АҚТӨБЕ 2021 әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді дайындау кезеңі




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

<ӘЛЕУМЕТТАНУ> ПӘНІ БОЙЫНША ОСӨЖ №3 ТАҚЫРЫП:ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ

ОРЫНДАҒАН:ЖАРЫЛҚАСЫ
ТЕКСЕРГЕН:ЖАЛМАҒАНБЕ

АҚТӨБЕ 2021
әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді дайындау кезеңі;
алғашқы әлеуметтанулық мәліметтерді жинау;
жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау және оны өңдеу;
өңдеуден өткен мәліметтерді талдау, зерттеу қорытындысы
бойынша есеп дайындалып, қорытындылар жасап, ұсыныстар жасау.
Әлеуметтанулық зерттеулер бір бірімен тығыз байланысты, бірін
бірі алмастырып отыратын, ұйымдастыру жағынан автономды
болып табылатын кезеңдерден тұрады:
Бағдарлама зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік және
ұйымдастыру техникалық мәселелерін толық анықтайтын
негізгі ғылыми құжат. Бағдарлама қарастырылатын проблеманы,
зерттеудің мақсатын, міндетін, зерттеу нысанын, пәнін дәл
анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге, болжамдар жасауға,
қолданылатын ұғымдардың түсініктемелерін беріп, оларды
тексеруден өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұлардың барлығы
бағдарламаның әдіснамалық бөлімінде ашылуға тиісті.
Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы: әлеуметтанулық білімінің дамуын
және бағалаудың, зерттеу жүргізудің нормалар жүйесі мен реттеу
принциптері мен ұйымдастыру әдістерінің жиынтығы.
Әлеуметтанулық зерттеу әдісі:
әлеуметтік фактілерді анықтайтын, өңдеу және талдау ісінде
қолданылатын операциялардың, тәсілдердің, процедуралардың жиынтығы.
Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізуге қажетті
қызмет әдістері, дағдылары, ептілік, шеберлік т.б. жиынтығы “зерттеу
техникасы” деп аталады.
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы екі мәселені шешеді:
Бастапқы теориялық баптарды зерттеудің құрылымына
айналдырудың жолын табу.
Алынған фактілерді эмпиристік материалдар деңгейінен
теориялық қорытындылау деңгейіне көтеру. Зерттеулер
тәжірибелік ұсыныстар берумен шектелмей, теорияның өзін де
дамытудың негізіне айналуы керек.
Әлеуметтанулық зерттеулерді зерттеу пәнін талдаудың
тереңдігіне, масштабына, шешілетін міндеттердің күрделілігіне
қарай бөледі. Зерттеулердің негізгі түрлері:
барлаулық зерттеулер;
сипаттамалық зерттеулер;
сараптамалық зерттеулер
Барлаулық зерттеулер: әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым түрі. Бұл
зерттеудің барысында мазмұны жағынан шектеулі міндеттер
шешіледі.Азғантай жиынтық зерттеледі, қарапайым бағдарламаға
негізделеді.
Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің
құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар
адамдардың үлкен топтары.
Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің
құрылымдық элементтерін сипаттаумен шектелмей, олардың себептерін,
үрдіске араласқандардың тәртібін, объектіге жаңа сипат, қасиет беретін
факторларды ашуға бағытталған.
Қоғамдағы әлеуметтік үрдістер мен құбылыстар туралы фактілер жинақтаудың кеңінен
тараған әдістерінінің қатарына: бақылау, сауалнама, сұхбат, құжат талдау, эксперимент
талдау.
Бақылау - зерттелетін әлеуметтік фактілерді әдейі, мақсаттық түрде, жүйелі, жоспарлы,
тікелей қабылдап жазып отыру арқылы мәліметтер жинақтау әдісі. Ғылыми бақылаулардың
ішінен кеңірек тарағаны іштен бақылау. Зерттеуші зерттелетін субъектінің ішінде өмір сүріп
немесе жұмыс істеп жүріп ғылыми зерттеу жүргізеді. Осы әдісті қолданудың классикалық
үлгісін әлеуметтанушы У.Уайттың зерттеуінен көреміз.
Эксперимент - құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды ашуға бағыттылған
әлеуметтік мәліметтерді бақыланып, басқарылатын жағдайда жинақтау әдісі. Көбіне
тәжірибешінің оқиғалардың табиғи барысына араласу арқылы жүзеге асады. Оның түрлері:
натуральды, ойша. Натуральды тәжірибе аз топпен жүргізіледі, және оның екі түрі бар:
бақыланатын, бақыланбайтын.
Сауалнама - арнайы құрастырылған сұрақтар арқылы, ғылыми әдіспен таңдаланып
алынған респонденттердің пікірлерін анықтап, адамдар тәртібі, ұстанымдары туралы жүйелі
мәлімет жинау әдісі. Сауалнама барысында зерттеуші белгілі бір адамдар жиынтығымен
зерттелетін мәселелер бойынша ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы сөйлесіп,
алынған мәліметтерді тізіп, статистикалық өңдеуден өткізіп теориялық тұрғыда түсіндіреді.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде
Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы
Айнымалы шамаларды анықтау
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
Ежелгі грек этикасы
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
Бақылау әдісі
Сапалық зерттеудің негізгі әдістері
Пәндер