Фразеологиялық бірлік - номинативті тілдік бірлік



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Фразеологиялық бірлік - номинативті тілдік бірлік

Жоспар:
Фразеологиялық бірліктің қайнар көзі
Фраземалардағы ұлттық көрініс
Тіл мен миф арасындағы байланыс
Лингвоэписистема, лингвокультурема терминдерінің пайда болуы

Фразеологиялық бірлік болып табылатын фраземалар дегеніміз - құрамындағы лексикалық компоненттер мағыналары мен оның тұтас мағына ларының еш байланысы жоқ, ауыспалы, бейнелі мағынадағы сөздердің тұрақты тіркесі. Мәселен, ит арқасы қиянда фраземасы «өте алыс», мұрнынан шаншылу «қатты шаршау», аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу «долданып ұрсу» және т. б. фраземаларының тұтас, ортақ мағынасы оның құрамындағы сөздердің компоненттік мағынасымен еш байланысы жоқ.
Фразеологиялық бірлік әу бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан пайда болады. Фразеологиялык тұтастықтан айырмашылығы сол, мұнда жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына, яғни фразеологиялық мағынаның жасалуына негіз болған еркін тіркестегі бастапқы лексикалык мағына айқынырақ көрініп тұрады. Мысалы: ит көйлекті бұрын тоздырған, ескі жаранын аузын ашты, көз көрмес; құлақ естімес жер, ит байласа тұрғысыз т. б.

А. В. Куниннің ойы бойынша фразеологиялық бірлік - бұл толықтай немесе жартылай қайта қарастырылған мағынасы бар тұрақты лексемалардың байланысы.


Фраземалардағы ұлттық көрініс

Этнонимдік фактор. Этноним - ру, тайпа, халық аттары. Олардың қалыптасу жолы алуан түрлі. Бірде жерге, бірде ұлы көсемдерге қатысты қалыптасса, кейде, тіпті, киімнің бір бөлігі де халық атауына себепкер болады. Мысалы, сөз маржаны тобықтыдан табылады, бөз арзаны Бұқардан табылады; қазақ болсаң керей бол, алты алашқа мерей бол, т. б.
Діни фактор. Діннің басты қызметі адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір қалыпқа келтіру. Адамға белгілі бір шектеулер қою үшін адамды жаратушының алдында бас июге мәжбүр етті. Ал жаратушының қаһарынан қорқу немесе оның қолдауын қажетсіну белгілі бір реттілік бойынша атқарылатын дәстүрді, әдет-ғұрып жүйесін қалыптастырды. Мысалы: алла жар болу; періштенің құлағына шалыну, т. б.
Психикалық фактор. Ұлттық мәдениеттің негізгі бір факторы - этностың «психикалық қалпы». Ұлттың психологиялық ерекшеліктері табиғи материалдық жағдайлардың нақты көрінісімен адам санасында қалыптасады. Мысалы: Абылай аспас асу бел; Тар жол тайғақ кешу; «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», т. б.
Жоғарыда көрсетілген факторлардың әсерінен ұлт психологиясы өзгеріп отырады. Ұлттық психологияны өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлдархан Смағұлова: «фраземалардағы ұлттық көрініс ұлттың жан-күйімен тығыз байланысты», - деп ұлттық жан, күй үйлесімі үш бірліктен тұрады дейді. Олар:

Халық танымымен байланысты мифологиялық ойлаудың көрінісі тілде жатыр. Тіл мен миф байланысы («тіл қатып қалған, солған мифтің бейнесі» В. Шеллинг), «мифке қарағанда тіл бірінші» (М. Мюллер), «олар бір-бірінен ажырамайтын символдық формалар» (Э. Кассирер) ғасырлар бойы көптеген данышпан иелерін ойландырған. Мифологиялық болжам тіл феноменінің түрлі қырларын түсіндіруге жол аша алады. Әр түрлі мәдени мұраларға ие халық үшін тіл өзінің туған, ұлттық мәдениетін дәріптеуші, оны өзге, жат мәдениеттен қорғаушы, басқа халықтың, ұлттың кірігушілігіне жол бермеуші құрал болып табылады.
Тіл мен миф арасындағы байланыс

1. Тіл адамдардың өзара түсінісуі үшін жұмсалатын коммуникативтік қызметі арқылы екеуара сөйлесетіндер үшін кез-келген құбылыс, зат атауларының түсінікті болуы.
2. Тіл тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің заттық жəне рухани мəдениетінің сол ұлтқа тəн төл-тума қасиеттерін жинақтап, сақтау арқылы келесі ұрпаққа жеткізеді. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп атайды.
3. Тіл əлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптастырады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz