ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ
Презентация қосу
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ
Дайындаған: Андакулова У.Қ
Тобы: Фо-18к
Қабылдаған: Жекеева С.С
ЖОСПАРЫ:
• Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары.
Жасанды интеллекттің даму тарихы
• Жасанды интеллект жұмыс бағыттары
• Жасанды интеллект саласындағы
зерттеу
• Пайдаланылған әдебиеттер
Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары.
Жасанды интеллекттіңдаму тарихы.
Қазіргі кезде программистің жұмыс істеу сапасы дәрежесі
интеллектуалдық жүктеудің көп бөлігін компьютерлер орындағанда
ғана жоғары болады. Бұл аймақта максималды прогресске қол жеткізу
үшін «Жасанды интеллект» әдісі қолданылады, мұнда компьютер бір
типті және қайта-қайта жасала беретін операцияларды ғана
орындамайды, сонымен қатар өзі де үйренеді. Бұған қоса толық
қанағаттандыратын «жасанды интеллектіні» құру адамзатқа дамудың
жаңа деңгейлерін ашады.
Адамдарды олардың өздерінің ойлау механизмі әрқашан қызықтырған.
Адамды ақыл иесі ретінде ерекшелендіріп тұратын олардың
интеллектісінің бар болуы. Адам интеллектісі көптеген
компоненттерден тұрады, оның ішінде сыртқы ортамен байланысты
болатын сезім мүшелері, үйренуге икемдігі, бағалауға келмеутін
өзіндік белгілері болып үйренуге икемділік, жалпылау, тәжірибені
(білімді) жинау және өзгерістерге байімделу болып табылады.
Интеллектінің осы қасиеттерінің арқасында ми әртүрлі есептерді шеше
алады, сонымен қатар бір есептен екіншісін шешуге оп-оңай ауыса
алды.
• Интеллектісі бар ми интеллектуалды есептерді шешуге бағыттталған
болса, бұл процессті ойлау немесе интеллектуалды іс-әрекет деп
атаймыз. Интеллект және ойлау органикалық түрде дәлелдеу,
логикалық талдау, жағдайларды ажырату, іс-әрекетті, ойынды болжау
және белгісіздік жағдайында басқару сияқты тапсырмалармен
байланысты.
• Интеллект (intelligence) терминінің өзі латынның intellectus – білім,
ойлау, адамның ойлау мүмкіндігі деген сөздерінен шыққан.
• 40-жылдары есептеуіш машиналардың және кибернетикадағы
зерттеулер пайда болысымен адамның ойлау табиғаты туралы сұрақ
кибернетикалық аспектіге ие болды. Адамда интелллектуалды деп
атайтын іс-әрекеттерді машинада құруға ғалымдар барлық күштерін
салды. Бұл зерттеу бағыты «жасанды интеллект» деген атауға ие
болды.
• Жасанда интеллект (artificial intellence) – ЖИ (AI) автоматты
жүйелердің адам интеллектісінің бөлек бір функцияларын атқаруын
айтады. Мысалы, ертерек алынған тәжірибе және сыртқы әсерлерді
рационалды талдау негізіне шешімдерді таңдау және қабылдау.
• ЖИ өзінің пайда болуы және дамуымен есептеуіш машиналарға
тәуелді, әдетте бұл бағытты информатика және есептеуіш техника
аймақтарына жатқызады. Бұның бәрі Екінші дүниежүзілік соғыс
аяқталған соң барлық ойын есептерді және жұмбақтарды компьютер
көмегімен шешуден басталды. Осы алғашқы тәжірибелер негізінде
туған фундаменталды идея күйлер кеңістігінде іздеу деген атқа ие.
• Сонымен, интеллект деп – мидың қабылдау, еске сақтау және
бағытталған түрде білімді оқу барысында түрлендіруді пайдалана
отырып тәжірибе және түрлі жағдайларға байланысты адаптациялану
негізінде интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін атайтын
боламыз.
• Біз интеллектуалды есеп терминін қолданған болатынбыз.
Интеллектуалды есеп жай есептен несімен ерекшеленетіні түсіндіру
үшін кибернетиканың негізгі терминдерінің бірі – «алгоритм» терминін
енгізу керек.
• Алгоритм деп кез-келген есепті шешу үшін арналған операциялар
жүйесінің белгілі бір ретпен орындау туралы ереже. «Алгоритм»
термині IX ғасырдың өзінде қарапайым арифметикалық алгоритмдерді
берген өзбек математигі есептер класы шығарылған болып есептеледі,
егер олар үшін алгоритмдері белгіленген болса.
• Алгоритмдері белгіленген есептерге келетін болсақ, ЖИ облысында
белгілі маман М.Минский байқағандай, оларды интелллектуалды деп
атау артық. Шынында, алгоритм белгіленген соң, сәйкес есептердң
шешу процесі оны тура солай есептің мәнінде хабарсыз адам да,
есептеуіш машина да немесе робот та орындай алады. Жалғыз талап,
есепті шешуші процесс элементарлы операцияларды орындай
алатын жағдайда болуы керек және берілген алгоритмді ұқыпты түрде
басшылыққа алуы керек. Ондай адам машиналды түрде жұмыс істей
отырып қарастырылып отырған типтегі кез-келген есепті шығара
алады.
• Сондықтан интеллектуалды есептер класынан шешуінің стандартты
әдістері бар есептерді шығарып тастау өте дұрыс сияқты. Мұнда
есептердің мысалы ретінде есептеуіш есептерді алуға болады:
сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің шешуі, диф. теңдеулерді
интегралдау, т.б. Бұндай есептерді шығаруға арналған стандартты
алгоритмдер бар, олар есептеуіш машина үшін арналған программа
ретінде берілген элементарлы операциялардың белгілі тізбегін
құрайды.
• Осылай, интеллект анықтамасын белгілі есептерді шешуге арналған
алгоритмдерді құратын универсалды жоғары дәрежелі алгоритм.
• Басқа да анықтамалар да бар. Колмогоров бойынша ғылым, әдебиет,
мәдениет мәселелерін талқылауға болатын кез-келген материалды
жүйе интеллектіге ие. Тьюринг былай түсіндірген: әр түрлі
бөлмелерде машина мен адамдар бар.
• Айтпақшы Тьюринг берген ойлауды имитациялау жобасы
қызығушылық тудырады: «Ересек адам интеллектісін имитациялауға
талпынып, біз адам миы қазіргі күйге қалай жеткені туралы көп
ойлануымыз керек... Неге біз ересек адам интеллектісін
имитациялайтын программа жазғанша, кішкене бала интеллектісін
имитациялайтын программа жазбасқа? Егер баланың интеллектісі
дұрыс тәрбие алатын болса, ол ересек адамның интеллектісі болмай
ма? Біздің есептеу бойынша оған сәйкес келетін құрылғы оңай
программаланып қойыла алады... Осылай, біз мәселені екі бөлікке
бөлеміз: «бала-программа» және осы программаны «тәрбиелеу»
программасы.»
• Ілгерілеп айтатын болсақ, осы жолды барлық дерлік ЖИ жүйелері
қолданады деуге болады. Барлық білімді күрделі жүйеге енгізу
мүмкін емес пе? Және де тек осы жолда ғана жоғарыда айтылған
интеллектуалды іс-әрекет белгілері байқалады.
Жасанды интеллект жұмыс бағыттары
• Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді.
• Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды
әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын
меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды
дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі
техника көмегімен жасайды.
• Жасанды интеллектінің екінші бағыты
интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық
және психологиялық механизмі туралы
мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-
әрекетін қарастырады.
Жасанды интеллект саласындағы зерттеу
• Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық
құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына
проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептеу
сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік
беретін ғылыми-зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30
жыл бойы жүргізілуде.
• ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭЕМ-нің жасалуынан деп
есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы
тиіс болды. 60-ждылдардың аяғында ЖИ-дің міндеттерін
әдістемелік шешуі өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері
имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті
бағдарламала әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық-
бағыттаушы әдістері базасында жүзеге асады.
• Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар
болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді
іздестіруді өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен
түсіндіріледі. Сонымен бірге мезгілде ЖИ-ді жасанды ортадан
ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасады. Сыртқы дүниені
модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды
роботтардың пайда болуына әкелді, бұл бастапқыда
технологиялық үдерістерде белгілі бір операцияларды
орындауға, адамға өте қауіпті ортада жұмыс істеуге тиіс болды.
• 70-жылдардың бас кезінде ЖИ-де символдық тәсіл
негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер
жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді
мүмкіндік беретін адам-машина жүйелерін жасау
қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше
қарқынмен дамыды. СЖ – әртүрлі салалардан білімді
анықтауға, жинауға және түзетуге, және осы
білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда, егер
оңтайлы болмағанның өзінде, барынша тиімді болып
есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
• СЖ сарапшылар тобының белгілі бір пәндік саладағы
шеңберде білімін пайдаланады, сарапшы ретінде
нақты мамандар тартылады, олар ЭВМ-мен
соншалықты таныс болмауы да мүкін. Қазіргі кезде
ЖИ бойынша жұмыстардың жалпы көлемінде ЖИ
үлесі 90% құрайды.
• Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша
қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:
• 1. Медициналық диагностика, оқу, кеңес беру
• 2. ЖИ-ді жобалау
• 3. Әр түрлі салаларда міндетті шешу бойынша
пайдаланушыларға көмек көрсету
• 4. Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен
талдау
• 5. Өте үлкен интегралды схемаларды жобалау
• 6. Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика
және ұсыныстамаларды жасау 7. Әртүрлі пәндік салаларда
жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде
статистикалық әдістер негізінде
• 8. Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы
қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• www.45minut.kz
• www.dipls.ucoz.kz
• www.infust.kz
• www.wikipedia.org
• www.dir.yahoo.com
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz