Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Фразеологuзмдердің сөз таптарына қатысы

Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерден айырмашылығы
Фразеологизм және синонимия
Фразеологизмдердің таңбалық символдық ерекшеліктері
Символдардағы әлемнің тілдік бейнесі
Идиомаларда сақталған мәдени мағлұматтар
Фразеологиялық бірліктердегі уәжділік мәселесі
Жоспар

Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы
Фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығын тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап тануға болады, бірақ тіркестегі сөздердің лексика-грамматикалық мағынасымен фразеологизмдердің тудыратын мағыналары сәйкес келе бермейді. Мысалы, арасынан қыл өтпейді деген тіркестің грамматикалық сипатына қарасақ етістікке ұқсағанымен беретін ұғымы тату-тәтті, дос сын есімге қатысты болып тұр. Сондықтан фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстылығын анықтау үшін, негізігі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстырып отыру қажет.

Г. Смағұлова фразеологизмдердің сөз таптарына қатысын алты түрге бөліп қарастырады:


Фразеологизм және синонимия
Синонимдердің фразеологизмдерге қатысын мына мәліметтерден байқаймыз:
Сындық мағыналы фразеологизмдерден жасалған снонимдер
Қара қылды қақ жарған - әділ, турашыл, шыншыл; ит тұмсығы өтпейтін - қалың, бітік; үріп ауызға салғандай - әдемі, сүйімді.
Заттық мағыналы фразеологизмдерден жасалған снонимдер
Аяқ алысы - бет алысы, бағыты; қара халық - бұқара, көпшілік; ұзын құлақ - сыбыс, хабар.
Үстеу мағыналы фразеологизмдерден жасалған снонимдер
Демнің арасында - лезде, тез, айтқанша; қарадан қарап жүріп - бостан-басқа, текке; о баста - алғашында, басында.
Фразеологиялық тіркестер жеке сөздерге ғана балама болып қолданылмайды, өзара бір-бірімен де синоним бола береді:
Көзді ашып жұмғанша - қас пен көздің арасында - қабақ қақанша; алдына жан салмайды - аузымен құс тістейді; төот түлігі сай - не ішем не жеймін демейді - төрт құбыласы түгел т. б.

Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерден айырмашылығы
Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдер қолданыс ыңғайында үнемі қатар жүретіндіктен, əсіресе тұлғалық жағының ұқсастығынан ойды бейнелі мағынамен жеткізуде бір-бірімен астасып жатады. Əдетте мақал-мəтелдер ұзақ уақыт бойы өмір тəжірибесінен екшеліп, ойлау процесінде сұрыпталып барып қалыптасады. Сондықтан мақал-мəтелдердің пайда болуына ұзақ уақыт өтеді. Тілімізде фразеологизмдер түрлі ситуацияға қарай сөйлеу үстінде аяқ-астынан пайда болады.

Айырмашылықтары:
Фразеологизмдер функционалдық қызметіне қарай бейтарап, кітаби, ауызекі сөйлеу тіліндегі жəне қарапайым, дөрекі мəнде қоланылатын стильдік қабаттарға жіктеледі.
Фразеологизмдердің сөйлем ішінде жұмсалуы үшін белгілі бір оралымға негізделеді. Сүйемел сөздер жұмсалады.
Айтылатын ойды жеткізудегі пресуппозициялық ерекшеліктеріне қарай, мақал жəне мəтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды толық аяқтайды. Мысалы: Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама бəлесі жұғар. Балалы үй - базар, Баласыз үй - мазар. Мəтелде айтылатын ой тұспалдап жеткізіледі: Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме; Жығылсаң нардан жығыл.
Мақал-мəтелдердің мағынасы құрамындағы сөз сыңарларының /компоненттерінің / бір-бірімен байланыссыз өзара жеке тұрып та қолданыла беретін сөздерден шығады. Мысалы, Көрдім - көп сөз, көрмедім - бір сөз.
Фразеологизмдердегі əрбір жеке сөздердің барлығы бірігіп бір фразеологиялық мағынаны білдіреді. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу - қорқу; Қыпша бел - жіңішке бел; Мұрнына су жетпеу - қолы тимеу, уақыты жетпеу.
Фразеологизмдерді фразеологизм деп тану үшін қойылатын үш түрлі басты ерекшелік бар. Олар: мағына тұтастығы; тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы. Ал мақал-мəтелдерде тек тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы байқалады.

Фразеологизмдердің таңбалық символдық ерекшелігі
«Таңба - зат пен оның атын емес, ұғым мен акустикалық тұлғаны байланыстырады. Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немес ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы.
Символ толығымен ерікті емес, ол бос емес, онда таңбаланушы мен таңбалаушы арасындағы табиғи байланыстың жұрнағы бар», - дейді Ф. Соссюр.

Символдық мәнге ие сөздердің табиғаты ерекше, ол ерекшелік символ-сөздердің танымдық, ұлттық мәдени, фондық мағыналарын сол тілде сөйлейтін халықтың дүниені тануы мен құбылыстарға баға беруімен, әлемнің тіл бейнесімен тығыз байланысты.
Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қара сөзінің тоғыз тура және ауыс мағыналары берілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz