Түйе түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира

Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.

Шымкент, 2021

Соматикалық атаулар мен төрт түлік атаулары негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Slide 2

Жоспар

Соматикалық атаулар негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

1. 1. Бас мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

1. 2. Көз мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

1. 3. Қол мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

1. 4. Аяқ мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Төрт түлікке байланысты фразеологизмдердің семантикасы

2. 1. Жылқы түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

2. 2. Қой түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

2. 3. Түйе түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

2. 4. Сиыр түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Slide 3

Қазақ тіліндегі адам интелектісіне қатысты лексиканы зерттеген Б. Ұ. Сағынова мынандай пікір айтады: «Сөз мағынасының кеңеюі, сөздердің семантикалық өрісінің бір-бірімен ұласуы, олардың тілдегі белгілі бір құбылысты, атауды білдірудегі бір-бірімен тура немесе жанама байланы- сын, адамның дүниені ақыл-ойы арқылы тану процесінің бір қырын соматизмдер арқылы танытады». Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдер әр қырынан зерттелініп жүр. Олар мынадай бағыттарда жазылған: Б. Нағасбекова «Соматикалық фразеологизмдердің көпмағыналылығы», Б. Нұржанова, Б. О. Оспанова «Тілдік дүние бейнесіндегі «көз» соматизмінің фразео-семантикалық өрісі», Д. Б. Рскелдиева «Соматикалық фразеологизмдердің универсиялық құбылысы», «Ішкі ағзалар ұйытқы болған адамға қатысты соматикалық фразеологизмдер», «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «жүрек» соматизмі», Ш. Мұхамеджанова, М. Рахметуллина «Қазақ және орыс тілдеріндегі самофразеологиялық сөз тіркестеріндегі ұлттық-мәдени компоненттері», А. З. Қазанбаева «Соматикалық фразеологизмдердің қолданысы», Қ. С. Қалыбаева «Түркі тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер», Ш. Т. Кудьярова «Абай өлеңдеріндегі соматикалық фраеологизмдер», А. О. Кәріпжанова «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер», Б. К. Уызбаева «Қазақ тіліндегі етістікті соматикалық фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты».

Соматикалық атаулар негіз болған фразеологизмдер семантикасы

Slide 4

Бас соматизмі VІІІ ғасырдағы көне түркі ескерткіштерінде, көне ұйғыр, қыпшақ және оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік - baš, хакас тілінде - pas, чуваш тілінде - pus кездеседі. Қазақ тілінде бастың түрін анықтайтын домалақ бас, сопақ бас, таз бас, қауын бас т. б. тіркестер бар. І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» 169 фразема берілген. Мысалы: шүйке бас, қу бас, басы айналу, бас ауырту, бас аманда, бас бұзар, бас байлады т. б.

Қазақ тілінде бас соматизмі ұйытқы болған бас иді, бас иіп сәлемдесті, басын салбыратты, басын көтерді және т. б. фраземалар этикеттік форма ретінде тілде жиі қолданылады.

Бас мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Slide 5

Көз мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Slide 6

Көз мүшесі негіз болған фразеологизмдер:

Slide 7

Қол - адамның бірден-бір бес аспап еңбек қаруы. Қол араласпайынша өз-өзінен бітетін дүниеде бірде-бір шаруа жоқ деуге болады. Қолдың сондай мәнді қызметінің бірсыпырасы тұрақты тіркеске айналып кеткен.

Қол мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Slide 8

Аяқ-белгілі объектіні танып-білу үшін олай-былай жүріп-тұруда үлкен мәнді қызмет атқарған. Аяқтың әрбір қимыл-қозғалысы әр түрлі фразеологизмге ауысқандығы байқалады. Мысалы: аяғы аяғына тимеді, аяғы жерге тимеді, аяғы көктен келді, аяғына бас ұрды, аяғын алшаң басты, аяғынан тік тұрады, аяғынан тік тұрғызылды, аяғына кісен салды, аяғына тұсау түсті, аяғын әріге салды, аяғын қия бастырмады, аяғын шалыс басты, аяғының ұшынан басты, аяғын аңдап басты, аяғының ұшымен жорғалады, аяқ асты болды т. б.

Аяқпен байланысты бірсыпыра өлшемдік ұғымды білдіретін тұрақты

тіркестер жасалған. Мысалы: қарға адым жер, ат адым жер, бір аттам жер, бір табан жақын, аяқ жетер жер т. б.

Аяқ мүшесі негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Slide 9

Қазақ тұрмысының негізі - төрт түлік. Бүған халықтың ертеден бері келе жатқан ата кәсібі - мал шаруашылығы әсер етсе керек. Осыған байланысты халық танымында оларға қатысты символдық мән қалыптасқан. Мысалы, қазаққа ен даласын танытқан, оның шегі мен шексіздігін сездірген киелі жануар жылқы - күннің, қозғалыстың, түрақтылықтың символы, айрықша күш- қуаттың, күн нүрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі. Бүлардың ішінен төрт түлікті (олардың мифтік иесі - Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан атамен Шекшек ата) тірі қазына деп ерекше бөліп айтқан. Солардың бірі халық арасына кең тараған аңыз бойынша жер бетін топан су қаптаған кезде Нұх пайғамбар өз кемесінде әрбір хайуан түрінен бір-бірден сақтап, осы күнгі жан-жануарлар содан тарапты-мыс. Бұдан басқа да мал түліктері табиғат құбылыстарынан жаралды деген мифтік нанымдар болған. Халық түсінігі бойынша әр түліктің өзіне тән "пірі". «қамқоршысы" бар. Мысалы Шопан ата, Сексек ата және т. б. Әрине, бұлар халық қиялы тудырған мифтік тұлғалар десекте, кейбір пірлер бір кездерде өмір сүрген адамдар болуы мүмкін. Мәселен, Маңғыстау облысында қошқар ата, шопан ата зираттары бар және олар осы күнге дейін сақталған. Мал түліктерінің пірлері мифтік болса да, бертін келе халық арасында өмір сүрген адамдарға, ауысып халық бұл адамдарды пір санап, әулие тұтуы мүмкін.

Төрт түлікке байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Slide 10

Төрт түлікке қатысты ФТ-терді зерттеуге қатысты теориялық мәселелердің ғылыми негізі С. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, М. М. Копыленко, С. Сәтенова, Г. Смағұловалардың зерттеу еңбектерінде кеңінен қарастырылады. ФТ-тер қалыптасуының нақты уәжділік және этнолингвистикалық сипаты А. Жылқыбаева, Қ. Ғабитхан, Ш. Сейтова, Б. Дина, Ш. Қарсыбековалардың зерттеулерінің арнайы зерттеу нысаны болған. «Малға тәуелділігін қазақтар әр қас қағым сәтте сезініп отырады. Сондықтан өздерінің барлық әдет-ғұрып, салт-санасын малмен байланыстырып отырады» - дейді белгілі түрколог В. В. Радлов .

Төрт түлікке қатысты фразеологизмдердің зерттелуі

Slide 11

Жылқы түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Slide 12

Жылқы түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Slide 13

Түйе үстінен сирақ үйтіп; түйе үстінен ит қапқан -

ебедейсіз, болбыр адам

Бір күн бие, бір күн түйе -

жағымсыз мінез

Сөзі түйеден түскендей -

дөрекі сөз

Түйенің тұяғы түскен жер -

алыс, қашықтық

Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің; ақ түйенің қарны жарылу -

молшылық

Түйені түгімен, биені бүгімен жұтқан -

парақор, жемқор

«Түйе» малы қазақтар өмірінде бірнеше ұғымдық коннотацияны қалыптастырған. Ол ұғымдар бір күн немесе бір жылдың ішінде тумайды. Көп уақыт өте келе, салыстырмалы ұғым дами келе, адамдар әбден танып білген соң, ұқсату заңдылығымен метафора арқылы балама ойын екінші атаумен жарыққа шығарады. Түйе малдың көзі, қазақтар түйені тұрақты тіркес жасауға эталон, символ ретінде қабылдаған. Түйе түлігі шөлге өте шыдамды, сүті бал, өте дәмді, көптеген ауруларға ем. Сондай-ақ көшіп қонуға таптырмайтын көлік. Түйеге байланысты мынадай фразеологизмдер бар:

Түйе түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Slide 14

Қой түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Қой - қазақ үшін бейбітшілік, тыныштық, үндестік символы. Осы түлікке байланысты қойдан жуас, қой аузынан шөп алмас, қойдай қоңыр т. б. тілдік оралымдар қойдың жуас та биязы мінез-құлқын талдап, сол мінездің қазақ үшін қасиеттілігінен қалыптасса керек. Қазақ халқының ертеден азық ретінде пайданалатын түлігінің бірі-қой. Төрт түлік малдың ішінде ең момыны да осы қой. Қойға байланысты фразеологизмдер де, мақал-мәтелдер де баршылық. Мысалы,

қой ауызынан шөп алмас, мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл кесір, қасапшыға мал қайғы. қара ешкіге жан қайғы, қойшы көп болса қойды қасқыр жейді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, т. б.

Slide 15

Сиыр түлігіне байланысты фразеологизмдердің семантикасы

Slide 16

“Құлаққа ұрған танадай“ тұрақты тіркесінің де қалыптасу уәжі қазақ халқының малға қатысты тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Осы тұрақты тіркестің қалыптасу уәжі мынадай дерек арқылы түсіндіріледі. “сиырдың жас тілінде “айналшық”деген дерт болды. Оны ғылыми түрде “ценнуроз“ деп атайды. Олай ауырған мал сенделіп, тұрған жерінде айнала береді. Ертеде қазақтар ауырған малды жұдырықпен құлаққа қатты соғу арқылы жазған, сонда есеңгіреп қалған төл, аздан кейін шөп жеп, су іше бастайды. Қазақтың тып-тыныш халді “Құлаққа ұрған танадай” деуі содан болса керек. Яғни, о баста мал емдеудің бір тәсілі болған құлаққа ұру, кейін уақыт өте келебастапқы мәні ұмыт болып, тек тұрақты тіркес түрінде тілде орын алса керек. ҚТФС-да “Құлаққа ұрған танадай“ тұрақты тіркесінің тып-тыныш, жым-жырт” мағынасы ғана берілгенін жоғарыда айттық, әйтсе де, кейде көркем әдебиетте осы тіркестің есеңгіреп қалу деген нұсқасы да қолданылады. Мысалы: танк құлаққа ұрған танадай есеңгіреп сырт тоқтап қалды. (М. Момышұлы) . Біздіңше, құлаққа ұрған танадай тіркесінің ең негізгі мағынасы - есеңгіреу. Бұл мағына ең алдымен теңеу мәнінде қалыптасқан. Акад. Ә. Қайдар да бұл тіркестің мәңгіру деген мағына беретінін айтады. Есеңгіреу мен мәңгіру өзара мәндес сөздер. Ал тілімізде полисемиялық құбылыстың нышаны ретінде жалғаса туған “тыныштық, жым-жырт“деген мағынасы жиі қолданылады. Сонда бұл тіркестің екі мағынасы бар: бірі-есеңгіреу, екіншісі-жым-жырт тыныштық.


Ұқсас жұмыстар
Етістік мағыналы фразеологизмдердің семантикасы
Төрт саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Қырық саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Төрт санының символдық мәні
Сегіз қырлы
Фраземалардың жасалу көздері
Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы
Фразеологиялық бірліктердің мағына тұтастығы
Мақаланың жазылуы және оған қойылатын талаптар
Шыдаған суға басынан, Далалар жарасымды
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz