Ұлт - зиялыларының өмірі туралы мағұлмат




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

<ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТАРИХЫ> ПӘНІ БОЙЫНША ОСӨЖ №1
ТАҚЫРЫП:ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ІС-
ӘРЕКЕТТЕРІ (ЖОБА)

ОРЫНДАҒАН:
ЖАРЫЛҚАСЫНОВ АМАНҚОС 1-КУРС,Г-104 СТУДУЕНТІ
ТЕКСЕРГЕН:
Т.Ғ.К. АЛИКУЛОВА Н.С.
АҚТӨБЕ 2021
МАЗМҰНЫ:
1.Ұлт-зиялыларының өмірі туралы мағұлмат.
2.Ұлт-зиялыларының қалыптасуы.
3.Әлихан Бөкейхановтың саяси іс-әрекеттері
4.Ұлт-зиялыларының мемлекет үшін істеген іс-әрекеттері.
5.Қорытынды
Ұлт-зиялыларының өмірі жайлы мағұлмат

Міржақып Дулатов(1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері,
ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Алаш қозғалысының негізін қалаушысы.Туған жері
— Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді
ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған,
ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.
Әлихан Бөкейханов (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27
қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам
және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын
жетекшілерінің бірі. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек
ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ
тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың
реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін
ақылды да беделді адам болған.
Ұлт-зиялыларының қалыптасуы.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани
өміріне терең әсер етті.

Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша
өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік
қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған , құбылыстар
қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық
сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялар, ой-пікірлер мен көзқарастар қалыптаса
бастады. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс
болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені
күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық
жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы
халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Әлихан Бөкейхановтың саяси іс-әрекеттері
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген
отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық
қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес
тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси
әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси
белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси
көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық
қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына
Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ
бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің
отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы
петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші
Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының
негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау
үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол
қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық
көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл,
панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан
бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей
империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын
жағдай жасау керек деп білді.
Баркүш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары
мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп,
бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек
ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916
жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді.
Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл
мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында
жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының
және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ұлт-зиялыларының мемлекет үшін істеген іс-әрекеттері
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп
келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ
халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы
көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі
жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш
қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар
ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат
жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан
«Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет
етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне
қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы
күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы
және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан
күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына
кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете
қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов,
Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы
ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық
қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты
Қорытынды

Орыс үкіметінің озбырлығына шыдамаған қазақ зиялылары
партиялар ашып,қозғалыстар жасаған.Қалайда болмасын қазақ
халқына тиісті жерді аман алып қалуға бар күшін
салған.Сондықтан да біз қазақ зиялыларының біз үшін жасаған
ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек.
Пайданаланылған әдебиеттер тізімі:
https://kk.wikipedia.org/wiki/
https://stud.kz/referat/show
https://edu.e-history.kz/kz/publications

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс картасы
Атаулар сөздігі
Тарихи ірі көтерілістер
Қазақ Ағартушылығы феномені
Қазақ газеті туралы дерек
Қазақстанда ұлт - азаттық сананың өсуі
Ескерткіш астанасы Алтын адам
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау жайлы
Азаматтық және ашаршылық қозғалыс
Пәндер