Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру


Slide 1

1960-1970 жж. Қазақстандағы өнеркәсіптер

Дайындаған:Қалмағанбет Шұғыла Нұрғалиқызы

Slide 2

1964 жылы қазанда КОКП ОК пленумында Н. С. Хрущев Кеңес үкіметі мен партия басшылығы қызметінен шеттетілді. КОКП ОК бас хатшысы болып Л. И. Брежнев сайланды. Министрлер Кеңесінің төрағасы болған А. Н. Косыгин КСРО қаржы министрі, КСРО Мемлекеттік жоспарлау қызметінің төрағасы, т. б. қызметтерді атқарған еді. Қазақстанда КП ОК бірінші хатшысы болып Д. А. Қонаев қайтадан сайланды. Сырттай қарағанда республиканың жағдайы жақсы болып көрінгенімен, ішкі қарама-қайшылықтар мен шешімін таппаған мәселелер жетерлік еді.

Бұл кезең тарихта “тоқырау кезеңі” деп аталады. Себебі саясатта, экономикада, әлеуметтік құрылымда сапалы өзгерістер болмады. Осы кезеңде шешімін таппаған мәселелердің қордалануы кеңес қоғамын дағдарысқа түсірді. Қазақстанда өндіріс орындарын салу қарқынды жүріп жатты. Бірақ бұрынғыдай ысырапшыл, шикізаттық бағыт сақталып қалды.

Кеңес қоғамы негізгі екі таптан - жұмысшы мен шаруадан және әлеуметтік топ интеллигенциядан құралды. Аталған жылдары халықтың саны мен құрамы, білім деңгейінде біршама өзгерістер байқалды.

Slide 3

1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті.

Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды.

Пленумда қойылған міндеттер:

1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.

2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.

3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.

4. Шаруашылық есепті дамыту.

5. Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.

КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық - республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза - қағаз және ағаш өңдеу, азық - түлік т. б. кәсіп орыңдары біріктірілді.

Slide 4

Өнеркәсіп саласындағы 1965 жылғы реформа. 8-бесжылдықтың қорытындылары (1966-1970 жж. ) .

1965 жылғы шаруашылық реформалар өндірісте экономикалық ынталандыруды күшейтуге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, кәсіпорындардың дербестігін кеңейтуге, шаруашылық есепті дамытуға бағытталды. Сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерді тиімді еңбекке экономикалық ынталандыру, материалдық көтермелеу сияқты әдістер ұсынылды. Бұл өз кезегінде өнім сапасын арттыруға, жоспарды артығымен орындауға, техниканы жетілдіруге материалдық мүдделілікті туғызуы тиіс болатын. Шаруашылық есеп пайда, баға, салық, несие категорияларын іске қосуға мүмкіндік жасады. 1966 жылы жаңа жоспарлау ережесіне 11 кәсіпорын көшкен болса, 1967 ж. олардың саны 193-ке жетті. Ал 1970 жылы барлық кәсіпорындардың 80%-ы жаңаша жұмыс істей бастады.

1965-1970 жж. химия өндірісі алдыңғы қатарға шығып, өндіріс қуаты 2, 4 есе ұлғайды. “Қаратау”, “Химпром”, “Фосфор” өндірістік бірлестіктері бар Жамбыл-Қаратау және Шымкент өндірістік кешендері қарқынды дамыды. Полиэтилен шығаратын Гурьев (Атырау) мұнай-химия зауытының құрылысы аяқталды. Машина жасау саласы да жаңғыртылды.

8 бесжылдықта машинанің 300-ге жуық түрлері игеріліп, экспортқа шығарылатын өнім түрлерін дамытты.

Slide 5

60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су - электір станциясы техникалық - экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді - 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді.

Slide 6

Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми - техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М. И. Калинин атындағы заводта жұмыс технологиясы жақсартылды. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

Slide 7

1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т. б. . Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.

Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.

Slide 8

Өндіріс саласындағы кемшіліктер:

Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.

Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11, 5%-ы рәсуа етілген.

Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.

Кәсіпорындар құқы шектелді.

Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.

Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.

Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.

Slide 9

Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:


Ұқсас жұмыстар
1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы
Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы қайшылықтар
Төтенше жағдайдан туындаған шығынды азайтуды ұйымдастыру шаралары
Экономикалық реформалардың сәтсіздікке ұшырауы
Мемлекеттік кәсіпорын
Бюджет жүйесін реформалау кезеңдері
Беларусь Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп
Республикасының мемлекеттік құрылымы
Тұңғыш ғарышқа көтерілген кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz