Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-
түрік университеті

Әлеуметтік құрылым
және қоғамның
стратификациясы
Дайындаған: Турсынбек А.
Тобы: ЖХМ-011
Қабылдаған: Байбахов Н.
Жоспар
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы.
2. Әлеуметтік құрылым қоғам элементі ретінде.
3. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі.
4. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік
теориясы
Пайдаланылған әдебиеттер
• Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және
ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір –
біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік –
экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан
тұрады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен
қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін
көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас
әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады.
Мұның мәнін өздерінің теорияларында О.Конт, Г.Спенсер,
К.Маркс, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып
берген еді.
Қоғамның әлеуметтік
құрылымы ұғымы.
• Қоғамның әлеуметтік құрылымы адамдар қауымдастықтарының және
әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және
рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Әлеуметтік құрылым қоғам
элементі ретінде.
• Әлеуметтік стратификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол
қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық
құрылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек
бөлінісі арқылы және т.б. арқылы құрылылатынын көрсетуге
талпындық. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек
бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда –
мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру
деңгейі де әлдеқайда жоғары.
• Әлеуметтік құрам әлеуметтік стратификацияға айналады – вертикальды
тәртіппен орналасқан әлеуметтік жіктердің жиынтығы, дәлірек
айтқанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
• Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және
ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір –
біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік –
экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан
тұрады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен
қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін
көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас
әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады.
Мұның мәнін өздерінің теорияларында О.Конт, Г.Спенсер,
К.Маркс, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып
берген еді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне:
қоғамның еңбек бөлінісі
өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне
меншік қатынастары жатады.

Қоғамдық еңбек бөлінісі – әлеуметтік топтардың,
таптардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала
мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі
өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда
болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болады.
• Өндіріс құрал – жабдықтарына деген жеке
меншіктік қатынастар қоғамның осы ішкі
бөліністеріндегі оның экономикасын және
ішінара қалыптаса бастаған құрылымды
нығайтады қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік
қатынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы
дамуының объективті әлеуметтік-экономикалық
алғышарттары болып табылады.
Әлеуметтік топтар және олардың
қалыптасу процесі.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі
элементтері:
қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына
деген жеке меншік қатынастар және қоғамдық
өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар
жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін
әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап
отвр;
қала мен ауыл адамдары;
ой және дене еңбегінің өкілдері;
сославие;
әлеуметтік- демографиялық топтар (жастар,
әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);
• ұлттық қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар,
этникалық топтар)
• Аталып өткен әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар құрамдары бойынша
біртектес болғанымен, олар осы әрекет барысында жеке жіктер мен топтарға бөлінеді,
бұлар әлеуметтік құрылымының өз алдына әрекет ететін элементтері болып
саналады, өйткені басқа субъектілерімен өзара қарым – қатынас орнату негізінде
әлеуметтік жіктер мен топтар өздеріне тән мүдделерді жүзеге асырады. Сондықтан
кез келген әлеуметтік құрыымы аса күрделі және тек әлеуметтанушылардың көңіл
аударатын тақырыбы ғана емес, оған әлеуметтік басқару ғылымының өкілдері,
сонымен бірге саясаткер мен мемлекеттік қайраткерлер де назар аударатын мәселе.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтап олардың мүдделерінің қандай екендігін,
яғни олардың қай бағытта әрекет ететіндігін нақты білмейінше, қоғамдық істерді
басқаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір
салаларында бір қадамда алға басуға болмайтынын ұғынудың маңызы өте зор.
Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты мәселенің маңыздылығы міне, осында.
Оны шешуді әлеуметтік, түсіну негізінде іске асыру қажет.
• Әлеуметтанудың бірқатар классиктері стратификация проблемасын
кең көлемде қарастырады. Мысалы, Т.Парсонс адамдарды жіктерге
бөлетін белгілердің үш тобын атап көрсетті, оның бірінші тобын
адамдар дүниеге келген кезде пайда болатын сипаттар (этникалық
тегі, жыныс жас ерекшеліктері, туыстық байланыстары, т.б.)
қалыптастырады; екінші белгілерге адам түйсініп, қабылдайтын сол
арқылы меңгерген әлеуметтік статусы мен соған орай адамның
атқаратын рөлі де енеді (әр түрлі кәсіби қызмет); үшінші топты
«меңгеру» элементтері (жеке меншік, материалдық және рухани
құндылықтар, жеңілдіктер, біреудің екінші бір адамнан құқықтық
артықшылығы, адамдарды басқару мүмкіндігі және т.б.) құрайды.
П.Сорокиннің әлеуметтік
құрылым және әлеуметтік
мобильділік теориясы
• Жалпы адамзаттың стратификация
картасын жасауда бір өлшемді
және көп өлшемді стратификация
тәсілдерін үйлесімді пайдаланудың
үлгісін П.Сорокин көрсетіп берді.
• Әлеуметтік жүйелердің осы сан
алуан түрлерінің көпшілігін
классификацияның мақсаттарына
орай әр түрлі топтарға бөлуге,
топтастыруға болады.
П.Сорокиннің көзқарасы
бойынша әлеуметтік топтар:
• І. Сыңаржақты маңызды (бір қатардағы негізгі құндылықтардың
маңында құрылған және топтасқан) топтар;
А) биоәлеуметтік: Б) социомәдени;
1) нәсілдік, 1). Ру,
2) жыныстық, 2). Көршілестік
3) жас мөлшеріне орай; 3).тілдік
4).мемлекет
5). Кәсіби
6).экономикалық
7).діни
8).саяси
9).идеологиялық топтар (ғылыми,
философиялық, этникалық,
эстетикалық, демалу және сауық
сайран топтары)
10).элитаның нормалды топтары
(көсемдер, данышпандар және
тарихи тұлғалар).
ІІ. Көпжақты маңызды топтар (екі
немесе одан да көп құндылықтар
қатарларың комбинациясы
төңірегіне біріккендер):
1). Отбасы
2)Клан
3)тайпа
4)ұлт
5)әлеуметтік жүріс тұрыс немесе
сословие (дін басылары, буржуазия,
жұмысшылар мен шаруалар)
• 6)Әлеуметтік тап.
• Әлеуметтік мобильдік қоғамның әлеуметтік теориясының ажырамас
бөлігі, Сондықтан ол әлеуметтік стратификациясымен тығыз байланыста,
өзара әрекет ету үстінде қарастырылады, Әлеуметтік мобильдік дегеніміз
– адамдардың бір әлеуметтік топтардан немесе қабаттардан екіншісіне,
басқасына қарай жылжуы, соған өтуі.
• Әлеуметтік мобильдік категориясын әлеуметтануға тұңғыш енгізген П.
Сорокин еді. Ол әлеуметтік мобильділікті горизонтальді және вертикальді
деп екіге бөлді. Мысалы, горизонтальді мобильділікке қалалық қабатта
ауылдық қабаттық немесе керісінше өту процесі жатады. Халықтың
әлеуметтік мобилдігіне қаладағы немесе ауылдық жердің өмір
жағдайларының өзгеруі, адамдардың жаңа мамандық алу немесе қызмет
түрін өзгертуі сияқты жағдайлар әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
9.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
10.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

Ұқсас жұмыстар
Экономикалық әлеуметтанудың пәні
Экономикалық жүйелердің типтері
ЖОСПАР ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҮСІНІГІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛУМЕТТАНУ
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары
ЭМПИРИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Әлеуметтану- қоғамды жүйелі түрде, ғылыми тұрғыда зерттейтен ғылым
Әлеуметтану ғылым ретінде
Экономикалық әлеуметтану
Әлеуметтану ғылым ретінде жоспар
Пәндер