Символдық интеракционизм




Презентация қосу
Әлеуметтану
теорияларына кіріспе
2 ЛЕКЦИЯ
Жоспар

Әлеуметтанулық теория
Макро және микро деңгейлер
Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер)
Құрылымдық функционализм
Қақтығыс теориялары
Символдық интеракционизм
Рөлдік теориялар
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Алған білім дәрежесіне қарағанда әлеуметтану екіге бөлінеді
1. Теориялық ғылым – ол фактілік материалды қорытады.
Жалпы заңдылықтарды ашады.
2. Эмпирикалық ғылым – ол фактілерді жинайды.
Мақсат дәрежесіне қарағанда әлеуметтану екіге бөлінеді
1. Фундаменталдық ғылым - ол теория мен әдістемені
дамытады.
2. Қолданбалы ғылым – ол практикалық сұрақтарды шешеді.
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

1. Макро деңгейлі әлеуметтану – ол қоғам дамуының жалпы заңдарын
қарастырады.
2. Орта деңгейлі әлеуметтану немесе салалық әлеуметтану – ол
қоғамның бөлек салаларын қарайды. Мысалы: мәдениет әлеуметтануы
т.б.
3. Микро деңгейлі әлеуметтану адамдардың пікірлерін және
адамдардың арасындағы қатынастарды зерттейді. Мысалы:
анкетирование.
О.Конт

О.Конт ғылымның әлеуметтік функциясы болашақты көре білу, - деп
нақтылады. Бұл тұжырымды ол қоғам туралы ғылым – әлеуметтануға да
қатыстырды. О.Конт әлеуметтану ғылым ретінде алатын бес қағидаға
шоғырлануы тиіс деп санады: 1. Ол «дәл, табиғи ғылым» болуы, бір
зерттеушінің нәтижелерін қайта тексеруге және нақтылауға мүмкіндік
беретін әдістерге сүйенуі тиіс; 2. Реализммен ерекшеленуі; 3. Пайдалы,
«әлемді кеңейтуге» мүмкіндік беруі; 4. Нақтылыққа ие болуы; 5.
Ашылымдарды көздеген, жағымды болуы тиіс.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917 жж.)

Француз әлеуметтанушысы, алғаш рет құрылымдық функционализмнің
түбірлі постулаттарын теориялық және әдістемелік түрде негіздеді,
әлеуметтану құрылымдаушы ғылым яғни оның бөлімдерінің
жиынтығынына қосуға болмайтын бүтіндікті зерттейтін ғылым болып
табылатын айтты.
Оның атақты негізгі қағидасы былайша айтылады: «Әлеуметтік айғақтарды
заттар ретінде оқып-үйреніңдер, яғни қоғамдық өмірде табиғаттың
нысандары мен құбылыстары ретінде қатаң талдауға соншалықты түрде
ұшырайды.
Г.Спенсер

Г.Спенсер бойынша, органикалықтан жоғары, тұрған эволюция үш бағытта
дамитын прогрессивтік өзгерістің болуын ұйғарады:
1. Қоғамдық өмірдің аз байланысқан формалары аса шоғырланған болады,
яғни олардың интеграциясы жүріп жатады;
2. Осымен, бір мезгілде бір тектіліктен алуан тектілікке қарай жүретін
қозғалыс іске асырылады, яғни дифференциация ұлғаяды;
3. Эволюция ретсіздіктен реттілікке, нақсыздықтан нақтылыққа өту
қозғалысын білдіреді.
Қақтығыс теориялары

Қақтығыс теориялары перспективалары болып табылады әлеуметтану және
әлеуметтік психология а материалист тарихты түсіндіру, диалектикалық әдіс талдау,
қолданыстағы қоғамдық келісімдерге және революцияның саяси бағдарламасына деген сыни
көзқарас немесе, кем дегенде, реформа. Қақтығыстық теориялар күш дифференциалына
назар аударады, мысалы таптық жанжал, және жалпы тарихи идеологияларды қарама-қарсы
қояды. Сондықтан қоғамды макродеңгейде талдау.
Карл Маркс әкесі ретінде қарастырылады әлеуметтік қақтығыс теориясы, бұл социологияның
төрт негізгі парадигмасының құрамдас бөлігі. Дәстүрлі ойға тән идеологиялық аспектілерді
бөліп көрсетуге бағытталған белгілі бір конфликтілік теориялар. Бұл перспективалардың
көпшілігі параллельді болғанымен, конфликт теориясы жоқ біртұтас ой мектебіне сілтеме
жасаңыз, мысалы, бейбітшілік пен жанжалдарды зерттеу, немесе кез-келген басқа нақты
теория әлеуметтік қақтығыс.
Құрылымдық-функциялық теория

Әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы
зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам
мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады.Биолог ғалым
жасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмыс
істейтінін (функциясын) анықтаса, қүрылымдық-функциялық теорияны
қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың
қызметін анықтауға тырысады. Құрылымдық-функциялық теорияның
негізіндегі болжамдар барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс
істейтінін зерттеуге мүдделі.
Құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар
негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.

1.Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты критерийі -
оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.

2.Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де әдетте
тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді.

3. Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асырылады, бұл
дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажеттіліктер мен талаптарға,
негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, я ескірген құрылымдардың
жойылуы.
Символдық интеракционизм

Жеке тұлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және оларға эсер ету
ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық
интеракционизм теориясын пайдаланады. Символдық интеракция
теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің
субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын процестерді
қарастырады . Бұл теория адамдардың өзара әрекетке түсуінің символдық
(немесе субъективті) мағынасын зерттегендіктен осылай аталады.
Символдық интеракционизм теориясы ғалымдарының пайымдауынша
адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысандық тұжырымнан
бастау алады :

Мән-мағына өте маңызды. Мән-мағына қарым- Мән-мағынаны адамдар өзара
Кез келген мінез-құлық пен қатынастың арқасында келісу арқылы жасайды
қимылдың я сөздің бірнеше дамиды. Қарым-қатынас Символдық интеракционизмнің
ең ұтымды тұсы сол: ол -
мағынасы болуы және олар өзгергенде мағына да
өмірімізге, өз-өзімізді түсінуге,
әркелкі нәрселерді сипаттауы өзгереді. тұлғааралық қарым-қатынас пен
мүмкін. Адамның мінез- келіспеушіліктерді бағалауға
құлқын түсіну үшін оның сол үлкен әлеуметтік құрылымдардың
мінез-құлыққа я қимылға қалай әсер ететінін зерттейді.
қалай қарайтынын Әрбір әлеуметтанушы зерттеу
зерттеуіміз керек. жұмысына қандай теориялық
көзқарас сәйкес келетінін өзі
шешуі керек.
Рөлдік теория

Жеке тұлға жеке адамның меңгерген және қабылдаған немесе мінез
құлықтың – рөлдердің осы қауымдастықтағы немесе әлеуметтік топтағы
әлеуметтік статусымен қамтылған әлеуметтік функциялары мен үлгілері
арқылы сипатталатын әлеуметтанудағы теория. Рөлдік теория жеке
тұлғаның зерттелуі үшін әлеуметтік әр түрлі пәндерде қолданылады.
Мәселен, оның жәрдемімен жеке тұлғаның әр түрлі әлеуметтік-
психологиялық тұжырымдамасы жасалынады.
Әдебиеттер:

1. Әлеуметтану. 1 – кітап: Оқулық / Жалпы ред. М.М.Тәжин. –
Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 346 б.
2. Валитова З.Х. Әлеуметтану тарихы: Оқу құралы / З.Х. Валитова.
– Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2020 – 165 б.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанулық теория
Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы
Әлеуметтену және бірегейлік теориялары
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері
Әлеуметтану теориялары
Қазіргі социологиялық теориялар
Мид Джордж Герберт (27.02.1863, Сауг- Хадли, Массачусетс — 26.04.1931, Чикаго)
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар
Әлеуметтік қозғалыстар теориялары
Пәндер