Фраземалардың жасалу көздері



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Фразеологизмдердің этномәдени танымдық сипаты

Фраземалардағы сақталған ұлт мәдениеті
танымдық нышандары
Фразеологизмдердің этномәдени танымдық сипаты
Фраземалық варианттылық
Фраземалардағы ішкі форма мәселесі
Фраземалардың жасалуы көздері
Жоспар:

Фраземалардағы сақталған ұлт мәдениеті
Ұлттық мәдениет ұлттың жан-күйімен тығыз байланысты. Ұлттық жан, күй үйлесімі үш бірліктен тұрады. Ол: ұлттық мінез, ұлттық сезім, ұлттық салт-дəстүр.
1.
2.
3.

Тілдегі этнофразеологизмдер халықтың дүниетанымы, болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті сол халықтың тіршілігінен өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясынан, әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Мысалы, қол қусырып қой сою - құрмет көрсету, қонақжайлылықты білдіреді; құрсақ шашу, бетке ұн жағу, құда түсіп, құйрық жеу сияқты этнофразеологизмдер келін немесе күйеу баланың келу құрметімен байланысты. Бұл танымдық нысаны қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашады.
Таным үрдісінде адамзатқа, ең алдымен шындықты көркем түрде бейнелеу қажеттігі туады. Соның әсерімен жасалған көркемдік әлем адам баласының үйлесім мен жарасымдылыққа ұмтылысын қанағаттандырады. Осыдан кейін ғылыми талдау мен қорыту, дерексіз ұғымдар мен түсініктерді белгілеуге мүмкіндік беретін таным жолы ашылады. Осыған сәйкес, тілде қалыптасқан материалдар көрсетіп тұрғандай, қоян семасымен жағымсыз (қорқақ, ұсқынсыз, шыдамсыз) ассоциация халық дүниетанымында көбірек сақталған. Ал орыс тілінде қоян (заяц), бір жағынан, рухтар әлемімен, жағымсыз күшпен байланысты, сондықтан да оның атын атамай табу түрінде косой (қыли) деп те атаған. Екінші жағынан, қоян ұғымы күн, жарық символымен тікелей байланысты. Мысалы, солнечный заяц (күн қоян) (Р. А. Авакова) .
танымдық нышандары

Мәдениет қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл - мәдениеттің шындығы мен көрінісі болмақ. Халықтық мәдениеттің ең нәзік ұшқындары, өрнектері тілде көрініс береді. Тіл құдіретін, оның табиғатын түсіне, сезіне білген адам - рухани дүниесі бай, мәдениеті жоғары адам болмақ. Халық - таяқ еттен өтсе, сөз сүйектен өтеді; өнер алды - қызыл тіл деп, сөздің сиқырын айтса, сөзге жүйрік; тілінен бал тамған; тілдің майын ағызған және т. б. тіркестер сөз өнерін бағалай білген, сөзге қонақ бергізіп, шешендікті бағалай білген халық туралы айтады.
Ғалым Ә. Қайдар: «этнолингвистиканың негізгі зерттеу объектісі этнолексика, олардың көпшілігі тілімізде көп қолданылатын фразеологизмдер және мақал-мәтелдер екенін баса айтады. Олар бара-бара тұрақталып, мағыналық өзгеріске ұшырауы салдарынан этнофразеологизм және мақал-мәтел дәрежесіне көтеріледі. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді», - дейді. Мәселен, азан айтты, бас құда, қалың мал, дөнен қымыз, шаңырақ көтерді, тұсау кесті, қырқынан шықты, үйірімен үш тоғыз секілді фразеологизмдер өзге ұлттарда кездеспейді. Бұл да біздің халқымыздың мәдениетінің айрықша көрінісі.
Фразеологизмдердің этномәдени танымдық сипаты

Фразеологизм компоненттерінің кейбір сыңарлары басқа мəндес немесе мағыналас қатардағы сөздермен ауыстырылып айтылатындықтан вариант фразеологизмдер пайда болады. Олардың жасалу жолдарында мынадай ерекшеліктер кездеседі.
1. Фразеологиялық тіркес құрамында алмасқан компоненттер лексикалық мағынасы жағынан өзара синоним, мағыналас болуы керек.
Мысалы: Ит тұмсығы өтпейтін//Ит тұмсығы батпайтын; Санда бар, санатта жоқ//Санақта бар, санатта жоқ; Қарақан басы//Соқа басы//Жеке басы.
2. Ауыстырылатын комоненттер гиперо-гипонимдік қатынастағы лексикалық бірліктер болуы шарт.
Мысалы: Жаны мұрнының ұшына келу//Жаны тырнағының ұшына келу; Қас қаққанша//Кірпік қаққанша; Бұрау басын сындармау//Шөп басын сындармау; Инеге шаншар еті жоқ//Қармаққа шаншар еті жоқ.
3. Тіркес құрамындағы компонеттер өзгергенде вариант фразеологизм болу үшін міндетті түрде алғашқы түпкі тұлғадағы образдылық сақталуы тиіс.
Мысалы: Ауыздыға сөз, аттыға жол бермеу// Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеу; Ат басын тіреу//Ат басын бұру; Кеудесінде оты бар// Көкірегінде оты бар.
Фраземалық варианттылық

Қазақ тілінде фразеологизм варианттарының мынадай түрлері бар:

1. Идиомдар: Түйе үстінде ит қапты - түйе үстінде сирақ үйтті.
2. Ұйытқы сөздері сан есімнен болған: Бір ауыз сөзге келмеу - Екі ауыз сөзге келмеу; Жарты малта ас болмау - Алты малта ас болмау;
3. Соматикалық атаулар болған тіркестерде: Тілінен қағыну - Аузынан қағыну - Сөзінен қағыну; Қабағы тырысу - Шекесі тырысу.
4. Құрамындағы компоненттердің сандық өзгерістерге ұшырауы арқылы жасалған фразеологизмдерде кездеседі: Екінің бірі, егіздің сыңары - екінің бірі;
I. Фразеологизмдердің лексикалық варианттарының түрлері:

II. Фонетикалық вариант: 1) қазір - кəзір, қыңқ демеу- қың демеу.
2) Сайтаны ұстады - Шайтаны ұстады.
3) Риза болу - Ыразы болу;
Райдан қайту -Ырайдан қайту;
Реңін бермеу - іреңін бермеу.
III. Морфологиялық вариант: 1) Ес біліп етек жапқалы - Ес біліп етек жапқанша;
Кірерге тесік таппау - Кіруге тесік таппау.
2) Үзеңгілес дос - Үзеңгі дос;
Қарақан басы - Қара басы.
3) Шығарда жаны бөлек - Шығарға жаны бөлек;
Көзіне ілмеу - Көзге ілмеу;
Зорға дегенде - Зордың күшімен.
IV. Лексика-грамматикалық вариант: 1) Жер соғу - жер соғып қалу - Жер қып кету - Жер ету;
Жаны шыға жаздау - Жаны шығып кете жаздау.
2) Құлындай тебісіп өсу - Құлын-тайдай тебісіп өсу;
Танауы желбіреу -Танауы желп-желп ету.

Фраземалардың ішкі формасы
В. П. Жуковтың «Фразеологиялық бірліктер семантикасы» монографиясында ішкі форма дегеніміз - еркін сөз тіркестері мен солардың негізінде қайта жасалынған фразеологизмдердің екі жақтық өзара қатынасының бейнесі деп түсіндіреді. Зерттеушінің пікірінше, ішкі форма фраземаның семантикалық құрылымымен тікелей байланысты және көбінесе оның мағыналық (семантикалық) дамуына әсер етеді, ішкі форма тілде өзі типтес, лексикалық құрамы бірден еркін тіркестері бар фразеологизмдерге ғана тән, осының негізінде семантикалық және метафоралық эффект (әсер) береді (иттің баласы, көзі жұмылу) деген ғылыми тұжырымға келеді. Фраземаның тұтас мағынасы оның құрамындағы сөздер мағынасынан келіп шықпайды (олар актуалданған), оны міндетті түрде мағынасын ашуға болатын ішкі форма негізінде түсінуге болады.
Фраземалардың ішкі формасы - тілдің объективтілігінің психикалық жақтарының шындығын бейнелейтін күрделі ойлау үрдісінің нәтижесі.

А. А. Потебня
Ішкі форма
А. А. Потебня өзінің «Ойлау және тіл» еңбегінде ішкі форма мазмұнының қалай берілетінін көрсететін сөздің этимологияға жақын мағынасы деп атайды.

Б. А. Ларин фраземалардың ішкі формасы - кезінде пайда болуына объективтік шындық себепші болған, өз заманының өзекті құбылыстары мен қасиеттері жалпылама бейнелі тұжырымдар жасауға жол ашқан, қазіргі тұрғыдан халық санасында бейнелі тіркестер ретінде қабылданған дей келе, оның зерттеулерінде фраземалардың ішкі формасы олардың генетикалық бейнесімен қатар қойылатыны байқалады.

фраземалардың ішкі формасы оларды жасаушы сөздердің бейнелілігі негізінде пайда болды (В. П. Жуков, А. М. Бабкин, Г. П. Помигуев және т. б. ) ;
ішкі форма дегеніміз - фраземалардың семантикалық уәжделуі (В. В. Виноградов, Л. И. Ройзенсон, А. М. Мелерович және т. б. ) ;
уәжденудің негізін конннотациядан іздеу қажет (В. Н. Телия) ;
фраземалардың ішкі формасы дегеніміз - олардың этимологиялық мазмұны (В. М. Мокиенко, А. В. Кунин, М. И. Сидоренко және т. б. ) ;
фраземалардың ішкі формасы нақты ойлау (А. И. Федоров) немесе бейнелі ойлаумен (Р. Н. Попов) байланысты;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz