Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы морфологиясы
Презентация қосу
Прокариотты
және эукариотты
жасушалардың
жалпы
морфологиясы
3-параграф
Орындаган:Шамшадинова Акерке 2-топ
Жалпы сипаттама:
Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар)
және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді.
Жасушалық құрылысы ұқсас өсімдіктердің, жануарлардың және
саңырауқұлақтардың барлығы эукариоттарға жатады. Сонымен бірге
өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар ағзалары жасушаларының
аралығында тіршілік әрекеті үдерістерінің құрылысы мен физиологиялық
ерекшеліктерінде айырмашылық бар.
Өсімдіктер жасушасына пластидтердің, ірі вакуольдің және жасунықтан
тұратын жасуша қабығы болуы тән қасиет. Өсімдік жасушаларындағы қор
заттары крахмал болып есептеледі.
Саңырауқұлақтар жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері
болмайды. Қорға жиналған зат - гликоген.
Жануарлардың жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид
және нағыз вакуоль жоқ. Жануарлар жасушаларында да көмірсулар қоры -
гликоген.
Жалпы сипаттама:
Бактериялар, олардың ішінде цианобактериялар прокариоттарға
жатады. Эукариоттардан айырмашылығы - бактерия
жасушаларында толық жаратылған ядролар жоқ, онда сақиналы
ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады. Оны жарғақша
қоршамайды, сондықтан тікелей цитоплазмада жатады.
Бактерия жасушасының қасиеттері туралы ақпараттардың
барлығы сонда жазылады. Прокариот цитоплазмасында ұсақ,
қарапайым құрылысты рибосомалар болады. Прокариот
жасушаларында митохондриялар мен хлоропластар жоқ,
олардың рөлін арнаулы жарғақша қатпарлары атқарады.
Прокариот жасушасы қоршаған ортаны қолайсыз жағдайлардан
қорғайтын жасуша қабығымен немесе сілемейлі қалташамен
қорғалған плазмалы жарғақша каптайды.
Прокариот дегенимиз:
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл
балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай,
ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы
— олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы,
Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және
өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады.
Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады.
Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан
ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот
ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап
тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот
жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар
микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы,
көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады
және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Прокариот:
Эукариот:
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында
ядросы бар организмдер.Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар
мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар,
саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары
прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары
көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді.
Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді.
Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома,
Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар,
пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода
жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар)
шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін
сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына
айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик.
қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары
цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) –
жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды.
.
Өте көне заманда да өсімдіктер, жануарлар, тіпті адамның өзі
ұсақ бірліктерден тұрады-ау деген ой, ұғым болды. Әр дәуірде
бұл бірліктер әртүрлі аталды. Мысалы, оларды Демокрит – атом;
Аристотель – дененің біркелкі, біркелкі емес бөліктері;
Гиппократ пен Гален – алғашқы 4 сұйықтар: қан, сілекей, қара
және сары өт; Окен – органикалық кристалдар немесе
инфузорий және т.б. деп атады.
.
М. Шлейден 1838 ж. өсiмдiк организмi клеткалық агрегат деп
пайымдап, жасуша ерекшеленбеген заттан түзiлетiндiгiн
дәлелдеп, бұл үрдiсте ядро маңызды рөл атқаратындығына
назар аударды. Ол жасушаның құрылуы тек ядролық затқа
байланысты екендiгiн көрсеттi. Т. Шванн хайуанаттар организмiн
зерттеуде М. Шлейден тұжырымын басшылыққа алып, хорда
және шеміршек ұлпаларының құрылысын, дамуын жан-жақты
зерттеп, өзiнiң және басқа да зерттеушiлердiң қорытындыларын
сараптай отырып, жасушаның түзілу процесінде ядроның
атқаратын қызметі өсімдіктер мен хайуанаттарда біркелкі
екендігін анықтады.
.
1839 ж. ол “Өсімдіктер мен жануарлардың дамуы, олардың
құрылысындағы ұқсастықтар туралы микроскоптық зерттеулер”
атты еңбегінде жануарлар ұлпасы өсімдіктердегі сияқты
жасушадан тұратындығын көрсетіп жария етті. Сөйтіп атақты
клетка теориясын жарыққа шығарды. Бұл ілім барлық
организмдер өте ұсақ құрылым бірлігі – жасушалардан
құрылатынын, олардың іріктелген тобы организмде белгілі
қызмет атқаратынын дәлелдеді.
Эукариоты:
Эта фотография, автор: Неизвестный автор, лицензия: CC BY-SA
.
Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Олар
біржасушалы (бактериялар, қарапайымдар, көптеген
балдырлар, саңырауқұлақтар) және мыңдаған жасушалардан
тұратын көпжасушалылар (көптеген өсімдіктер, жануарлар)
деп бөлінеді. Олардың түрлері қарапайым шар тәріздіден
(біржасушалылар, бактериялардың ішіндегі – кокколар) тіпті
таңғажайыпқа дейін болады
.
Жалпы жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы
ұқсас болады. Өсімдік жасушаларының ерекшелігі сол, онда
пластидтер және көпіршіктер сақталады. Пластидтер тек өсімдік
жасушаларына тән тұрақты қосындылар, қос жарғақпен
қоршалған, 3 топқа бөлінеді: хлоропластар, хромопластар,
лейкопластар.
.
Организмде жасуша туындылары жасушасыз құрылымдарда
кездеседi. Оларға - симпластар (грек.- бiрге, - жасалған;
остеокласт, трофобласт сыртқы қабаты, қаңқалық бұлшық ет
талшығы), синцитийлер (грек. - бiрге, - жасуша; даму
жолындағы сперматозоидтар), жасушааралық заттар
(коллаген, эластин, аргирофильдi талшықтар, аморфты зат), өз
қызметiн аяқтап, ендi оны жалғастыра алмай, басқа қызметке
бейiмделе бастаған жасуша туындылары (эритроциттер, қан
тақташалары, эпидермистiң мүйiздi қабаты, шаш, тырнақтар)
жатады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz