Қырық саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Қырық саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Жоспар
Қырық саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Қырық негіз болған фразеологизмдердің семантикасы
Мифологиялық культуралар, адамның болмысындағы түрлі мөлшер ұғым семантикасы
Үстеу мағыналы фразеологизмдердің семантикасы
Заттың сапасын білдіретін фразеологизмдердің семантикасы
Мезгілін білдіретін фразеологизмдердің семантикасы
Мақсатын білдіретін фразеологизмдердің семантикасы

Қырық - халықтың мифтік санасында киелі, қасиетті саналатын сандар тобының бірі. Қырық сөзі сандық мағынаны білдірумен қатар тұрақты сөз орамдарының жасалуына ұйтқы болып, адам өмірінің әралуан саласына қатысты ұғымда жұмсалған. Қырық саны о баста «көп», «мөлшерсіз» деген мағынада қолданылған болу керек. Қазақ тіліндегі қырық қарақшы, қырық бұрау, қырық тесік, қырық жыл тіркестерінде көптік мағына сақталған.
Қырық саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

«Қырық» сөзінен адамға қатысты қолданылатын мынадай тіркестерде сақталған: бір кісі таққа отырса, қырық кісі атқа отырады, ақылы қырық кісілік т. б. Қырық сан есімімен келетін фразеологизмдер: қырқына шыдаған соң, қырық біріне де шыда, қырықтың бірі - қыдыр, қырықтың қылауынан қырық қабаттанып отырды, қырық саққа жүгіртті, қырық пышақ болды, қырық қалта, қырық құбылды, қырық қазанның құлағын тістеді, ертегілерде қырық күн ойын, қырық күн тойын жасады, қырық күн жол жүріпті, тазшаның қырық өтірігі т. б.
Діни эпос әлеміне тынбай саяхат жасаушы ғалым М. І. Әбдуов «қырық» санын адамның жаратылу уақыты дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деген нақылдың мағынасы адамзаттың бірі - Қыдыр деген түсінікті береді. 41 құмалақтағы «Бір» - Жаратушы Алланың, «қырық» - жаратылыстың абзалы Адамның құрметіне алынған». Мақал-мәтелдерде қолданылатын қырық саны «әншейін» сан емес, «киелі» мөлшер екенін көрсетеді. Қазақ «қырық күн шілде» деп жаз айының нағыз аспан айналып жерге түсер ыстығын айтқан. Қырықтың өлшем бірлігі болатынын мына мысалдардан да көруге болады: «жақсы ата жаман балаға қырық жылдық азық», «қырық жамау» немесе «қырық құрау», «қырық тесік» - әбден тозығы жеткендікті білдіреді т. б.
Қырық саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы

Қырық қасық су
Қырық қадам аттап қыдыру
Қырық құмалақ салу
«Қырқынан шығару» ұғымындағы қырық саны адамның дүниеге келгеннен кейінгі, дүниеден өткеннен кейінгі жанының сақталу/сақталмау сынағынан өтетін уақыттың мөлшері іспеттес. Сондықтан қырық - қазақ танымында аксиологиялық ұғым.
«Қырық» сөзі ұйытқы болған фразеологизмдер

Сонымен, қырық санының халық түсінігіндегі сакральдік мәнін былайша бағамдауға болады:

Мифологиялық культуралар, адамның болмысындағы түрлі мөлшер ұғым семантикасы
Қырық жас - қамал бұзар жас деп түсінген қазақ халқы қырық жасқа ерекше мән берген. Адам жасына қатысты қырық жас - қазақ түсінігінде ақыл тоқтайтын, даналық қонатын, дене күші толысатын кемел жас. Әйгілі Жетес шешеннің: Қырық жас та - бір дәуір, Ақ алмастай жарқылдадым, Сөз кезегі келгенде маған адам жетпеді, - дейтін шешендік толғауы бар. Сондай-ақ, қазақ халқының паремиологиялық қорындағы «қымыздан артық ас жоқ, қырықтан артық жас жоқ», «жақсы қырқында толады, жаман қырқында солады», «отызда орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» деген мақалдарда қырық жасты күш-қуаттың эталоны іспетті таниды.
Қазақ халқы сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткен соң, ыдыстың түбіне күміс салып, қырық қасық суды жақын адамдарына жақсы тілектер атқызып, суға түсіріп, қарын шашын алатын болған. Бұл «қырқынан шығару» деп аталады. Сонымен қатар, адам өмірден өткенде қырық күннен соң, «қырқын» өткізіп, ас береді. «Адамның жаны қырық күннен соң шығады» деген діни ұғым бар.

«Әйел қырық шырақты» фразеологизмі
«Әйел қырық шырақты» фразеологизмінің астарында отбасының түтінін түтетуші тұлға бейнесін сипаттау мәні жатыр. Қазақта қырық шырақ жағу - исламға дейінгі наным-сенім бойынша қайтыс болған адамның аруағына арнап қырық күнге дейін, яғни қырқы өткенше шырақ тұтатып артын күту. Шырақ жағу жоралғысы әйелдің міндеті болып саналады. Отбасында отағасы немесе баласы, т. б қайтыс болғанда әйелі, анасы шырақ жағуды ұмытпаған. Әйел қырық шырақты деген түсінік осыдан қалған. Марқұмның жаны қырық күн өткенше үйіне келіп, «шырақ жағарым бар ма екен» деп, үйдегілердің жай күйін - біліп жүреді деген түсініктен туған. Өлік шығарған үйдің әйелі кеш қараңғысы түсе, есікті айқара ашып, оң жақ босағаға ақ киіз төсеп, аруақ дәметеді деп тостағанға қымыз құйып, шырақтың қасына қояды. Қайтыс болған адамды еске алғанда ұстағаның шырақ, мінгенің пырақ болсын дейді.
Адамның болмысындағы мөлшер ұғым семантикасы

Сәбидің ана құрсағында жатқан уақытынан бұғанасы қатып, есейіп еразамат болған шағы, кәрілікке жетіп, о дүниелік болған кезіне қатысты қалыптасқан діни ұғымдар мен тұрмыстық түсініктер бар. Сондай діни, мифтік түсініктердің бірінде ана құрсағына біткеннен бастап сәби жеті жұлдыздың (планетаның) әрқайсында қырық күннен қарамағында болады, ал әр жұлдызда 70 періште бар екен дейді. Сөйтіп, ана құрсағында сәби 280 күн (7х40=280) яғни тоғыз ай, тоғыз күн жеті жұлдыздың бақылауында, 70 періштенің қамқорлығында болады. Ал ана құрсағынан жарық дүниеге келген сәбиді Қырық Шілтен күн сайын біреуден келіп, қырық күн күзетеді екен деседі. Қырық күн өткенде шілде күзет аяқталды деп, шілдекүзет немесе шілдехана тойын өткізеді.
Адамның болмысындағы мөлшер ұғым семантикасы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz