Етістік мағыналы фразеологизмдердің семантикасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Етістік және заттық мағынадағы
фразеологизмдердің семантикасы
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: ф.ғ.к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Жоспар
1. Етістік мағыналы фраезологизмдердің семантикасы
1.1. Адамның мінез құлқына байланысты фразеологизмдердің семантикасы
1.2. Уақыт, мерзімге байланысты фразеологизмдердің семантикасы
1.3. Бағыт-бағдарға байланысты фразеологизмдердің семантикасы
1.4. Амал-әрекетке байланысты фразеологизмдердің семантикасы
2. Заттық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы
2.1. Туған жер, Отан негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
2.2. Соматикалық атаулар, ынтымақ, бірлік, өшпенділік, алауыздық, дүние-мүлік, отбасы
негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
2.3. Төрт түлік негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Етістік мағыналы фразеологизмдердің семантикасы
Етістіктер қоғамдық өмірде ұшырасатын алуан амалдың, іс-әрекеттің,
қимыл-қозғалыстың барлығына қатысты ұғымды білдіреді.
Көзінің еті өсті көкірек керді, менменсіді
Қолды болды ұрланды, жоғалды
Аузының суы құрыды таңданды, таңырқады
Екі көзі төрт болды зарықты, сарыла кұтті
Ат құйрығын кесті араздасты, қастасты
Етістік мағыналы фразеологизмдердің семантикалық топтары:
Адамның мінез-құлқына байланысты фразеологизмдер: опық жеді,
тісі батпады, монтаң қақты, қырғи-қабақ болды, жіпке тізді,
аузының суы құрыды, екі аяғын бір етікке тықты, пысқырып та
қарамады.
Уақыт-мерзімді білдіретін фразеологизмдер: екі көзі төрт болды, көз
байланды, ымырт түсті.
Бағыт-бағдарды білдіретін фразеологизмдер: көз жазып қалды, шаң
берді, қылаң етті.
Амал-әрекетті білдіретін фразеологизмдер: қолды болды, шыр бітті,
қаламы ұшталды, қолқа салды, өкпесі өшті, көзін жоғалтты,
атқұйрығын кесті, қара қылды қар жарды.
Етістікті фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері:
Етістікті фразеологизмдер бірнеше сөз таптарымен тіркесіп келеді.
Солардың арасында кең қолданылатыны – есімдер. Есім мен етістіктің
тіркесі басқа фразаларға қарағанда кең қолданылады. Есім компоненті
септік жалғауларын еркін меңгереді. Мысалы:
Өмірдің ішкен у сыйын
Кер шолақты кең киім.
Құс табанын тас тілген
Екі бетін жас тілген.
Сусынын сумен қандырған
Білегін тегін талдырған
Көп жағдайда етістікпен етістік тіркесіп келе береді:
1) Ақыры ашу ерді билеп кетіп
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
2) Байды бекті боздақты
Байлап қойды жіпсіз ит.
Сондай-ақ, етістікті фразеологизмдердің әр түрлі сөз тұлғасынан жасала
беретінін байқауға болады. Мәселен бірінші компоненті қос сөзден жасалған
етістікті фразеологизмдерге мысал келтірелік:
1) Еріккен байлар хан сайлап
Əңгіме-дүкен құрмай ма?
2) Молайтып минут сайын қасірет жырын
Жаныңда өксіп-өксіп жылады жел.
Заттық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы:
Заттық мағыналы фразеологизмдер: Кіндік кесіп, кір жуған — туған ел, отан; бір
ауыздылық — ынтымақ, бірлік; аяі\ алысы — беталысы, багыты; суык, қол—- ұры-
қары, жау-«жала; бас араздық—өшпенділік, қастық; ауыз бастырық—пара, ақы; бой
щйсздік — жалқаулық, енжарлық; ел атасы — басшы, бас-қарушы; ұзын етек — әйел,
қатын; к,ан ішер — бас кесер, жеп-дет; қара көлеңке — апақ-сапак, бейуақыт; қара
халык, — бұқара, көпшілік; қара мал — сиыр, ірі қара;құлақ естілмес, көз көрмес жер
— алыс жер, қиыр шет; қара шаңырақ — үлкен үй, шыққан ұя; қара орман — жиған-
терген, дүние-мүлік, бар дәулет; о дүние — ақырет, махшар; от басы — үй іші, ошақ
басы, семья; ұзын қүлақ — өсек, сыбыс; шикі өкпе — перзент, бала; шынжыр балақ,
шүбар төс — бай, манап, шонжар, т. б.
Өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған
фразеологизмдер семантикасы
Уақыт-мерзім өлшемдері: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте,
шаңқай түсте, күн бата, күн ұясына кіргенде, көз байлана, қар
қарая,ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында, ел жата, түн
ортасында т.б.
Көлем өлшемдері: бір топ жан. бір тайпа ал, бір үйір жылқы, бір
табын сиыр, бір қарын май, жер қайысқан қол. шаш етектен, мидай
дала т.б.
Ұзындық, қалындық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, қол созым
жер, бір табан жақын, кісі бойы, иек асты, көз көрім жер, бір сүйем,
сынық сүйем т.б.
Соматикалық атаулар негіз болған фразеологизмдер
семантикасы
Адамның он екі мүшесі туралы толып жатқан ала-құла пікірлер бар.
Солардың үшеуін келтірейік. Н.Уәлиевтің пікірінше екі көз, екі құлақ, екі
қол, екі аяқ, тіл, тіс, бас, мойынды жатқызған. Екінші біреулер екі көз, екі
шақ, екі қол, екі аяқ, ауыз, мұрын, сонан кейін адамның алдыңғы және
артқы тәнін жатқызады. Ал үшінші біреулер бас, көз, құлақ, мұрын, ауыз,
мойын, кеуде, қол, қарын, аяқ, сонсоң адамның алдыңғы және артқы тәні
деп те қарайтындар бар.
Қол мүшесі ұйытқы болған
Бас мүшелері ұйытқы болған фразеологизмдер: қол алды, қол берді, қол
фразеологизмдер: бас иді, бас кеспек болса бұлғады, қол жайды, қол жалғады, қол
да, бетке тұтты, бетке түкірді, тіл алды, жүгіртті, қол көтереді, қол жұмсады, қол
мұрттай ұшты , беті бүлк етпеді, беті күйді, тигізді, қол жетті, қол сермеді, қол созды,
беті жарық, беті қайтты т.б. қол салды, қол қусырды, қол соқты, қол
сұқты,
Соматикалық атаулар
Көз мүшесі ұйытқы болған Аяқ мүшесі ұйытқы болған
фразеологизмдер: көзбен атты, көзбен фразеологизмдер: аяғы аяғына тимеді,
шалды, көз байлады, көзге жылы көрінді, аяғы жерге тимеді, аяғы көктен келді,
көзге күйік болды, көзге сүйеп болды, көзге аяғына бас ұрды, аяғын алшаң басты,
қораш, көзге сап ете түсті, көзге ілмеді, аяғынан тік тұрады, аяғынан тік
көзден таса қылмады, көздің жауын алды, тұрғызылды, аяғына кісен салды, аяғына
селт етті, көздің қарашығындай сақтады т.б. тұсау түсті, аяғын әріге салды, аяғын қия
бастырмады, аяғын шалыс басты т.б.
Төрт түлік негіз болған фразеологизмдер семантикасы:
1.Жылқы түлігіне байланысты фразеологизмдер: алалы жылқы,
ақтылы қой. ат майын берді, ағаш атқа мінгізді, ат кекілін кесті, ат
тізесін қосты, ат сүйек берді, ат ізін құрғатпады, ат ізін салмады, aт
ізін суытпады т.б.
2.Қой түлігіне байланысты фразеологизмдер: қой ауызынан шөп алмас,
мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл кесір, қасапшыға мал қайғы. қара
ешкіге жан қайғы, қойшы көп болса қойды қасқыр жейді т.б.
3. Түйе түлігіне байланысты фразеологизмдер: aт тұяғын тай басады,
нар ізін нарша басады. Тай тулап үйірінен кетпес. Тай тулап үйірінен
кетпес, түйе тулап жүктен құтылмас. Түйе көп болса жүк сыймайды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, жоғарыда атап өтілген фразеологизмдердің
семантикалық топтары халқымыздың мәдениетінен, тұрмыс
тіршілігенен, өмір сүру салтынан, көшпелігінен сыр шертіп тұрған
бірден бір категория.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ . Қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы.А. 1997
2. Сатенова С.К. Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің тілдік
және поэтикалық табиғаты. -А., 1997
3. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиеттерде
қолданылуы. -А 1972
Назарларыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz