Төрт санының символдық мәні


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира

Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.

Шымкент, 2021

Сындық және сандық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы

Slide 2

Жоспар

Сындық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы

1. 1. Адамның мінез-құлқы негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

1. 2. Заттың сыны мен сапасы негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

1. 3. Түр-түс атаулары негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Сандық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы

2. 1. Сандық символдар

2. 2. Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, қырық сандардырының символдық мәні

Slide 3

Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен ~ биік, үзын; қара қылды қак, жарган -әділ, турашыл; қағанағы қарқ, саганағы сарқ, - мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік- жазғыш, қаламы төселген; ит тұмсыгы өтпейтін - қалың, бітік; көк жан - арық, жүдеу; үріп ауызга салгандай - сүйкімді, әдемі; қой аузынан шөп алмас - момын, жуас; тонның ішкі бауындай - ең жақын; он саусағынан өнер тамган -шебер, ісмер; тілінен бал тамган-шешен, тілмар; қөзі қырағы- көреген, жіті; көзден бір-бір ұшады - зәру; қара бет - арсыз, бетсіз; екі жүзді - опасыз, тұрақсыз; жүрек жүтқан - батыл, өжет, ер; аяқ алып жүргісіз - көп, қалың; аты шулы - атақты, әйгілі; аузын буған өгіздей - үндемейтін, мылқау; қолы ашык, - мырза, жомарт; еті тірі - пысық, ширақ; іске татыр - жарамды, іліп алар; тас бауыр - мейірімсіз, т. б.

Сындық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы

Slide 4

қой аузынан шөп алмас

момын, жуас

жүрек жүтқан

батыл, өжет, ер

қолы ашык

жомарт

қара қылды қақ жарған

әділ, турашыл

аспанмен тілдескен

биік, ұзын

ит тұмсыгы өтпейтін

қалың, бітік

тайға таңба басқандай

анық, айқын

аяқ алып жүргісіз

көп, қалың

Адамның мінез құлқы негіз болған фразеологизмдер:

Заттың сыны мен сапасы негіз болған фразеологизмдер:

Slide 5

Түр-түс атаулары негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Түр мен түстің мәдени көздерін ашу арқылы ежелгі адамдардың шығармашылық даму үрдісін ғана емес, дүниетанымын, әлемді бейнелеп көру, тану түсінігінің кілтін аша аламыз. Шындығында түр-түс атауларын тамыры алыста жатқан, халықтың ұзақ тарихымен төркіндес, оның рухани, мəдени өмірімен астарласа келіп, эстетикалық талғам-танымымен, ұлттық психологиясымен, салт-санасына, əдет-ғұрпымен ұласатын қоғамдық, филологиялық, этнолингвистикалық мəні зор мəселелер қатарына жатқызуға болады. Түр-түс ғылымының дүниеге келіп, жан-жақты зерттелу нысанына айналғанына екі ғасырға жуық уақыт болды. Алғашқыда түс табиғаты олардың практикалық қажеттілігіне орай көбірек зерттелінді. Бұл тұрғыдан есімдері белгілі болғандар - Ньютон, Ломоносов, Вернер, Саккарде, Рунге, Освальд, Гете, Мерц, Поля, Рехтер, Раткин, М. Люшер т. б. Түр-түстің лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі жалпы тіл білімінде - Л. Уроф, А. Мэтьюз, Р. Фрумкина т. б., түркі тілдері əлемінде - А. Н. Кононов, Э. В. Севортян, А. М. Щербак т. б. есімдерімен байланысты.

Slide 6

Табиғат құбылыстарына байланысты фраземалар: қара жауын «қалың жауын», қара суық «күз айларындағы жаңбырсыз, қарсыз суық», қара дауыл «екпінді суық, ызғарлы дауыл», қара жел «жауын-шашынсыз азынап соққан өкпек жел», қара күз «нағыз күз, суық күз», қара көлеңке «апақ-сапақ, қара күз» «нағыз төңірек, айнала көмескі тартқан мезгіл» т. б.

Адамның сыртқы келбетін, түр-тұлғасын сипаттайтын фраземалар: қара көз «сұлу, әдемі, көркем», дәу қара «үлкен, еңгезердей, екі иығына екі адам мінгендей», алпамса қара «алпамсадай, сойталдай, еңгезердей ірі», қара жон «еті денесі тығыршықтай толық, әрі мықты, төзімді», ақ сақал, қара сақал «үлкен-кіші, түгел» т. б.

Адамның жеке басына тән қасеиттерді, ішкі жан дүниесін айқындайтын фраземалар: қара бет «ұятсыз, арсыз», қара жүрек «рақымсыз, мейірімсіз», қара ниет «арамдық, залымдық, жамандық» қара көңіл «аңғал, бейғам», көзі қарақты «білімді, оқыған адам, көкірегі сара», қара таяқ «ертерек кезде қалада оқыған адамға қойылатын кекесін ат», қара домбай «оқымаған, білімсіз», қара қылды қақ жарған «тура жүріп, тура сөйлейтін» т. б.

«Қара» сөзінің ұйытқы болатын қазақ тіліндегі фраземаларды семантикалық тұрғыдан төмендігдей топтастыруға болады.

Slide 7

Адамның физикалық қалпын, физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын фраземалар: қара еті жыртылды «денесі ауырды, көтертпей қалды», көзі қарауытты «қатты шаршады», жанарына қара ілікті «жанды не жансыз зат тұлғасы, нобайы көзге шалынды», ұрынарға қара таппады «кімге соқтығарын білмеді, біреуге тиісуге ілік іздеді», көз сүрінер қара жоқ «жанды не жансыз зат тұлғасы, нобайы көзге көрінбеді», қара үзді «көзін жоғалтты, құртты», қарасы батты «көзімді жоғалтайын, құриын», қара басы «жеке бас, тек өзі, өзі ғана», қара құс «шүйде жалғасқан сырт мойын», қара күш «адам бойындағы мол қуат, зор дүлей күш», қара терге түсті «қатты терледі, сел-сел болды», қарайып қалды «тосаңсып, тосырқап қалды, үйреншікті дағдыдан айырылып қалды, икемсізденді» т. б.

Адамның психикалық ерекшеліктерін, моральдық қалпын, ойлану, сөйлеу қабілетін, іс-әрекетін, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасын, тән қажеттіліктерін білдіретін фраземалар: жүрегі қарайды «ниеті бұзылды, жамандық ойлады», өкпесі қара қазандай «реніші таудай, көңілі қатты қалған», қара ой «ызасы келді, күйінді», басы қаралы «кісісі өлген, азалы, қайғылы», күні қараң «халдерің мүшкіл, күндер жоқ, жағдайларың қиын», қара көже «қатықсыз көже», қара нан майға пісірмеген нан, қара шай «сүт, қаймақ қатып ағартпаған шай» т. б.

Жалпылық ұғымдарға байланысты фраземалар: қара күйе «жала айып», қара жала «нақақ айып, жала», қара таңба «жаман ат», қара қайғы «қаза өлім» т. б.

Slide 8

Қоғамдық тұрміс-тіршілікке, адамның әлеуметтік жағдайына байланысты фраземалар: қара түн «қасіретті, қайғылы» қаралы хабар «қайғылы хабар жаршысы», қара сирақ «тақыр кедей, жарлы-жақыбай», қара қағаз «майдандағы жауынгерлердің мерт болғандығын хабарлайтын қағаз, хат» т. б.

Тұрмыс-салт әдет-ғұрып, наным-сенімге байланысты қара сөзінің қатысуымен жасалған фраземалар: қара шаңырақ «кенже ұлға мирас болып берілген отау» қара орман «қалың, ну», қаралы үй «азаматы өлген, азалы үй», қаралы жаулық «ері, жанашыры қайтыс болған әйел», қаралы көш «кісісі өлген, қайғылы, азалы көш», қаралы ауыл «адамы қайтыс болып аза тұтып отырған ауыл» т. б.

Алғыс-қарғыс мәнді фраземалар: жүзі қара «ұятсыз, арсыз, қара 165 бет», қараң өшкір «құры, көзің жоғалсын», қара мал «сиыр, жылқы, түйе», алдына қара салмады «жарыста алдына мал түсіріп көрседі» т. б.

Сауыт-сайман, қару-жарақ және зергерлік өнерге байланысты фраземалар: қара мылтық «күміс әшекейсіз», қара садақ «үлкен садақ», қара маржан «асыл тастың түріне байланысты» т. б.

Slide 9

Семантикалық-тақырыптық тұрғыдан «ақ» сөзімен келетін фраземаларды төмендегідей жіктейміз:

Slide 10

Семантикалық-тақырыптық тұрғыдан «ақ» сөзімен келетін фраземаларды төмендегідей жіктейміз:

Slide 11

кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала - сары дала, сары бел, сары жайлау;

табиғи физиологиялық кейбір құбылыстардың ұзаққа созылуы сары күз, сары төсек, сары уайым, сары ізіне шөп салу, ұзын сары;

кексе әйел - сары жілік, сары тіс, сары қарын;

жас бала, балапан - сары ауыз балапан, сары мойын, сары уыз;

тіс қаққан, әккі болған, шыныққан - сары тоқым ұры, сары табан, сары ауыз;

көп сақталған, сүрленген, қалыптасқан - сары май, сары сабан, сары тора шақ, сары табан қар;

Сары сөзі сары алтын тіркесінде таза, қоспасыз деген мағынаны білдіреді. Сары сөзінің этимологиясына талдау жасаған профессор Р. Сыздықова сары алтын тіркесіндегі сары сөзі парсы тілінің сара «таза, қоспасыз, пробасы жоғары» деген мағынаны береді.

Сары ұғымының төмендегідей мағыналары бар:

Slide 12

аспан, аспан әлемі - төбесі көкке жету, көктен тілегенін жерден табу, көк соқыр!, көкке көтерілді;

шөп, көгеріп шыққан өсімдік, көкөніс - көк майса, көк шөп, көкке аузы ілігу, көк ату;

жас, піспеген шикі - көк түйнек, көк өрім, көк сағал;

арық, жасық, майсыз, дәмсіз - көк бақа қозы, көк қарын, көк шалап;

шыдамды, көнбіс, елеусіз көптің бірі - көк есек, көк жұлын, көлденең жүрген көк атты;

қаһарлы, қайсар, айлалы, ашушаң - көк долы, көк бет, көкжал бөрі, көк мүйіз, көк азу;

мылжың, езбе - көк езу, көк малта езу, көк мылжың;

жалқау, топас, қалжырау - көк желке болу, көк жұлын болу, көк тер болу, көк иық болу, көк жылқау, көк ми;

найзағай - көк найзағай, көк жай және т. б.

Қазіргі қазақ тілінде «көк» түсінің байлаулы коннотациялық мағынасы фраземалар құрамында төмендегідей болып келеді:

Slide 13

Ертедегі мифопоэтикалық дәстүрлерде сан ұғымдарына киелі мән беріп, өн бойына космоникалық мағыналар жүктеген. Адамзат қоғамында сандар діни, тәңірлік және әлемдің символдар ретінде қарастырылып, олардың бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар жатқанына, сонымен қатар бұл құдіретті күштердің адамға жақсылық та, жамандық та алып келетініне сенген. Сан есімдер бойындағы мифопоэтикалық семантика мен символдық қолданыстар олардың магиялық қасиеттерімен тікелей байланысты. Сан есімдер мофологемасы дара сандар да ғана емес, антропонимдерде, фразеологизмдерде де көптеп сақталынған. Ономастика ғылымының көрнекті ғалымы Т. Жанұзақов сан есімдермен келетін жалқы есімдерге, 1-10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100, 1000 сандармен келетін кісі аттарына тоқтала келіп, ол есімдердің көбінесе ер кісілерге берілетін, ал санмен әйелдер есімінің кездеспейтінін айтады.

Сандық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы

Slide 14

І. Кеңесбаев сан есімдермен жасалған фраземаларға талдау жасай келіп, «. . . тұрақты сөз тіркестерінің біраз бөлігі . . . сан есімдер төңірегіне топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуіріндегі ұғым-түсініктерімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. . . . үш, жеті, тоғыз, қырық сөздері өзінің сан-мөлшерлік қызметін көп жағдайда жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені халықтың ескі, наным, түсініктерінен туған. Бірақ бертін келе бұл ұғым-түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге келеді», - дейді.

Сандық мағыналы фразеологизмдердің семантикасы

Slide 15

Бір санының «Құдай, Алла, Жаратушы ием» сөздерімен тіркесіп келуі

Мысалы: бір Құдайдың ұрғаны, бір Құдайдан тілегенім, бір Құдай біледі, бір Алла өзің жар бола көр!, бір Аллаға тәуекел және т. б.

Бір санының соматизмдермен тіркесіп соңғы, қорытынды деген мағына беруі

Мысалы, бір ауыз сөз «соңғы сөз», бір ауыз сөзге келмеді «үндемеді», бір беткей «айтқанынан қайтпайтын», бір ауыздан «түгел, тегіс» және т. б.

Бір санымен тіркесіп келетін заттың, нәрсенің мөлшерінің, арасының аз, жақын екенін білдіретін тіркестер

Мысалы, бір асым «ет», біраттам «өте жақын жер», бір жапырақ «азғантай», бір киер «оқта-текте киетін», бір түйір «аз, кішкентай ғана» т. б.

«Бір» санының символдық мәні

Slide 16

«Екі» санының символдық мәні

Slide 17

І. Кеңесбаев фразеологиялық сөздігінде үш санымен келетін фраземалардың бірнеше мағынасын көрсетеді:

«Үш» санының символдық мәні

Slide 18

«Төрт» санының символдық мәні

Slide 19

«Бес» санының символдық мәні

Slide 20

Алты санының мағынасында өте көп, шексіз, шетсіз семасы бар. Бестік санау жүйесінен кейінгі (көп мағынасындағы) алты саны да халық ұғымында алыстық, күштілік, кереметтік, қаһарлық мағынасы бар. Алты аласы, бес бересі жоқ «айдаладағы алыс біреу», алты арыс «ірі-ірі ру-тайпалары, туыстық жағынан жақындар», алты алаштың баласы «күллі қазақ, тұтас», алтау араз болса «өзара араз, береке болмаса», алты қабат аспанның ар жағында // алты қырдың ар жағында // алты қырдың астынан «алыста, қиырдың фраземаларында алыс, көпшілік, біртұтас мағыналары басым болса, алты басты айдаһари «айбарлы, күшті, дүлей», алты батпан «аса зор, үлкен, тым ауыр», алты батпан азап «ауыр жол, қиянат-қсіреті мол өмір», алты малта ас болмай «басқа қиыншылық күндер туып, жартымсыз тамаққа көну», алты қанат ақ үй // алты қанат ақ орда «үлкен, еңселі, салтанатты», алты құлаш ақ найза «батырларға арналған ұзын қару» идиомаларында күшті, қаһарлы, үлкен, ұзын, дәу өте, зор мағыналары басым.

«Алты» санының символдық мәні

Slide 21

«Жеті» санының символдық мәні

Slide 22

«Сегіз» санының символдық мәні


Ұқсас жұмыстар
Сегіз қырлы
Алгоритмнің орындалу
Program программаның аты
Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы
Типтерді өзгерту функциялары
СИ тілінің жалпы характеристикасы. Си программалау жүйесіне кіріспе
Аналардың бейнесі
Символдың табиғаты
Айнымалы ұғымы. Айнымалымен жұмыс істейтін процедуралар мен функциялар. Тармақталу алгоритмін орындайтын программа
SELECT инструкциясын қолданудың мысалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz