Фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалардың бағалауыштық семалармен байланысы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған: 1701-10 тобының магистранты, Рахымбек Сабира
Тексерген: ф. ғ. к., аға оқытушы, Танабаев Ғ. Ө.
Шымкент, 2021
Фразеологиялық бірліктердің этномәдени және семантикалық сипаты

Жоспар
Фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалардың бағалауыштық семалармен байланысы
Бағалауыштық сема туралы түсінік
Фразеологиялық бірліктердің этномәдени және семантикалық сипаты

Сөз мағыналары денотаттық және сигнификаттық мағыналармен қатар олар эмоционалды-экспрессивтік мағыналардан да тұрады. Кейінгі кездері номинация теориясына деген қызығушылық пен оған көңіл бөлушілік тілдік таңбалардың эмотивтік жағына тілші ғалымдардың назарын аудартты. Ғылыми ізденістер мен зерттеулер көрсеткіштері тілдің барлық қабаттарының қызметінде номинативтік және информативтікпен қатар бағалағыштық, эмоционалдық және экспрессивтіліктің де ерекше орнын атап өтеді
Эмоционалды сема

Тілдің екі қарама-қарсы (антонимді), тілдік таңбаның ассиметриялығына негізделген, таза мәліметтік және экспрессивтік қызметтері тілдік жүйе қарқынының күшті стимулы (себепшісі) болып табылады. Тілдегі лексикалық мағынаның табиғатын зерттеуші атақты ғалым В. И. Говердовский: « . . . Тілдің лексикалық семантикасының табиғатын эмоционалдық пен рационалдықты диалектикалық түрде байланыстыра қарастыр-май толыққанды ашу мүмкін емес, себебі коннотация мен денотация арасында абсолютті қарама-қайшылық жоқ», - дейді [В. И. Горердовский, 1985; 77 б. ] . Мысалы, сезімтал адам, таза жүректі тіркестерін қара дүрсін, ұр да жық тіркестеріне қарсы қойып қана бұл тіркестердің табиғатын шын мәнінде түсіне аламыз. Қарама-қарсы екі полюстік мағынада, яғни жақсы мен жаман, қуаныш пен қайғы, ащы мен тұщы, махаббат пен зұлымдық, ақ пен қара, қарғыс пен алғыс сияқты түсінікте «екі түрлі сезім туғызу өмір тәжірибесі негізінде адамдар арасында белгіленген нормалар мен баға беру түсініктерімен тығыз байланысты».

М. Оразов жалпы сөздердегі эмоция мен экспрессивті төрт түрлі жол арқылы көрсетеді:

Тіл-тілдегі эмоционалды-экспрессивтік мағынаның көрінетін тұсы фразеологиялық бірліктер болып табылады. Бірақ бұл қасиетке барлық фраземалар ие емес. Мәселен, сәске түс «түс мезгілі», жол көрсету «бағыт беру», жүрек жалғау «тамақтану», беті бері қарау «жазылу», жұмған аузын ашпау «үндемеу» және т. б. көптеген фразеологизмдер мағынасында эмоционалды-экспрессивтік мағына жоқ. Сонымен қатар көпшілік фразеологизмдерде эмоционалды-экспрессивтік реңк болады. Фразеологизмдердің пайда болуының негізгі себебінің бірі - адам ойының әсерлі, бейнелі жеткізілуі болып табылады. Мысалы: аузы құлағына жету // ағзи қулиғиға йәтмәк «шексіз қуану», көзі шарасынан шығу «қорқу, таңдану», жан жүйесін босатты (тебірентті) «толқыды, көңілденді», өзегі өртенді «күйінді», төбесі көкке жетті «қуанды» және т. б.
Эмоционалды-экспрессивтік мағынаның фразеологиялық бірліктерде көрінуі

Коннотациялық мағына эмоция мен бағалауыштық компоненттерден тұрады. Денотаттық, сигнификаттық компоненттер кез келген сөздің мағынасында болса, коннотаттық компонентте ондай қасиет жоқ. Бұл микрокомпонент тек жекелеген сөздердің мағынасында болады. Адам айналасындағы заттар мен құбылыстарды қабылдағанда, адам санасында сол зат немесе құбылыс негізінде эмоция туады және сол зат немесе құбылысқа деген баға қалыптасады. Мағына сезім мен бағалағыштық болмаса, толық сипатқа ие бола алмайды. Эмоция мен бағалағыштығы солғын сөздерде, узуалды сипаттағы коннотаттық компонент сақталады. Бұл микрокомпонент эмоциялық бағалағыштық пен стилистикалық сипаттан көрініс табады.
Фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалардың бағалауыштық семалармен байланысы

Экспрессивті бояу тікелей аксиологиялық көзқарасқа байланысты болғандықтан, оның қандай формада коннотацияны туғызатынын, жалпы бағалау модальдігі мен экспрессивті модальдіктің айырмашылығын белгілеу үшін оның құрылымын қарастыру қажет. Эмоция - экспрессивтік негізінен сөйлеу үрдісіне тән құбылыс. Кез келген сөйлемде сол айтылып жатқан хабарға айтушының көзқарасын білдіретін элемент - модальділіктің болатындығы шындық. Ал тіл элементтерінің барлығында бірдей эмоционалдық-экспрессивтік мағына элементінің болуы шарт емес. Фраземалар мен сөздердің келтірінді мағынада қолданғанда сөздердің мағынасындағы эмоционалдық-экспрессивтік мағына анық байқалынады. Мысалы, түйе үстінен сирақ үйту «икемсіз, болбыр», қой аузынан шөп алмайтын «момын». Баға құрылымы мен оның модальдылық формаларын фразаларға бағалаушы бояу беретін мағынаның денотативтік микрокомпонентіне енбейтін белгілері бар хабарға қатысты нақтылайды.

Бағалауыштық тілдегі сөздер мағынасының модальдылығы деп қарастырылады. Бағалауыштық модальдылық сөйлеушінің субъектіден тәуелсіз объективті ойлаудың бәріне де көзқарасын білдіреді. Ғалым А. В. Филиппов коннотация ұғымына тек эмоционалдық және стилистикалық мазмұндағы семантикалық мағына жатады деп есептейді де, бағалауыштық және экспрессивті семаларды ол денотацияның белгілі бір бөлшегі ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, бағалауыштық сема - ұғымның (түсініктің) прагматикалық компоненті, сондықтан да ол денотация аспектісінің объектісі. Ал экспрессивтілік әрқашан сөздің (денотаттың) әдеттен тыс, жаңа тұлғасында көрініс тауып, нормадан ауытқыған окказионалдылықпен байланысты
Бағалауыштық сема туралы түсінік

Бағалағыштық сема

Фраземаларда адамзат танымындағы мифологемалар, халық дәстүрі мен салты, санасы мен сенімі, түрлі стреотиптер: қателіктері мен жетістіктері, қуанышы мен қайғысы, ұлттың мәдениеті бейнеленеді. Қазақ тіл байлығының қайнар көзі болып табылатын фраземалар - халықтың рухани қазынасы, тарихының куәсі, өмірінің айнасы. Тіл қазынасына, сөз байлығын адамзаттың қоғамдағы, табиғаттағы танып, біліп, анықтап болған сөз бен сөз тіркестердің білдіретін ұғымдары мен мағыналары деп түсіндіреді. Бірақ «сөздер мен олардың білдіріп тұрған ұғым мағыналары сан жағынан бірдей емес».
Фразеологиялық бірліктердің этномәдени және семантикалық сипаты

Фраземалар бойында сақталған денотаттық мағынаның бейнесін беретін тіркестерде халық тағдыры, ұлт тарихы елес бере алады. Осы тұста Г. Смағұлованың «ашулану, төбелес сияқты психологиялық эффект жағдайларын бейнелейтін мағыналас фразеологизмдер табиғатының бір ерекшелігі - олардың қатар санының ұзақтығы және өміршеңдігі. Төбелес сөзінің фоно-семантикалық басқа да белгілері - ұрысу, ұрсу, соғу - адамның жанына да, тәніне де қатысты физикалық әрекетті білдіреді. Мұндағы образдылықтың күрделілігі сонда, көз алдында өтетін мини-спектакль сияқты суретті көрініс эмоциялы-экспрессиялы сөзбен, әрине, адам жанына терең із, әсер қалдырады . . . Әр құбылыс мазмұнында бүтіндей халық тарихы, ұлт тағдыры елес береді», - деген пікірі өте орынды [Г. Н. Смағұлова, 1998; 183 б. ] . Одан әрі монографияда төбелес, соғыс, ұрыс семаларының фраземалардағы түрлі коннотаттық бейнелері сараланған. Мысалы,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz