Қарахан мемлекетінің құрылуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Презентация

Тақырыбы:Көне Тараз қаласы

Орындаған:Асатай Ә

Тобы:Еп-19-3к4

Қабылдаған:Тасполтаева М

Шымкент- 2021

Slide 2

Қарахан мемлекеті X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде құрылған қуатты мемлекет. Орталығы - Баласағұн қаласы. Кейіннен - Тараз қаласы болды. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған.

Қарахан мемлекетінің құрылуы

Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғрахан Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.

Slide 3

Тараз - ежелгі қала, үлкен руханият орталығы. Ірі сауда-саттық орны болған. Тараз тарихы бай, жері құнарлы, табиғаты көркем қала. Тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан осы қала туралы Шығыстық көне жазбаларда деректер көптеп сақталған. Оларда қаланың атауы «Тараз», «Талас», «Далоосэ», «Ианги» деп аталғаны жөнінде мәліметтер кездеседі.

ІХ ғасырдың бірінші жартысында математик және географ Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми «Китаб сурат ал-ард» атты шығармасында: «Тараз бұл көпестер қаласы» деп жазған. X ғасырдағы араб географы Әл-Мақдиси: «Тараз - бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр», -деп жазады. Яғни бұл кезең Тараз шаһарының гүлденген дәуірі. Оның саяси орталыққа айналып, батыспен шығысқа қақпа болуына Қарахан мемлекетінің үлесі көп болды.

Slide 4

Әлемдік өркениеттен ойып орын алған бұл қала жайындағы мəлімет алғаш рет б. д. д 100 жылдықтағы қытай деректерінде айтылады. Қаланың ең алғаш ірге тасын қалаушы Ғұн Тәңірқұты Шөже дейді қытай деректері. Алғашқыда жай ғана бекініс ретінде Талас өзенінің бойынан тұрғызылған Тараз қалашығы - уақыт өте келе көркейіп, гүлденген ірі қалаға айналады. VI ғасырда Ұлы Түркі қағанаты Батыс иелігінің саяси орталығы болып, Парсылық және Византиялық елшілерді қабылдайды. Міне, осы кезеңнен бастап Тараз батыс елдерінің деректеріне түсе отырып, әлемдік тарихи сахнаға енеді де, «Жібек жолы» бойындағы ірі де маңызды қалалардың бірі ретінде саналады. Кейіннен Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан қағанаттарының саяси-мәдени астанасы болып, ғылым мен білімнің, қолөнер мен сауда-саттықтың ордасына айналады. Әсіресе, Қарахан империясы дәуірінде шарықтау мен гүлденудің ең биік дәрежесіне жетіп, білім мен ғылымның және ортағасырлық мәдениеттің озық үлгісі болған сәулет өнерінің дамуына ықпал етті.

Slide 5

2000 жылдық тарихы бар қала ерте кезден сауда өнеркәсібінің орталығы болып, талай жыл мәдени жәдігерлердің музейіне айналды. Мұнда сонау ерте кезден қала мәдениеті қалыптасып, Қарахан мемлекеті тұсында үлкен сауда-өнеркәсібінің орталығына айналып, Ұлы Жібек жолының қаласы пайда болды. Шаһарға Индия, Орталық Азия, Иран, Ирак және де көптеген мемлекеттерден сауда көпестері келіп, бір-бірімен байланыс орнатты. Шығыстан батысқа, батыстан шығысқа шыққан керуен жолдары арқылы Тараз қаласына ақындар мен жазушылар, ойшыл ғалымдар, дің таратушылар, миссонерлер, өнерпаздар келіп, өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрін жандандырды. Тараздың көне қала тарихына жоғарыда айтқандай Қарахан мемлекеті едәуір үлкен табыстар қосты. Көне шаһардың құнды жәдігерлері қатарына қарахандықтардың тигізген пайдасы көп. Қарахан дәуірінен қалған моншалар, ескі қала орындар, ғасыр ескерткіштеріне жататын «Қарахан мазары», «Айша Бибі» мазарлары соның айқын дәлелі. Тараздың ерекше гүлденіп, қала ретінде үлкеюіне Қарахан әулетін басқарған өкіл Сатұқ Қарахан ерекше үлес қосты. Оның ұлы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы Тараз қаласында исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осылайша қала әр ғасырдың айтулы тарихи өзгерістерін басынан кеше отырып, мол мұрасымен, құнды жәдігерлерімен біздің заманымызға жетті.

Slide 6

1927 жылы М. Массон Тараз қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, тарихи деректер арқылы көне қаланың орнын анықтайды. Одан кейінгі қазбалық зерттеуді 1936-1939 және 1979 жылдары Н. А. Бернштам бастаған археологиялық топ жүргізеді. Осы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген көне жәдігерлер мен тарихи мұралар табылады, сонымен қатар, әлемдік өркениеттің озық үлгісі боларлық өте керемет сәулет өнерінің бірі - ортағасырлық Тараз моншасын табады. Монша - күйдірілген кірпіштен тұрғызылған 6 бөлмеден тұратын болып шығады. Қазба жұмыстарының қорытындысына қарағанда үш бөлменің қабырғалары геометриялық өрнектермен, ал екі бөлменің қабырғалары мен жуынатын астауы сегіз бұрышты өрнекті сары бояумен, оның айналасы қара бояумен көмкеріліп, ал алтыншы бөлменің кабырғалары ақ, қызыл, сары бояулы тақталармен қиылыстырылып жасалған. Төбеден түскен қалдықтарға карағанда монша көп күмбезді болған, моншаның еденінен Х-ХІ ғасырлардағы 17 көне тиын ақша, өте жақсы сақталған шырағдан табылады.

Slide 7

Ең қызығы қазба барысында табылған аумағы кішкене қыш құбырлардың көпшілігінің өзегінде онымен ыстық су жүргендігін дәлелдейтін ақ дақтардың іздері сақталыныпты. 2-3-ші бөлмелердің астында жылу жүретін жолдар бар. Мұның өзі моншаға келгендердің аяғы астында жылу болған. Еден астындағы жылу құбырлары қабырғаларының нақышына келтіріліп, әсем әрі берік қалануы олардың осы уакытқа дейін бұзылмай сақталуына мүмкіндік туғызған.


Ұқсас жұмыстар
Мемлекет құрылуы
Айша бибі
Қарахан және Қарақытай мемлекеті
Қарахан мемлекеті
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Қарахан кесенесі
Қарахан мемлекетінің мәдениеті
Қарахан мемлекеті жайлы
Наймандар мемлекеті
Қарахан мемлекетінің құрұлуы мен қоғамдық құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz