Сегіз қырлы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Жеті, сегіз саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Жоспар:
Жеті, сегіз саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Тоғыз, он саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Жеті саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Қазақ халқының дүниетанымында да «жеті» санының киелі сипат алуы ертеде «Жеті қарақшы» жұлдызына оны киелі санауына тікелей қатысты деуге болады. Сонымен қатар адам болмысының тігімен үш қат, көлденеңінен төрт құбыла, ал екеуінің қосындысы жеті, сондықтан жеті бүкіл әлемнің символы. Қазақ фразеология ғылымының көшбасшысы академик І. Кеңесбаев жеті санының жұмсалу өрісі өзге сандардан гөрі кеңірек және оларда көне дәуір салтының ізі сақталғанын айтады. Жеті саны да киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар - жеті, аспан неше қабат - жеті, жер неше қабат - жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі - жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік.

Жеті саны негіз болған фразеологизмдер

Академик Ә. Қайдар жеті қазына тіркесіне этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жасай келіп, былай дейді: «. . . халық ұғымындағы сегіз қырлы, бір сырлы жігітке қажетті байлық - қазынаға көбіне-көп: а) жүйрік ат, ә) қыран бүркіт, б) құмай тазы, в) берен мылтық, г) өткір кездік, ғ) ау-жылым, д) қандауыз қақпан жатады. ». Ал кейбір этнографиялық мәліметтерде жеті қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ақыл мен білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит) - деп көрсетеді.
Қазақ салтында қайтыс болған адамның жетісі деген ұғым бар. Жетісі - шыбын жанның о дүние есігін алғаш ашып, ақыреттің тозақ оты алдында жауап беруі. Ғылымда бұл өлі денедегі қанның ұйып, ал ұйымағаны денеден әр түрлі жолдармен сыртқа бөліну кезеңі деп аталады.
Қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала.

Сегіз саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Сегіз саны көне мифологиялық таным бойынша адамға сенімділік беретін символдық сан ретінде қабылданады. Сондай-ақ сегіз мәңгілік қозғалысты символдайды. Себебі сегіз қырлы атрибуттар әлемнің төрт бұрышының екі еселенуі, қос шаршы (квадрат) : 2+2+2+2 - өсу, жетілу, даму символы. Яғни екеуден екеу шығады, төртеуден екеу шығады, одан екеу шығады деген гүлдену, өркендеу, өрбу ассоциациясы негізінде қалыптасқан.

Сегіз саны негіз болған фразеологизмдер

Зерттеуші Н. Байдабектің “Әлем кітабы” атты қолжазбасында сегіз (сегізінші қағида) - шексіздік уақыты, өлшемі, мөлшері деп түсіндірілген. Сегіз қиыр шартарап деген сөз тіркесі күллі әлем, дүниенің төрт бұрышы деген мағынада қолданылады - осы мағынаның аржағында “шексіздік” деген мағына тұр деп тұспалдауға болады. Сегіз қырлы, бір сырлы деген тұрақты сөз тіркесінде жан-жақты өнерпаз, шебер адам (жігіт) жөнінде айтылады, ал “жан-жақты” дегеніміз “өте көп (шексіз санауға келмейтін) ” деген мағынаны меңзеп тұрғандай.
Фольклортанушы Серікбол Қондыбайдың пайымдауынша, сегіз қырлы, бір сырлы (“сегіз+біреу”) деген сегіздікті бүкіл танымның бастауы деуге болады. “Сегіз қырлы. . . Сөз тіркесінің өзі әлдебір геометриялық пішінді көрсетіп тұрған сияқты. Бұл - сегіз-шоғым таңбасы. Яғни төрт сызықтың бір нүктеде қиылысуы бір нүктеден тарайтын сегіз қияны (сәулені) туғызады. Міне, осы тұста сегіз - шоғымның екі элементтен - сегіз сәуледен және бір нүктеден (тоғызыншы “сәуле”) тұратындығын көреміз”.
Бұл геометриялық модель (пішін) сегіз ұшты жұлдызға негіз болған көрінеді. Ал “Ілкі Дәстүрді (Ілкі Төрді) әспеттеушілердің сөзіне құлақ асар болсақ, сегіз ұшты жұлдыз мәңгілікті, онтологиялық орнықтылықты, үлесті ғаламның сыртына шығуға және тау ғаламның қозғалмайтын болмысын білдіреді екен. “Сегіз қырлы, бір сырлы” геометриялық моделінен ғалам бітімінің бейнесін көруге болады. Қорыта айтсақ, “сегіз қырлы, бір сырлы” адам (жігіт) бұл дүниенің болмысын (сансыз қырын) және Хақты (тоғызыншы сырды - нүктені) таныған (меңгерген) адам болып шығады.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» тіркесі

Қазақтың дәстүрлі танымында тоғыз саны этнографиялық категория ретінде қызмет етеді. Яғни тоғыз ұғымы ақиқат дүниенің бейнесін жасаушы лингвомәдени концепт ретінде айқын көрініс таба алады. Қазіргі таңда «қоржынға тоғыз салыпты», «тоғыз беру» сияқты қолданыстар құдаласу салтында немесе той-томалақта кәделі сыйлық ретінде ассоциацияланады. Расында да үйлену тойында, қыз ұзату дәстүрінде құдалардың өзара тоғыз беру салты бар. Демек, «тоғыз» концептісінің қарапайым бейнесі - кәделі сый ретінде қабылданады. Дегенмен, көне тәңірлік, шамандық таным-түсініктің сарқыншағы ретінде санамызда үш, жеті, тоғыз сандары киелі сан деп танылады. Мәселен, құмалақ ашқанда үш-үштен тоғыз түсуі жақсылыққа жорылуы, қызға жасау бергенде тоғыз-тоғыздан етіп жасалуы, жырға баскиіміне тоғыз моншақ тағу (көз тимесін деп), үй жасауларына (кілем не текемет) жеті немесе тоғыз түрлі бояу қатыстыру, ертегілерде тоғыз ұлы болыпты деп баяндалуы, т. б тоғызға қатысты наным-сенімдер мен ырым-тыйымдардың өзі тоғыздың киелі сан екенін мойындатады
Тоғыз саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Тоғыз санының семасында атаудың немесе қимылдың сандық шегі деген мағына бар. Кейбір түркі халықтарында «салықтың тоғызы» тіркесі сақталған. Оның мәні халықтың мал саны тоғыз тоғыздан болу керек болған: тоғыз ат, тоғыз сиыр, тоғыз өгіз, тоғыз киімді мата және т. б.
Қазақ тілінде бір тоғыз немесе тоғыз беру тіркестері сақталған. Тоғыз беру бір рудың екінші бір руға төлейтін айыбы, жол-жоралғы немесе үйлену тойында берілетін сый құрмет. Салт бойынша тоғыздың құрамында тоғыз түрлі зат болу керек. Тоғыз іштей бір тоғыз, екі тоғыз т. б. болып бөлінеді. Сонымен халық салтындағы тоғыз аяқ, тоғыз табақ ұғымдарда тоғыз санының символдық-таңбалық дәлелі бола алады.

ТОҒЫЗ БЕРУ- айыппұл төлеу. Қазақтың байырғы тұрмыс-салтында кездесетін дау-жанжал кезінде би шешімі бойынша кінәлі деп танылған жақтың айып-анжы төлеуі. Бұл концептілік құрылымның тілдегі көріністері мынадай:

ТОҒЫЗ - тіл көзден сақтаушы киесі бар сан. Қазақы дәстүрде қыздың баскиімін, бешпентін әшекейлегенде моншақ тастарын тоғыз-тоғыздан салып отырған.
Тоғыз моншақ. Нəрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Жырға керегесіндегі көздердің жоғарғы және төменгі жағынан (тоғыз жерден) тесік тесіліп, астарлық мата осы тесіктерден өткізілген жіппен тігілген. Астарды жырғаның төбесіне екі жерден тігіп бекіткен. Төбесінде 9 қырлы жұлдызша және оны айналдыра орналастырылған 9 жасыл түсті перуза тастары салынған. Қазақта тоғыз моншақ деп аталатын моншақ түрі болған. Бірден сіз тоғыз қылып бәйгі алсаңыз, Берейін тоғыз моншақ жіпке тізіп. . .
Тоғыз көзді кіреуке. Эпостық жырларда кездесетін батырлар киімінің бір түрі.
Тоғыз құйрықты байрақ. Елден ерекшелену үшін тоғыз түсті матадан жасалған байрақ ұстау тарихта болған. Жазба деректерде Шыңғыс ханның тоғыз құйрықты байрағы айтылады. Айыру белгісі болғандықтан байрақта шашақ пен 118 мата баудың түсі де маңызды болды, көзге бірден көріну үшін əдетте байрақта шаңқай қызыл, ақ, қара жасыл, көк, сары түсте пайдаланылған.

ТОҒЫЗ - құда болу салтында, қыз ұзату, құда түсу рәсімдерінде берілетін кәделі сый. Тоғыздың құрамында тоғыз түрлі зат болуы тиіс.
Тоғыз қатын жортақай - дəстүрлі неке салтында күйеу жолдас тарапынан берілетін кəде түрінің атауы. Қыз жеңгелерінің күйеу жігіттің қасына еріп келген күйеужолдастан «жортақайын», яғни кəдесін талап етеді. Күйеу жолдас жортақайын бермесе, тоғыз қатын жабылып тартып алуға тырысады. Сондықтан тиісті кəдесін беріп құтылады.
Жанды тоғыз - малдан құралған сый. Бес жақсыға жанды тоғыздан қара нар, емшегі тұтам бие (не қазанат) .
Жансыз тоғыз - дүние-мүлік, бағалы заттардан құралған сый. Жансыз тоғызда қалы кілем, алмас қылыш (не түзу мылтық), тəуір киім (қымбат ішік, жібек шапан т. б. ) болады.
Тоғыз торқа жабу - сыйлық. Бесікке салу тойында жасалатын рәсім. Бала бесікке бөлеген соң «өскенде бай болсын, жоқтық көрмесін» деген ниетпен, бесікке тоғыз торқа жабады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz