Бөліп шығарушы ұлпа
Презентация қосу
БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ
ҰЛПАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
ОРЫНДАҒАН :КӨПБОСЫН ЖАЙНА
ҚАБЫЛДАҒАН : ЖАНАР АЛЬ-ФАРАБИҚЫЗЫ
ТОП:5101-10
• Жоспар:
• Бөліп шығарушы ұлпа дегеніміз не?
• Бөліп шығарушы ұлпаның түрлері
• Бөліп шығарушы ұлпаның қызметі
• Пайдаланылған әдебиеттер
• Бөліп шығарушы ұлпа- тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік
мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын
және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді
қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер,
жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б.
Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді.
Бөліп шығарушы ұлпа
Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа
жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы
қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ
сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық
жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып,
қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған
жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар
тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар
өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде
түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы
ұлпа дейді.
Бірнеше қызықты ақпараттар:
1. Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдік мүшелерінің әр жерінде
шашыранды орналасқан.
2. Бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды
жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.
3. Гидатодтар - сыртқа тамшы сұйық суды және онда еріген
тұздарды бөліп шығарады.
БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПА ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ
• Бөлінетін заттардың біразы өсімдіктің ішінде қалса, біразы сыртқа
шығарылады. Сондықтан олар ішке бөлетін және сыртқа
шығаратын ұлпалар деп екіге бөлінеді.
КЕРЕКСІЗ ЗАТТАРДЫ ІШКЕ БӨЛІП
ШЫҒАРУШЫ ҰЛПА
Ішке бөліп шығарушы
ұлпалар – шайыр жолы, эфир
майы өзегі, сүт жолдары. Сүт
жолы өсімдіктің барлық
мүшесінде орналасқан. Сүтті
шырын – ақ және сары түсті
қоймалжың сұйықтық. Оның
құрамында көмірсулар, майлар,
нәруыздар бар.
КЕРЕКСІЗ ЗАТТАРДЫ СЫРТҚА БӨЛІП
ШЫҒАРУШЫ ҰЛПА
• Заттарды сыртқа бөліп
шығарушы ұлпалар:
• Домалақ басты түктер
• Жабысқақ безді түктер
• Жабысқақ безді қабыршақтар
• Шірнеліктер
• Қосымша гидатодтар
• Гидатодтар.
• Бұл сулы устьицалар, эпитема жасушалары, жапырақтың өткізгіш
ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың
шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында
орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп
шығарады.Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуаттация деп
аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су
жиналған кезде (шық) байқалады. Гуаттация арқылы өсімдік өзінің
денесіндегі артық судан және тұздан арылады.
• Домалақ басты түктер жабын
ұлпаның өңінен пайда болады, эфир
майын бөледі. Сондықтан өсімдік хош
иісті. Мысалы, қазтамақ (пеларгония)
өсімдігінің жапырақтары мен
сабақтарындағы түктер эфир майын
көп бөледі. Мәдени түрде өсіріледі.
Эфир майын иіссудың, сабынның,
бетке жағатын майдың, шаш жуатын
сұйық сабындардың құрамына
қосады.
• Жабысқақ (безді) түктер мен безді
қабыршақтар – көп жасушалы.
Бөлінетін заттар жасуша қабықшасы
арқылы сыртқа шығарылады. Безді
жасушаларда тез ұшқыш эфир майы
жиналады. Мысалы: безді жасушалар
шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ
(лавр), магнолия жапырақтарында,
шүйіншөптің (валерьяна)
тамырларында, қабықта көп.
• Шірнеліктер гүл тостағаншасы, күлтесінің
түбіне, аналық жатынының қабырғасына, гүл
табанына орналасқан. Пішіні мен құрылысы
әр түрлі (түтік, шырынды өсінді, күлте
тәрізді жалпақ және т. б.). Шірнеліктерден
бөлінетін шірненің құрамындағы қант,
витамин, минералды заттардың ерітіндісі,
хош иістері бунақденелілерді еліктіреді.
• Мандарин, апельсин, лимон қабықтарын
қолмен қысып қалса, эфир майы шашырап
шығады. Осы жиналған эфир майына сіріңке
шақса, дереу жалын пайда болады.
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
• Әдебиеттер:Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен
морфологиясы. Алматы, «Санат» 1998.2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы,
2004.3. Мұсақұлов Т. Ботаника. – Алматы, 1975
• Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік.. Өсімдік ұлпалары туралы жалпы
түсінік.. [1]Биология пәнінен сабақ жоспары 6 сынып 51 сабақ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz