Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу және олардың тиімділігі


Slide 1

Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңа инновациялық технологиялар

Орындаған: Нұрғали Мадина

Тексерген:Орынтаева Шұғыла

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:

«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».

Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

Slide 6

Оқыту технологиялары

1. Денсаулық сақтау технологиясы

2. Жоба іс-шығармашылық технологиясы

3. Қатынастық ақпарат технологиясы.

4. Ойын технологиясы

5. Тәй-тәй технологиясы

6. М. Монтессори әдіс-тәсілдері

Ал технологиялық білім дегеніміз-білім, біліктілік, интелектуалдық кәсіптік әдіс -тәсілдерді қолдану. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.

Slide 7

Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз күнделікті оқу іс-әрекеттерін Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар түрлендіріп қойылым ойындарын көптеп қолданамыз, бұл ойынның мақсаты бала белгілі -бір бейнені орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның маңызы зор. Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп, арнайы бөлме дайындалып жасақталуда. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет.

Slide 8

Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білімқұмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.

Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.

Slide 9

Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен.

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:

Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Slide 10

Назарларынызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беруге инновациялық технологияларды енгізу жүйесі
Шағын жинақты бастауыш мектеп жағдайында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану және олардың тиімділігі
М.Монтессори педагогикасын мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу және оқыту процесіне енгізу
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық сабақтарды жоспарлау және өткізу әдістемесі
Мектепке дейінгі білім берудегі оқыту технологиялары мен инновациялық құралдар
Мектепке дейінгі ұйымдарда практикалық психология: балабақша психологінің қызметтері, диагностика және коррекция
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық-жобалық іс-әрекетін дамыту тәсілдері
Дене шынықтыру сабағындағы жаңа педагогикалық технологиялар: тиімділігі мен енгізу жолдары
Инновациялық педагогикалық технологиялар: түрлері, классификациясы және оқу үдерісіне енгізу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz