инфекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы.

Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін.

medkrmu. kz

Slide 19

Дезинфекция

Стерилизация - залалсыздандырудың ең тиімді тәсілі. Бірақ затты стерильдеуге мүмкіндік болмаса дезинфекция жүргізіледі.

Дезинфекцияның стерильдеуден ерекшелігі сол зарарсыздандырылған материалды сырттан микробтар түсуден қорғаудың қажеті жоқ. Стерильдеуге дейін затты қатты кірден, қаннан, химиялық заттардан тазалап жуу керек.

medkrmu. kz

Slide 20

Дезинфекция

.

medkrmu. kz

Дезинфекция

Жылулық дезинфекция - қоршаған орта ластануына жол бермейтін, тиімді, арзан әдіс

Химиялық дезинфекция - әртүрлі дезинцифирлеуші заттар көмегімен жұзеге асады.

Ультракүлгін сәулелендіру - микробиологиялық зертханаларда, тағам өнеркәсібі мекемелерінде, таңу жасайтын операциялық бөлме беткейлерін, ауаны залалсыздандыру үшін арнайы бактерицидті шамдар көмегімен жүргізіледі. жүргізіледі.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Асқазан микрофлорасы
Тері микрофлорасы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз туралы
Микробты паратизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Жүн,тері және ішік шикізаттары Тері микрофлорасы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.Дисбактериоз
Тері нормофлорасы
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері, ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. үрдістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz