Фразеологиялық тіркестер


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира

Тексерген: аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.

Шымкент, 2021

Фразеологизм - жеке ғылым саласы

Slide 2 Slide 3

Фразеология - құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып қолданылатын, мағына тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы. Фразеологияның тіл біліміндегі фонология, морфология, лексикология және синтаксис салаларынан ерекшелігі - ол «тарихи тұрғыдан тіл туралы ғылымның екіншілік жасалымы». Оның зерттеу нысанасы - «сөздер мен сөйлемдердің мағыналық жағынан байланысты тіркесімі» болып табылатын фразеологизмдер мен фразеологиялық бірліктер.

Slide 4

Фразеологиялық семантиканың зерттеу объектісі

Фразеологияның зерттейтін пәні - фразеологиялық оралымдар. Оларды фразеологизмдер, фразеологиялық бірліктер немесе фраземалар деп аталады.

Фразеологиялық семантиканың мақсаты - адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің терңдігіне, оның танымы мен ойлауына, интуициясына сәйкес тұрақты тіркестердің негізгі мәнін ашу.

Зерттеу нысаны - сөздер мен сөйлемдердің мағыналық жағынан байланысты тіркесімі болып табылатын фразеологизмдер мен фразеологиялық бірліктер.

Slide 5

Ш. Балли фразеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі идеяны ғылымға алып келді.

Е. Д. Поливанов алғаш рет фразеологияның тіл білімінің фонетика, морфология және т. б. деңгейлерімен бірдей «терезесі тең» ерекше сала ретінде орнығатындығын айтқан.

В. В. Виноградов фразеолгияның Ресей топырағындағы дамуы мен жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуіне ықпал етті.

Фразеологизмнің зерттелу тарихы

Slide 6

Фразеологизмдердің үш белгісін атап көрсетеді:

Мағына тұтастығы

Тіркес тиянақтылығы

Қолдану тиянақтылығы

Осы аталған үш белгіге сүйене отырып, бүкіл қазақ тілінің фразеологизм құбылыстарын ең негізгі үлкен екі арнаға бөледі:

Фразеологиялық түйдектер

Фразеологиялық тіркестер

І. Кеңесбаев

Slide 7

Түркі тілдерінің тұрақты сөз тіркестерін зерттеуші С. Н. Мұратов тұрақты сөз тіркестерін төрт топқа бөліп көрсетеді:

Күрделі сөздер

Лексикаланған сөз тіркестері

Грамматикаланған сөз тіркестері

Фразеологиялық единица:

1) Лексика-фразеологиялық типтегі идиомалар

2) Нағыз фразеологиялық типтегі идиомалар

3) Тұрақты фразеологиялық формалар

Slide 8

Фразеология теориясында бүгінгі таңда төмендегідей әдістер қалыптасқан:

құрылымдық-семантикалық моделдеу әдісі

семантикалық-синтаксистік моделдеу әдісі

құрылымдық-ұялық әдіс

валенттілік әдіс

семантикалық-диахрониялық әдіс

эквиваленттік әдіс

функционалды-коммуникативтік әдіс

сипаттамалы лексикографиялық әдіс

Slide 9

Фразеологиялық бірлік - фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағыналық байланыста болатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу (молшылық) . Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған танадай (жым-жырт тыныштық) .

Фраземадағы номинация тұтастығы дегеніміз - фраземаның күрделі объективті болмысы тұтас, бөліп-жармай тізбектеп, бейнелеп көрсете алу қабілеті.

Slide 10

Қорыта айтқанда, фразеологиялық семантиканы когнитивті лингвистикамен байланыстырамыз. Бұл дұрыс-ақ! Себебі, когнитивті лингвистика адам, таным, тіл және адамды бірге қарастырады. Ал, фразеологиялық семантика да тікелей адамның танымына, мағынаны тануына қызмет етеді. Менің қысқаша ойым осындай!

Slide 11

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы
Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы
Мақаланың жазылуы және оған қойылатын талаптар
Еркін сөз тіркестері Тұрақты тіркестер
Еркін сөз тіркестері
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
АУДАРМА СӨЗДІК
Фразеологиялық бірліктердің мағына тұтастығы
Дене мүшелері. Фразеологиялық тіркестер мақал-мәтелдер жаңылтпаштар
Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz