Маркетингті стратегиялық жоспарлау


Slide 1

Маркетингті стратегиялық жоспарлау. Тұтынушылармен жұмыс істеу.

Болжау әдістері

Орындаға:Төлеген Бану

Қабылдаған: Құралбаева Роза

Slide 2

Жоспар:

Маркетинг деген не?

Стратегиялық жоспарлау

Үш түрі

Қолданушылармен жұмыс істеу

Қарым-қатынас маркетингі

Болжау әдістері

Slide 3

Маркетинг дегеніміз не?

Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіретің мекемелер - коммерциялық компаниялар, және бұл өнімді (тауарлар мен қызметтерді) тұтынатың тұтынушылар бар болады.

Маркетинг дегеніміз коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.

Яғни маркетингтің негізгі мақсаты коммерциялық компанияның пайдасын арттыру.

Slide 4

Стартегиялық жоспарлау ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді сәйкесiнше үйлестipу және оларды бiр қалыпта ұстап тұруды басқару процесi. Оның мақсаты - компанияның табысты дамуына бағытталған өнiмдi және бизнестi құру мен реформалау. 1970 жылдары энергетикалық дағдарыс, гиперинфляция, экономикалық тоқырау, бәсекелестiктiң күшеюiне байланысты AҚШ-та стратегиялық жоспарлаудың теориялық негiздерi жасалды. Дәстүрлi ұзақ мерзiмдi жоспарлау орнына стратегиялық жоспарлау келдi.

Маркетингті стратегиялық жоспарлау

Slide 5

Стратегиялық жоспарлау үш негiзгi шарттарды сақтауды талап етедi. Бiрiншi шарт - компанияның ic-әрекеті инвестициялық қоржынды басқару принципiнде құрылады.

Оның мәнi - компанияның әрбiр ic-әрекет бағытын орындау үшiн ресурстардың тиiстi түрде бөлiнуiнде. Екiншi шарты - әрбiр іс-қимыл түрiнiң келешегiн бaғалау. Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткiштерi және компанияның нақты нарықтaғы позициясы зерттеледi.

Slide 6

Мысалы, 1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшiн үлкен машиналарды өндiру тиiмдi болды. Aлайда нарықты зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсеттi. Сондықтан компания инвестицияларды шығыны көп шағын литражды автомобильдерге жұмсады. Үшiншi шарты - стратегияны әзiрлеу.

Әр бизнес үшiн узақ мерзiмдi мақcaттapғa жету жоспары жасалады. Сондықтан, әрбip компания ic-әрекетін, мақсаттарын, мүмкiндiктерiн, ресурстарын зерттей отырып, өз стратегиясын әзiрлейдi. Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса, оның бәсекелесiнің саясаты жаңа өнім өндiруге бағытталуы мүмкін.

Slide 7

Қазiргi кезде қазақстандық кәсiпорындар негiзiнен стратегиялық жоспарлауға қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтары бәсекелестiк күрестегi басты фактор болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетiстiктерi жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесiнде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәнi болашақта технологиялық, экономикалық жане әлеуметтiк-мәдени өзгерiстерге байланысты өсiп отырады.

Slide 8

Тұтынушының белгілі бір тауар таңбасына деген адалдығын және ниеттілігін сақтап қалуға көмектесетін ең әлеуетті жолдардың бірі ол қарым-қатынас маркетингі. Қарым-қатынас маркетингінің дамуының келесі белгілерін атап өтуге болады: қазіргі таңда тауарлар неғұрлым стандартталған, ал қызмет бірізді болып келеді.

Мұның бәрі қайталанатын маркетингтік шешімдердің қалыптасуына алып келеді. Сондықтан, тұтынушыны ұстап қалудың жалғыз шешімі - серіктестермен ұзақ мерзімді байланыстарды орнату арқылы, тұтынушылармен қарым-қатынасты жекелендіру болып келеді.

Тұтынушылармен жұмыс істеу

Slide 9

Қарым-қатынас маркетингін кейде клиентпен өзара байланысты басқару, тұтынушымен маркетингтік қарым-қатынас немесе серіктестермен маркетингтік қарым-қатынас деп те атайды. Қарым-қатынас маркетингінің мақсаты - жаңа тұтынушыларды тартпай, керісінше нақты тұтынушыларды ұстап қалу.

Қарым-қатынас маркетингінің негізі, маркетингтің баламалы тәсілі ретінде қарастырылған өндірістік маркетингте жатыр, себебі ұйымдардың байланыс ерекшеліктері тұтынушылық нарықта басым болған өзгеше, жаңа парадигманың пайда болуын талап етті.

Slide 10

Қарым-қатынас маркетингі (ағыл. - relationships marketing) - ұйымның сыртқы және ішкі ортасында серіктестік қарым-қатынастарды дамыту және құру туралы ғылым. Ең алдымен, қарым-қатынастар ішкі ортада қалыптасу керек, олай болмаса бұл жағдай компанияның сыртқы ортасындағы серіктестік қарым-қатынастардың құрылу сапасына өз септігін тигізеді.

Slide 11

Қарым-қатынас маркетингінің негізгі идеясы - маркетингті басқару объектісі тұтынушы мәселелрін (мұқтаждықтарын қанағаттандыру) шешу емес, тұтынушымен (коммуникация) және алып-сату процесінің басқа да қатысушалырымен қарым-қатынас. Осы концепция төңірегінде тауарлар стандартталған, ал қызметтер бірегейлі болып келеді. Сәйкесінше, ол қаталанбалы маркетингтік шешімдерге алып келеді. Сондықтан тұтынушыны сақтап қалудың жалғыз тәсілі - ұзақ мерзімді серіктестік байланыстарды дамыту, тұтынушымен қарым-қатынасты дербестеу.

Slide 12

*Болжау әдістері


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында маркетингті басқару процессі
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР
Маркетингтің қағидалары және қызметтері
Интеллектуалды ақпараттық жүйелер
Банк маркетингі
Қазақстанның сауда жүйесінде маркетингті қолдану ерекшеліктері
КОМПАНИЯДА МАРКЕТИНГТІК
Білім беру ұйымындағы маркетинг
Бюджет және бюджеттік жүйе
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау қойылған мақсаттарға жету мақсатында әсер ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz