Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира

Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.

Шымкент, 2021

Фразеолоuялық бірліктердің мағыналық құрылымы

Slide 2

Жоспар

Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы.

Дара мағыналы фразеологизмдер, көп мағыналы фразеологизмдер

Эмоциялы-экспрессивті фразеологизмдердің семантикасы

Фразеологиялық бірліктердің семантика-парадигмалық шебі

Фразеологизмдердің омонимдігі, синонимдігі, антонимдігі

Slide 3

Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы:

Фразеологиялық бірліктер және олардың мағыналық құрылымы, сөздердің қолданыс аясы мен жұмсалу сипатына орай дамиды. Коммуникативтік жүйедегі мағыналық ерекшелігіне сәйкес фразеологиялық бірліктер былай бөлінеді:

Slide 4

Дара мағыналы фразеологиялық бірліктердің саны мол, мұның өзі олардың iшкі табиғатымен, ауыспалы мағынасының күрделілігімен байланысты: қоян- қолтық араласу, қас пен көздің арасында, боз өкпе, асау жүрек, ас ауыз тиді, аузы ауыр, аузы дуалы, ашаң жүзді, аш бел, т. б.

Дара мағыналы фразеологизмдер:

Slide 5

Фразеологизмдердің семантикалық категориялары ретінде полисемантизмнің саны көлемді болмаса да ажырата білудің теориялық жəне практикалық маңызы бар:

Көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналық құрылымын анықтау алдымен лексикографиялық еңбектерді түзуге керек.

Қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологимздердің санын есепке алу қажеттігі де бар.

Фразеологизмдер бірден көпмағыналылыққа ауыспайды. Полисемияның себебін анықтау үшін тілдегі ішкі фактор, мəселен, стильдік жəне экстралингвистикалық фактор, қоғамдағы əлеуметтік əр түрлі жағдайлардың əсері талданады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ұқсас ассоциацияны тудыратындықтан, кейбір фразеологизмдердің мағынасы бірте-бірте полисемияға ұшырайды. Бірақ бұл өте ұзақ процесс.

Көпмағыналылық фразеологизмдердің барлық түрінде кездеспейді. Оның себебі мағынасы неғұрлым тұрақтанған идиом тіркестерден гөрі, ауыспалы мағынадан, метафоралық тəсілдерден жасалған фразеологиялық бірліктер көпмағыналылыққа бейім келеді.

Slide 6

Фразеологизмнің көп мағыналылығын анықтау үшін ұсынылатын белгілер:

Slide 7

І. Кеңесбаев көпмағыналылықтың екі түрлі жасалу жолы бар деп көрсетеді: жалғаса жəне жарыса туатын мағына

Slide 8

Қандай тілде болсын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мəнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тəрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоционалдық-экспрессивті бояу мол. Көбінде осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоционалдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің адамзат, не құбылыс турасындағы өз көзқарасын мəлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша əсер етеді.

Алыс

Ит арқасы қиянда; ит өлген жерде

Пайдакүнем

Жұмыртқадан жүн қырыққан

Сұлу, көркем

Үріп ауызға салғандай

Батыр

Жүрек жұтқан

Ашық, айқын

Тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай

Эмоциялы-экспрессивті фразеологизмдердің семантикасы

Slide 9

Тіл - жүйе жəне құрылым. «Тілдегі кез келген сөз, бірлік, элемент үш түрлі қатынасқа түседі: парадигматикалық (немесе ассоциативті), синтагматикалық (белсенді түрде ықпалдасу қатынасы) жəне иерархиялық (күрделі бірлікке ену қатынасы) » деген-ді В. М. Солнцев.

Фразеологизмдердің семантикалық категорияларына фразеологизмдердің:

варианттылығы

синонимдері мен антонимдері жəне омонимдері

көпмағыналылығы

Бұлар фразеологиялық парадигматикалық қатынастарды құрайды.

Фразеологиялық бірліктердің семантика-парадигмалық шебі

Slide 10

Тіркестер омоним фразеологизмдер деп танылу үшін мынадай белгілер болуы керек:

Slide 11

Фразеологизмдердің синонимдігі

Тілдегі парадигматикалық қатынастардың ең айқын көрінетін жері синонимдер. Синонимдер тіл байлығын көрсетеді. Тілдің лексикалық жəне фразеологиялық қорында айтушының қолданыс ыңғайына қарай мағыналас, мəндес айтылатын сөздер мен тұрақты тіркестер бар. Мəселен, тұрақты тіркестер де - лексикалық синонимдер сияқты мағына тепетеңдгі мен реңктеріне жəне стильдік ерекшеліктеріне қарай жұмсалатын фразеологизмдердің семантикалық категорияларының бірі.

Мағыналас сөздердің реңк белгісі:

Slide 12

Мағыналас фразеологизмдер:

Slide 13

Мағыналас фразеологизмдер:

Slide 14

Ыстық қанды ↔ суық қанды,

Дүниеге келу ↔ дүниеден кету,

Қолы ұзару ↔ қолы қысқару,

Маңдайының бес елі бағы бар ↔ маңдайының бес елі соры бар

Ауылы аралас, қойы қоралас болу ↔ ит пен мысықтай болу

Ит арқасы қиянда ↔ таяқ тастам жерде

Əмпей-жəмпей болу ↔ жүз жыртысу

Ит жеместі жесісу ↔ ауыз жаласу

Бір құрылымды антонимдер

Әр құрылымды антонимдер

Антоним фразеологизмдер:

Slide 15

Антоним фразеологизмдердің жасалу жолдары:

Slide 16

Қорытындылай келгенде, фразеологиялық бірліктердің парадигматикалық мүмкіндіктері қазақ тілінің байлығын ғана емес, халқымыздың мәдениетін, ерекшелігін, өмір сүру салтын, наным-сенімдерін қандай дәрежеде жоғары екендігін көрсетіп тұр. «Көп сөз көмір, аз сөз алтын», дегенді ұстанған дана халқымыз мұндай тіркестер арқылы сүбелі, түйінді ойларын бір ақ ауыз сөзбен жеткізіп отырған!

Slide 17

Пайдаланылған әдебиеттер:

Г. Смағұлова «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда» Алматы, «Елтаным» баспасы, 2020 (176-201 беттер)

Ө. Айтбайұлы «Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары» Алматы, «Абзал-ай»баспасы, 2013 (61-68 беттер)

Slide 18

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық бірліктердің мағына тұтастығы
Фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалардың бағалауыштық семалармен байланысы
Фразеологиялық тіркестер
Фразеологизмдердің ұлттық нышандары мен фразеологиялық мағына
Еркін сөз тіркестері
Коннотация ұғымының лингводидактикалық тұрғыдан нақтылануы
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
АУДАРМА СӨЗДІК
Фразеологиялық синонимдер
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz