Ғылымның мақсаты


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәрістің тақырыбы: «Білім, ғылым, техника және технологиялар» Дәрістің мақсаты: Философиядағы білім, ғылым, техника және технологиялар мәнімен таныстыру Алматы-2021

Slide 2

ЖОСПАР

1. Білім. Қарапайым және ғылыми білім. Білім философиясы.

2. Ғылымның мақсаты. Техника және өндіріс

3. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде қарастыру. Ғылым классификациясы.

Slide 3

Білім

Білім дегеніміз - материалдық дүние мен рухани құбылыстар туралы шынайы əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.

Slide 4

Қарапайым білім

Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған

қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге бөлуге болады. Ғылымға

дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе

ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның

қалай өтіп жатқанын пайымдайды.

Slide 5

Ғылыми білім

Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады.

Slide 6

Ғылыми білім

Басқаша айтқанда, ғылыми білім

оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мəнді жақтары

мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын

айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың

бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.

Slide 7

Ғылыми білім

Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда

жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық

сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен

қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында

туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі

болып табылады.

Slide 8

Ғылым дегеніміз:

Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі

, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын,

байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген,

қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.

Slide 9

Ғылымның мақсаты:

Ғылымның негізгі мақсаты - табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу.

Ғылым - материалдық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне

қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп,

жаңа бағыттар мен бағдарларын болжай білу құралы.

Slide 10

Техника және өндіріс

Ғылымды техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буын -

қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым

ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа

жəне ұтымды, тиімді жолдарын іздестіру.

Slide 11

Ғылыми білімнің ерекшелігі:

1) мұрат тұтуы;

2) ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;

3) жүйелілігі;

4) нақтылығы;

5) жаңашылдығы;

6) тəжірибеге негізделуі.

Slide 12

Білім философиясы

Білім онтологиясы - білім деген не сұрағына жауап беріп, оның табиғатын, мәнін, мағынасын түсіндіреді.

Білім аксиологиясы - білімдегі құндылықтардың табиғатын және білімнің өзіндік құндылықтың сипатын айқындайды.

Білім логикасы - білімнің пайда болу тетіктерін, білімнен білімнің туындау заңдылықтарын зерттейді.

Slide 13

Білім философиясы

Білім әдістемесі - білімді үйрету жолдары мен оған әсер етудің тетіктерін үйретеді.

Білім этикасы - білім мен адамгершіліктің өзара қарым-қатынасын қарастырып, адамды ірілендірудегі білімнің маңызын анықтайды.

Білім эстетикасы - жан мен адам қарым-қатынасындағы сұлулық пен ұсқынсыздық, әдемілік пен сүреңсіздіктің табиғатын анықтаудағы білімнің маңызын зерттейді.

Slide 14

Аристотельдің ғылым классификациясы:

Аристотель бойынша ғылым жіктелісі

Теориялық

(таным таным

үшін:

математика, физика,

метафизика) ‏

Практикалық

(адамның іс-әрекеті,

жүріс-тұрысын

реттеуге

бағытталған:

саясат, этика,

экономика) ‏

Шығармашылық

(әсемдік

табиғатын тану:

поэзия, риторика

т. б. өнер түрлері) ‏

Slide 15

Ф. Бэконның ғылым классификациясы

Ф. Бэкон классификациясы адамның танымдық қабілетіне негізделген

Тарих

(табиғи және

азаматық )

Теориялық

білімдер

(ғылым және

философия) ‏

Поэзия,

әдебиет

және өнер

Slide 16

Гегельдің ғылым классификациясы:‏

Г. В. Ф. Гегель философиясының негізінде абсолюттік идеяның дамуы жатыр;

:

Логика

(таным теориясы

және

диалектика) ‏

2. Табиғат

философиясы

(механика, физика,

геология) ‏

3. Рух

философиясы

Slide 17

О. Конт бойынша ғылым жіктелісі

Бұл классификация пәнаралық байланысқа негізделген негізінде

Математика

астрономия

физика

химия

физиология

социология

Slide 18

Конттың ғылым классификациясы


Ұқсас жұмыстар
Ғылымның дүниетанымы және функциялары
ҒЫЛЫМНЫҢ САЛАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ФУНКЦИЯСЫ
Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы. Ғылыми танымның деңгейлері, формалары және әдістері
Ғылымның жіктелуі
Дін және ғылымның айырмашылығы
Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
Ақиқат сыйы
Оқыту заңдары, заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz