Витаминнің жетіспеушілігі
Презентация қосу
«Оңтүстік-Қазақстан «Южно-Казахстанская
Медицина академиясы» медицинская академия»
Биология және биохимия кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы:Витаминнің жетіспеушілігі.
Тобы:В-СТҚАБ- 01-20
Орындаған: Байтен Елдар
Қабылдаған:
Шымкент-2021
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Витаминнің жетіспеушілігі. Гипо-, гипер-
және авитаминоздар .
2. Суда еритін витаминдердің коферменттік
функциялары
3. Микроэлементоздар
ІІІ. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
Витаминдер дегеніміз- ағзаның тіршілік әрекетіне
қажет органикалық заттардың жеке тобы.
Ағзаның суық тиюден
сақтауына әсер етеді
Аминқышқылдар,майлар, Жұқпалы
нуклеин ауруларға қарсы
қышқылдар,гормондар тұруына ықпал
синтезі мен ыдырауына етеді
қатысады Витам
индер Денсаулықтың
Ферменттердің нығаюын жүзеге
құрамында болып, асырады
биохимиялық,
физиологиялық Жұмысқа
процестерге қатысады қабілеттілікті
Тәулігіне әртүрлі арттырады
витаминдердің
бірнеше милиграмы
ғана қажет
Витаминдердің ашылу тарихы
1881жылы орыс дәрігері
Н.И.Лунин өз эксперименттері
негізінде тамақ құрамындағы
қандайда бір ерекше заттардың
болмауынан ауруға ұшырауын
анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К.Функ
тазартылмаған күрішпен
қоректенген көгершіндерді
сал(паралич) ауруынан емдеген
затты күріш кебегінен алды. Ол бұл
затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп
атады.
Адамда витаминнің жетіспеуі
гиповитаминоз деп аталады.
Авитаминоз дегеніміз – тағамда витаминнің
мүлде жетіспеуіне байланысты патологиялық
күй. Бір мезгілде адам организміне бірнеше
витамин түспесе, полиавитаминоз деа
аталады.
Гипервитаминоз – витаминдердің организмге
артық мөлшерде түсуіне байланысты
патологиялық жағдай.
Витамерлер дегеніміз – витаминдік
активтілікке ие, химиялық құрылысы жағынан
витаминге ұқсас қосылыстар.
Антивитаминдер деп витаминдерді жою,
активтілігін төмендету немесе сіңірілуін бұзу
арқылы оларды зат алмасу үрдістерінен
шығаратын заттарды атайды.
В1 витамині – тиамин.
Антиневриттік дәрумен. 1912 жылы
Функ алғаш рет кристалл түрінде
бөліп алған.
Химиялық табиғаты. Тиаминнің құрамына метил тобымен
байланысқан пиримидин және тиазол сақиналары кіреді.
Тиамин фосфорланып, тиаминдифосфат немесе
кокарбоксилаза түзгеннен кейін активті формасына айналады.
В1 витаминінің биологиялық ролі тиаминдифосфат түрінде үш
ферменттің құрамына кіруімен анықталады. Тиаминдифосфат
пируват- және a-кетоглутаратдегидрогеназды комплекстердің
құрамына кіріп, пируваттың және a-кетоглутараттың
тотығудан декарбоксилденуіне, ал транскетолазаның
құрамында көмірсулардың пентозофосфатты жолмен
тотығуына қатысады.
Табиғатта таралуы. В1 витамині ірі тартылған ұнда, астық
тұқымдастардың (бидай, күріш, қарабидай) дәндерінің
қауызында, сояда, үрмебұршақта, асбұршақта көп мөлшерде
кездеседі. Жануар тектес тағамдардан бауырда, майсыз
шошқа етінде, бүйректе, мида, жұмыртқаның сарысында
кездеседі.
В1 витаминінің химиялық
құрылысы
Авитаминозы. В1 витаминінің жеткіліксіздігінің негізгі
белгісі – полиневрит, яғни шеткі жүйке жүйесінде
дегенеративті өзгерістердің байқалуы. Алдымен жүйке
бағанында ауырсыну, содан кейін терінің сезімталдығы
жойылып, паралич (бери-бери) пайда болады. Аурудың
екінші белгісі – жүрек ырғағының бұзылуы және жүрек
аймағында ауырсынумен байқалатын жүрек қызметінің
бұзылуы. Сонымен қатар В1 витаминінің жеткіліксіздігі
кезінде ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық
бұзылыстары, асқазан сөлі қышқылдылығының
төмендеуі, тәбеттің жойылуы, ішек атониясы байқалады.
В2 витамині
Химиялық табиғаты. Рибофлавин молекуласы рибитол
спиртімен байланысқан изоаллоксазин сақинасынан
тұрады. Рибофлавин – суда нашар еритін сары түсті
кристалл.
Биологиялық функциясы. Ішектің кілегей қабатына
сіңірілгеннен кейін флавинмононуклеотид (ФМН) және
флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменттерінің
түзілуіне қатысады:Рибофлавинкиназа ФМН-
аденилтрансфераза Рибофлавин ФМН ФАД АТФ АДФ
АТФ Н4Р2О7 ФМН және ФАД коферменттері тотығу-
тотықсыздану реакцияларына қатысатын флавин
ферменттерінің құрамына кіреді.
Авитаминозы. В2 витаминінің жеткіліксіздігінің клиникалық
көріністері: жас организмнің өсуінің тежелуі, ауыз қуысының
кілегей қабатының қабынуы, еріннің айналасында ұзақ уақыт
жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В2 витаминінің
авитаминозы кезінде көздің шырышты қабығының қабынуы:
конъюктивиттер (қарық), көздің қасаң қабығының
тамырлануы (васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар
бұлшық ет пен жүрек бұлшық етінің әлсіздігі байқалады.
Табиғатта таралуы.Рибофлавиннің негізгі көзі: бауыр, бүйрек,
тауық жұмыртқасының сарысы, ірімшік. Ашыған сүтте жаңа
сауылған сүтпен салыстырғанда витамин көбірек болады.
Мейізден басқа өсімдік тағамдарында В2 витамині
азкездеседі, аталған витамин тапшылығы ішек
микрофлорасы арқылы толықтырылады.
РР/В3 витамині
Химиялық табиғаты.Никотин қышқылы пиридин-3-карбон қышқылы,
никотинамид – оның амиді болып табылады. Организмде екі қосылыс та бір-
біріне оңай айналатындықтан, бірдей витаминдік активтілік көрсетеді. РР
витамині суда нашар ериді, ал сілтілердің судағы ерітіндісінде жақсы ериді.
Биологиялық ролі.Организмде никотинамид пиридин ферментттерінің
(дегидрогеназалардың) коферменттері –
никотинамидадениндинуклеотидтің (НАД) және
никотинамидадениндинуклеотидфосфаттың (НАДФ) құрамына кіреді. НАД
глюкозаның, май қышқылдарының, глицериннің, амин қышқылдарының
және сукцинатдегидрогеназадан басқа дегидрогеназалардың коферменті.
Аталған реакцияларда кофермент электрондар мен протондардың аралық
акцепторы қызметін атқарады. НАДФхолестерин, стероидты гормондар
және басқа заттардың алмасуында протондар мен электрондарды
тасымалдау ролін атқарады. НАФН2 – антибиотиктерді және басқа да бөгде
заттарды детоксикациялау қызметін атқаратын микросомалды тотығудың
монооксигеназды тізбегінің комплексінің құрамына кіреді. НАД, НАДФ –
энергия алмасуы, соның ішінде Кребс циклі, сонымен қатар глюконеогенез
реакцияларының ферменттерінің аллостерикалық реттеушілері.
Авитаминозы.РР витамині жеткіліксіздігі «пеллагра»
ауруына әкеледі. Бұл ауруға 3 белгі тән: дерматит,
диарея, деменция («3Д» ауруы). Пеллагра кезінде күн
сәулесінен қорғанбаған терінің симметриялы
аймақтарында дерматит, ас қорыту жолдарының
бұзылысы (диарея) және ауыз бен тілдің кілегейлі
қабықтарының қабынған түрдегі зақымдануы
байқалады. Пеллаграның ауыр көріністерінде орталық
жүйке жүйесінде бұзылыстар (деменция) – есінен
айрылу, галлюцинация және сандырақ байқалады.
Табиғатта таралуы.Никотин қышқылы өсімдіктер мен
жануарлар организмінде кең таралған. Адам үшін
никотин қышқылының көзі күріш, нан, картоп, ет, бауыр,
бүйрек, сәбіз және т.б. болып табылады.
Витаминдер
Суда еритін витаминдер Майда еритін
В витаминдер
В1 тиамин А ретинол
В2 рибофлавин Д кальциферол
В5 никотин қышқылы
Е токоферол
В3 пантотен қышқылы
В6 пиридоксин
К филлохинон
В9 фолацин
В12 цианокобалин
Н биотин
С аскорбин қышқылы
Р биофлавоноидтар
Липой қышқылы
Суда еритін витаминдер адам ағзасына тағаммен
түседі немесе ішек бактерияларымен синтезделеді.
Суда еритін көптеген витаминдердің биологиялық
мәні олардың коферменттік қызметіне байланысты
болады.
Тағаммен түсетін немесе ішек бактерияларымен
синтезделінетін суда еритін витаминдер адам
организмінде өздерінің биохимиялық қызметтерін
коферментке айналғаннан кейін көрсетеді.
Суда еритін витаминдер көпшілігі кофермент
молекуласын түзуге қатысады. Коферменттер – табиғаты
ақуыздық емес төменгі молекулалық органикалық заттар
болып табылады. Олар ферменттің ақуыздық емес төменгі
молекулалық органикалық заттар болып табылады. Олар
ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық
реакцияларға тікелей қатысады. Қазіргі кезде липой
қышқылы, папааминобензой қышқылы, фолий қышқылы,
биотин, В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді
заттардың коферменттік қызметі анықталған.
Коферметнтті В6
В6 витамині – пиридоксин.
Антидерматиттік витамин. 1934ж. Дьерди
ашқан. В6 термині витаминдік қабілеті бар
3-оксипиридиннің үш туындысы: пиродиксин
(пиродоксол), пиридоксаль және
пиридоксаминге қолданады
В6 витаминінің авитаминозы
плиневрит, анемия, дерматит,
әсіресе, емізулі балаларда жүйке
жүйесінің зақымдалуына
(эпилепсия тәрізді қояншық)
әкеліп соқтырады.
В1 витамині – тиамин
Тиамин – антиневриттік витамин, (анейрин,аневрин),
оны 1906 жылы Х.Эйкман ашқан, химиялық табиғатын
1931 жылы Р.Уильямс пен Р.Греве анықтаған. Өсімдік
әлемінде кең таралған. В1 витаминіннің құрамында
аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан,
тиамин деп аталады. Негізінен тұқымның қабығы мен
ұрығында болатындықтан, ол кебегі бар ұнда көп
кездеседі. Тиамин сол сияқты бұршақта, кейбір ет
тағамдарында көп болады. Кейбір ішек бактериялары
тиаминді синтездеп, онымен адам ағзасын
қамтамасыз етеді. Тәуліктік қажеттілігі 1,5 – 2мг.
Ағзада В1 витаминінің биологиялық белсенді түрі
оның дифосфорлы эфирі – тиаминпирофосфат ТПФ
(тиаминдифосфат (ТДФ)) болып табылады, оны
басқаша кокарбоксилаза деп атайды.
С витамині – аскорбин қышқылы
Ересек адамдар үшін С
витаминінің тәуліктік
мөлшері 100-120мг.
Антискорбуттық витамин. Адамдарда С
дәрумені жетіспегенде арықтау, жүрек
соғысының жиілігі байқалады. Қантамырлар
жүйесінің өткізгіштігі зақымдалуымен
байланыста қырқұлақ ауруы дамиды.Көбінесе,
ішкі мүше және кілегейлі қабаттан қан ағу
мен қан кету, сондай-ақ, қызылиектің
қанаққыш келетіні байқалады.Қырқұлақ
ауруымен науқастанған адамдардың аяқ-
қолдары ісіп, жүрген кезде ауырсынады.
В2 витамині –
рибофлавин
1879 жылы алғаш рет В2 витамині сиыр сүтінің пигменті
ретінде белгілі болған. Ол көп мөлшерде сүтте, ірімшікте,
жұмыртқаның сары уызында, бауырда, жүректе,
ашытқыда кездеседі. Ішек бактерияларымен
синтезделеді. Тәуліктік қажеттілігі 2 – 4мг.
Рибофлавин өсу витамині. Оны 1953 жылы Кун бөліп
алған. Рибофлавин молекуласының негізгі гетероциклді
қосылыс – изоаллоксизиннен тұрады. Ондағы 9 – N
атомына бес атомды спирт рибитол байланысқан.
Рибофлавин – изоаллоксазиннің Д – рибитильді туындысы
болып табылады, ол тотыққан немесе тотықсыздынғын
жағдайда болады. В2 витаминінің биологиялық белсенді
түрлері – рибофлавиннің туындылары –
флавопротеидтердің коферменттері ФАД және ФМН
болып табылады. ФАД – флавинадениндинуклеотид және
ФМН – флавинмононуклеотид тканьдерде тағаммен
түсетін рибофлавиннен синтезделеді.
Майда еритін
витаминдер
D витамині – кальциферолАнтирахиттік витамин.
Балаларда Д витамині жетіспегенде рахит пайда
болады.Рахит кезінде кальций мен фосфордың
алмасуы бұзылады.Рахит кезінде сүйектің түзілу
процесінің бұзылуы тістің өсуіне, алғашқы тістің
пайда болуы мен дентиннің дамуы, тістері дұрыс
пішінді болмай өсуіне зиянын тигізеді. Витаминінің
тәуліктік мөлшері балалар үшін 12-25мкг, ал
ересек адамдар үшін 12мкг мөлшері жеткілікті
А витамині- ретинол А витамині клетка
мембранасының өткізгіштігіне, кілегейлі
қабаттың, терінің бөгеттік қызметіне әсер етеді.
Адамдарда А витаминінің жетіспеушілігінен
өсудің тежелуі, арықтау, ағзаның жалпы
жүдеуі, көз бен кілегейлі қабаттың, терінің
ерекше зақымдалуы сияқты белгілер
байқалады.Ересек адамдар үшін А витаминінің
тәуліктік мөлшері 1-ден 2,5 мг дейін.
Витаминдік
жетіспеушілік
Ағзадағы бір немесе бірнеше витаминдердің
жоқтығымен байланысқан патологиялық күйле
топтарымен түсіндіріледі.
Витаминдік жетіспеушілікке: витаминдермен
субқалыпты қамтамасыз ету, гипо-,
жәнеавитаминозды күйлер жатқызылады.
Витаминдермен субқалыпты қамтамасыз ету –
витаминдердіңжетіспеушілігінің клинкағ
дейінгі сатысы тек қана биохимиялық
бұзылулармен сипатталады.
Микроэлементтер
Темір. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі
анемия немесе қан аздық ауруы пайда
болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік
мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық
темір бар. Оның мөлшері көрсетілген
шамадан төмен болса, қанның қызыл
жасушасының, яғни гемоглобиннің түзілуі
нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді.
Мыс жетіспесе
Мыс егер ағзада жетіспесе, бауырда
қорланған темір гемоглобинмен байланысқа
түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз
немесе көптік шамасының көрсеткіші-
адамның шашы. Мыстың мөлшері
төмендеген кезде немесе жетіспеген
жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға
оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның
нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы
қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген
ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы
тотығу реакциясын жылдамдатады.
Йод жетіспесе
Йод тапшылық сезілсе түрлі ауруларға
шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі
жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық,
белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Адам
күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді
қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі
дәрумен мен микроэлементтердің орнын
толтыра алмайды.
Микроэлементоз дегеніміз- ағзадағы
микроэлементтерінің шамадан тыс көп және аз
болуынан туындайтын аурулар мен
симптомдардың жиынтығы.
14 микроэлемент адамның өмірі үшін өте
маңызды болып табылады : темір, мыс,
марганец, цинк, кобальт, йод, фтор,
хром, молибден, ванадий, никель,
стронций, кремний, селен.
Микроэлементтермен байланысты болатын
регионарлық патологиялар:
Эндомиялық зоб
Пеллагра
Кахексия
Пайдаланылған
әдебиеттер:
«Биохимия» Е.С. Севериннің ред.
басшылығымен, «ГЭОТАР, Медиа», 2014ж
Биохимия [Электронный ресурс] : учебник
для вузов / под ред. Е. С. Северина. - 5-е
изд. , испр. и доп. - Электрон. текстовые
дан. ( 66,3 Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2013. -
768 с. эл. опт. диск (CD-ROM).
Биохимия [Электронный ресурс] : учебник /
под ред Е. С. Северина. - 5-е изд. -
Электрон. текстовые дан. (66,4 МБ). - М. :
Издательская группа "ГЭОТАР- Медиа",
2011. - 768 с. эл. опт. диск «CD-ROM»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz