Білім беру әлеуметтік институт ретінде және оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары




Презентация қосу
Білім беру әлеуметтік институт ретінде
және оның қазіргі қоғамдағы
алғышарттары
Білім беру
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
әлеуметтік тәжірибені және білімді берудің
күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл
жүйелік білімді беру және ол өркениетті
қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер
мен элементтердің болуын талап етеді. Білім
беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім және
білім алушы, яғни оқытушы және оқушы
бар, ұйымдастырылған процесс. Осы
субъектілер болмаса білім беру процесі
болмайды. Білім беру процесі әлеуметтік
тәжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған
білімге, нақты материалдарға негізделген,
мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі және осы
мағынада қатысушылардың жаңа
білімдерді игеруі. Білім берудің әр
түрлі мақсаттары мен міндеттері
болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі әлемде,
көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз
қозғалады. Кәсіби білім берудің нақты
іске немесе кәсіпке үйрету ретінде
ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кәсіби
білім беру белгілі бір қолөнерге
немесе мамандыққа оқыту болып
табылады.
Социология ғылымында.
Білімді социология ғылымында
қарастыру ерекшелігіне көшсек,
социология білімді әлеуметтік
институт ретінде қарастырады.
Әлеуметтік институт — бұл
өздерінің нормалары мен ережелері
бар, белгілі бір қызметтер атқаратын,
қоғамдық өмірдің жеке
салаларындағы әлеуметтік
қатынастарды реттеп отыратын
институционалдық мекемелер немесе
ассоциациялар (ұйымдар).
С.С. Фроловтың айтуы бойынша,
«әлеуметтік институт — бұл мәнді
қоғамдық құндылықтар мен
процедураларды біріктіретін,
қоғамның негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын байланыстар
мен әлеуметтік нормалардың
ұйымдастырылған жүйесі»
Осылайша, социологияда әлеуметтік институт түсінігіне көптеген
анықтамалар беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын.
Егер де әлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын
болсақ, онда келесілерді көрсетуге болады:

норма мен статус енгізілген еркін жүйе;
әдет, дәстүр, іс-әрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы;
ресми және ресми емес ұйымдар;
қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын
нормалар мен мекемелер жиынтығы;
әлеуметтік іс-әрекеттер кешені.
Білім
— ол әлеуметтік институт, өйткені ол
өзінің тұрақты құрылымы, статусы,
нормасы, ережесі, символдары бар,
автономды түрде әрекет етеді. әлеуметтік
институтқа тән, басқа да белгілері бар.
«Білім беруге байланысты адамдар
әрекеттерін реттеуші және
ұйымдастырушы нормалар жиынтығы
білім берудің әлеуметтік институт болып
табылатынына куәлік етеді». Ең алдымен,
білім беру институциаландырылған,
заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен
мойындалған.
Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар:
1) білім беру;
2) әлеуметтендіру, тәрбиелеу.
В.И. Добреньков және А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп
көрсетеді:

• бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру және мәдениетті тарату;
• қоғам мәдениетін сақтау және жетілдіру;
• тұлғаның әлеуметтенуі, әсіресе, жастардың және олардың қоғамда
интеграциялануы;
• тұлғаның статусының анықталуы;
• әлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші
кезекте жастарды, оның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы қайта
өндіріледі және өзгереді, индивидуалды мобильділік;
• жастарды кәсіби бағыттауды және кәсіби таңдауды қамтамасыз ету;
• сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;
• әлеуметтік-мәдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу
және құру;
• әлеуметтік бақылау.
Қазіргі білім беру
Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға,
ғылыми жетістіктерге негізделген
және өзіндік күрделі әлеуметтік
құбылыс болып табылады. Білім беру
жүйелері ұлттық, аймақтық,
континенталдық, жаһандық және
әлемдік болуы мүмкін. Қазіргі білім
беру жүйесі ұлттық-мемлекеттік,
аймақтық болып бөлінеді. әзірге
әлемдік білім беру жүйесі жоқ, бірақ
оған көптеген әлем елдері ұмтылуда.
Ресейдің өзіндік білім беру жүйесі
бар. Бұл жүйе КСРО-дан мұра болып
қалған, бірақ бұнда уақыт талабына
сай келетін білім берудің
жаңартылған жүйесін құруға
бағытталған жаңа реформа басталды.
Ресей европалық, америкалық
немесе англосаксондық білім беру
жүйесінің ең үздіктерін қабылдауда.
Бірақ ол өзіндік ұлттық білім беру
жүйесін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасында жаңа білім
заңы 2007 жылы қабылданды. Білім беру
ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030»
Стратегиясының негізгі приоритеттерінің
бірі болып отыр. Қазақстандағы білім
беру реформаларының ортақ мақсаты
білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-
экономикалық ортаға бейімделуі болып
табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
республиканы кіргізу туралы мақсат
қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге
асыруда білім беру жүйесін дамыту
маңызды роль атқарады.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам
мен бала құқығын қорғау саласындағы
барлық негізгі халықаралық құжаттарға
қатысушы болып табылады. Бұл жоғары
білім саласындағы жалпыға бірдей адам
құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы
туралы Конвенция, Халықаралық
адамдардың экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтары Декларациясы, Болон
және Лиссабон Конвенциялары және
басқалар. Джомтьен мен Дакардағы
«Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік
форумының ұсынымдарын қолдау және
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан
«Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-
қимыл жоспарын қабылдады.
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Білімнің қызметтері әлеуметтік
Әлеуметтік институттар
Мәдениет саласындағы ғылымның функциялары
Қоғам және әлеуметтік институттар
Әлеуметтік институт, оның мәні
МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ
Философия ғылымның ғылымы немесе Философия - ғылымның патшайымы
Әлеуметтік институттың түрлері
Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру
Отбасының әлеуметтік функциялары
Пәндер