Фразеологизмдердің ұлттық нышандары мен фразеологиялық мағына




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Фразеологизмдердің ұлттық нышандары
мен фразеологиялық мағына

Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.

Шымкент, 2021
Фраземалардың этнолингвистикалық деректері
Этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан лингвистиканың бір саласы
– этнолингвистика туындаған. Этнолингвистика – (этностаным» мен «тілтаным»
ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінің тоғысуында пайда болған сала. Ол тілдің
өзіне ғана тән мүмкіншіліктері мен байлығын зерттеуді мақсат етеді. Лингвистикалық
түсіндірме сөздікте: «Этнолингвистика (гректің «этнос» – тайпа, халық,) тілді
мəдениетпен, тілді этномəдени жəне этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра
қарастыратын тіл білімінің бағыты деп анықтаған. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі
– этнос тілі. Мәселен, қой үстіне бозторғай жұмыртқалады, ат қара тіл болғанда, атқа
жеңіл Телпекбай, қой аузынан шөп алмас, тайға таңба басқандай фраземаларының
ауыспалы, идиомалық мағыналары бізге түсінікті болғанымен, олардың тілде пайда болу
уәждерін бірден айтып беру қиындық туғызады, өйткені олардың астарында
этнолингвистикалық факторлар жатыр. Міне, сондықтан да әр алуан лексикалық
бірліктердің мағыналарын шартты түрде «этнолингвистикалық» мағыналар деп атайды.
Əлемдік тіл білімінде этнолингвистиканың теориялық негізін неміс ғалымы Вильгельм
фон Гумбольдт қалады. Ол тіл мен мəдениеттің байланысын айта келе: «тек тіл ғана
ұлттық рух пен мінездің ерекшеліктерін көрсете алады және олардың ішкі құпияларына
ене алады», дейді.
Б.Л. Уорф «Этнолингвистика» терминінің авторы. Ол ХХ ғасырдың 60-
жылдары этнография мен социалогияның шектестігінде дүниеге келген, тілдік
құбылыстарды этнологиялық білімдер (тәжірибелер) негізінде зерттейтін
ерекше лингвистиканың саласын қалыптастырады. Халықтың өмір сүру
ортасы, ой-тәжірибесі, өмірге деген көзқарастары мен дүние туралы түсінігі,
салты мен дәстүрлері және т.б. сол халықтың тілінде көрініс тапса, керісінше,
тіл де тарихи дамуға, адамзаттың тіршілігіне, олардың тұлға ретінде
қалыптасуына септігін тигізеді. Осыған орай этнолингвистика терминін
қалыптастырды.

Э.Сепир этнография, салт-дәстүр, мифология т.б. ұғымдарды этнос
болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символдық қызметімен шектеп
көрсеткісі келеді. «Тіл әлемі» дегеніміз – этнос болмысына қатысты мыңдаған
мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі. Міне, осынау бай тіл қазынасы
этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның терең мағына мазмұнына
еніп, оны игеріп, танып-білу, жүйелей түсу, жан-жақты зерттеу
этнолингвистиканың басты міндеті. Э. Сепир теориясына сүйенсек, тілдегі
лексика – өзі қызмет етіп отырған халықтың мәдениетін сол қалпында
бейнелеп көрсете алатын қазына.
Фразеологизмдердің ұлттық нышандары

Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени нышандарын зерттеу дәстүр бойынша
оның жеткізу өрісі негізінде жүргізіледі. Фразеологизмнің ұлттық-мәдени
компоненттері ретінде фразеология құрамына кіретін эквивалентсіз лексика
үлкен рөл атқарады, яғни географиялық атау (Күлтөбенің басында күнде
кеңес – Күлтөбе Тәуке хан тұсында үш жүздің басын қосып, кеңес-жиын
өткізілетін Ташкент қаласының жанындағы жер), тарихи есімдер (Қасым
ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы – Қасымхан, Есімхан қазақ
тарихындағы атақты хандар есімі) мен оқиғалар (Ақ табан шұбырынды,
Алқа көл сұлама – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың
жаугершілікке ұшырап, жұтаңдықтан шұбырған кезі) және т.б.
Мәдени кодтар
Фразеологизмдердегі ұлттық нышандар бір ғана құбылыстың әр түрлі халықта түрлі
бейнелер арқылы берілуінен де байқалады. Бұл ұлттық нышандардың сақталу тәсілдері
«мәдени кодтар» деп аталады. Бұл кодтардың көрінер тұсы – топонимдік атаулар мен
тарихи тұлғалар аттары ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыста қолданылатын
ұлттық атаулар, ұлттық тағамдар, этимологиялық талдауды қажет ететін көнерген заттар
мен сөздер. Осы аталмыш кодтарды қазақ фразеологизм құрамынан да көптеп
кездестіреміз. Мәселен, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру жағдайына,
менталитеті мен қоғамдық факторларына сай дүниеге келген тумаған сиырдың уызынан
дәмету фразеологизмі «босқа қиялдау, болмайтын нәрсеге бас ауыртып көп сөйлеу»
мағынасында қолданылады. Дәл осы мағынаны ұйғыр тіліндегі Асмандики ғазиниң
шовисиға нан чилап йемәк (аспанда ұшып жүрген қаздың сорпасына нан жібітіп жеу)
фразеологизмі берсе, орыс тілінде Делить шкуру неубитого медведья фразеологизмінің
мағынасын бере алады. Осы мысалдардан көрініп тұрғандай, қоғамда, табиғатта болатын
бір құбылыс немесе ситуация әр халықтың, ұлттың өмір сүру ортасына, салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрпына, бейнелі ойлау мүмкіншілігіне қарай әр түрлі сөздерден жасалып, түрлі
жолдармен, бейнелермен, тәсілдермен беріліп тұр.
Код – негіз. Код –
құлып.

Ұлттық код - халықтың өзіне ғана
тән тарихи қалыптасқан мәдени Мәдени код – белгілі бір
болмысы. Халықтың сан ғасырлар халықтың өмір сүру мақсаты мен
бойы бойына біте қайнасқан әрі құндылық жүйесі, адамның өмір
өзге этнос өкілдерінен сүрген ортамен қарым-қатынасы.
өзгешеілігін танытатын белгілері.
Фразеологиялық мағына
Фразеологиялық мағынада көрінетін ақиқат шындықтың бейнесі олардың ішкі
формасының сигнификативтік негізінде жатыр. Фраземалардың түп-төркінін айқындауды
әріден бастаған жөн. Олардың сыртқы тұрпаты еркін сөз тіркестеріне ұқсас, синтаксистік
бірліктер моделдері негізінде жасалады. Мысалы: Асан ақырын ғана басын көтерді. Асан
үкіметке қарсы басын көтерді. Бірінші сөйлемдегі басын көтереді тіркесі меңгеріле
байланысқан толықтауыштық қатынастағы еркін сөз тіркесі болса, екінші сөйлемдегі басын
көтерді «қарсы шықты» мағынасында жұмсалып отырған тұрақты тіркес. Фраземалар
шындық өмірде кездескен құбылыстарды қандай да бір ситуацияға, көрініске, оқиғаға ұқсату,
байланыстыру мақсатында ғана туындайды.
Бас көтеру «қарсыласу, қарсы тұру» фраземасының мағына-сының туындауына еркін
тіркестегі ситуация себеп болып тұр. Әбден қажып, шаршаған, өмірден көп қиыншылық
көрген адамның басын салбыратып, денесін көтере алмай жүретіні бел-гілі. Ал бас көтеру,
керісінше, аталмыш ситуацияға қарама-қарсы ұғым. Ситуацияның қарама-қарсы
мағынасынан «қарсы шығу, наразылық білдіру, шынжырдан, бұғаудан босануға талпыну»
мағынасындағы фраземаның қалыптасуына негіз болған. Себебі әбден қиналған, күйзелген
адамды ғана қатты ашудың күшімен «төңкеріс» жасай алады.
Лексикалық мағына және фразеологиялық мағына

Лексикалық мағына — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының
мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол
арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа
мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен
оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.

А.А.Потебняның айтуынша, фразеологиялық мағына халықтың,
ұжымның жинақталған тәжірибесінің, атадан балаға мұра ретінде
қалған білімдері жиынтығының, фраземалардың лексикалық және
синтаксистік генотиптеріндегі көрінісі негізінде қалыптасып, пайда
болды. Ол фразеологиялық мағынаны ішкі форма ұғымымен
байланыстыра қарастырады.
Фразеологизм және сөз

Фразеологизмдерге тән белгілердің сөзге ойысар жағы да, одан оқшау кетер жағы да
бар. Фразеология теориясында осы жөнінде, негізінде екі түрлі пайымдау бар: а) кейбір
зерттеушілер фразеологизм мен сөз бір-біріне балама (эквивалент) бола алады дегенді
айтады; ә)фразеологизм мен сөз екеуі екі бөлек дүние, кей ретте мағына жуықтығы
болғанмен бұлардың арасына теңдестік белгісін қоюға болмайтындығын ескертеді.
Яғни «сөз» бүтін бітімді, «фразеолгизм» бөлек бітімді деп есептейді.
Жеке сөз өздігіненен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес
(басқаша айтқанда, сөздің бұл жөнінде факультатив қабілеті бар да, бірақ оның
әрдайым сырттай көрінуі басты шарт емес). Ал фразеологизмнің бейнелі (дәлірек
айтқанда туынды) мағынада жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида, яғни, фразеологизм
туынды мағынаны білдіреді де, сөз түбір мағынаны білдіреді. Осыдан шығатын түйін
фразеологизм мен сөз бір-бірімен баламалық емес, жанамалық қатынаста болады.
Басқаша айтқанда, фразеологизм құрамындағы белгілі бір компонент дербес мағынаны
білдіре алмайды. Ал, жеке сөз өзінің референттік қасиетін сақтамауы мүмкін емес.
Мақал-мәтелдер, көнерген сөздер ұқсастығы,
ерекшеліктері, семантикасы

Көнерген сөздер – сөздердің көнелену процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс
емес, әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаіа
ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілеріне емін-еркін жете алмай, түсініксіз болып
ұмтыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып
та кетуі мүмкін. Бұл туралы Ж. Манкеева мынадай пікір айтады: «Ана тіліміздің сөз
айдынының тереңінді халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өміртануынан
қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған атаы сөз, мақал-мәтелдер, түрақты
тіркестер туып жатады».

Мақал-мәтелдер - халықтың атам заманғы өткір өмір-тіршілігі мен бүгінгі болмысын
болашағымен жалғастыратын «алтын арқау»; олар – рухани, мәдени салт дәстүрді
жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадынды, ділінде сақталуының брден-бір
кепілі. Мақал мәтелдер мен көнерген сөздер бір-бірімен тығыз байлынасты болады.
Көнерген сөздер мақал-мәтелдерде өте көп кездеседі.
№ Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдерде кездесетін көнерген
сөздер
1 Бәйбішеге жарасар қолындағы сабасы. Саба – қымыз, шұбат ішу үшін пайдаланылатын
ыдыс.
2 Жауға жарақсыз барма, Қару-жарақ – батырлардың жауға аттанарда
Қаруыңды күтпей қапы қалма пайдаланатын құралдары.
3 Батыр болсаң найзаң жауға тисін, Найза – батырлардың қаруы.
Бай болсаң халыққа пайдаң тисін.

4 Өзге елге сұлтан болғанша, Сұлтан – басшы, басқарушы.
Өз еліңде ұлтан бол.
5 Бірдің кесірі мыңға, Түмен – он мың әскер.
Мыңның кесірі түменге
6 Бақа – көлінде патша, балық – суында Патша – билеуші, басқарушы.
патша, жігіт– елінде патша.

7 Иілген басты қылыш кеспес Қылыш – батырлардың қаруы.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы
Фраземалардың жасалу көздері
Мақаланың жазылуы және оған қойылатын талаптар
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимділігі
Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы
Фразеологиялық тіркестер
Еркін сөз тіркестері
Түйе түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы
Фразеологиялық бірліктердің мағына тұтастығы
Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы
Пәндер