Ақпараттық технологиялар


Slide 1

“Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу жүйесі”

Slide 2

«Озық халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда заманауи оқыту әдістемелерін ендіру. Олар инновациялық, білім беру технологиялары - креативті болуы тиіс»

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу жүйесінің мақсаты - білім беру үдерісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету.

Міндеттері.

білім берудің әдіс -тәсілдерін түрлендіріп, жаңа инновациялық білім технологиясын меңгерту;

жаңа технологиямен жұмыстану барасында балалардың жас ерекшелігін, мүмкіндіктерін ескере отырып, қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалану;

жаңа технологиялардың тиімді жолдарын таңдау, жүйелі пайдалану;

білім беруде мақсатқа жету іс- әрекеттері арқылы баланың жан - жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету.

Күтілетін нәтиже: педагогтердің кәсіби құзіреттілігі, технологияларды қолдана білу сауаттылығы жоғарылайды. Инновациялық технологияларды сауатты қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты тәрбие мен білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасалады.

Slide 4

Мектепке дейінгі білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу

Инновация ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.

“Технология ” сөзі - гректің “шеберлік, өнер” және “заң, ғылым” сөздерінен шыққан - бұл шеберлік туралы ғылым.

Кез - келген технологияның маңызы: мақсаты - құралдары - қолдану ережесі - нәтижелері болады.

Инновациялық технологиялар - тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған заманауи әдістер мен ұтымды тәсілдердің, тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі.

Slide 5

Педагогтердің мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалануда нәтижеге қол жеткізу жолдары үш кезеңнен тұрады:

Slide 6

Тәрбиешіде мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалануда білімнің мынандай сапалық көрсеткіштері болуы керек:

Slide 7

Инновациялық технологияларды ұйымдастыру барысында ескерілетін қағидалар:

Slide 8 Slide 9

Денсаулық сақтау технологиясы.

Денсаулықты сақтау технологиясы - бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі.

Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Slide 10

ӨТШТ (ТРИЗ) технологиясы.

ӨТШТ технологиясының авторы Генрих Саулович Альшуллер - өнертапқыш, жазушы-фантаст. Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету.

Мәселелік оқыту мотивацияның ерекше түрі - мәселе қоюды қалыптастырумен негізделген. Сондықтан дидактикалық материалдың мазмұнын дұрыс құрастыруды талап етеді.

Slide 11

Ойын технологиялары.

Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді.

Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т. б. қолданылады.

Slide 12

«Тәй-тәй» технологиясы

«Тәй-тәй» технологиясы дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді технологиялардың бірі болып табылады.

Slide 13

Ақпараттық технологиялар.

Ақпараттық технологияларға барлық арнайы техникалық ақпараттық құралдарын қолданатын технологиялар жатады.

Ақпараттық-коммуникативті технологиялар (АКТ) жаңа білім беру тәсілдерін анықтайды. Олар баланың дамуы мен оқытудың сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келеді.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады, коммуникативті қабілеттері дамиды, «ақпараттық қоғамды» табуда тұлғаны дайындау жүзеге асырылып, зерттеу-шілік іскерліктері мен тиімді шешімдерді қабылдау қабілеттері қалыптастырылады.

Slide 14

Зайцев технологиясы.

Технологияның негізгі мақсаттары:

•Мектепке дейінгі 5 жастағы баланы санауға, оқуға үйрету.

•Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

•Фонемалық принципты қолданбау, бүктеу арқылы оқыту

•Балаларды өлең айту арқылы оқыту.

•Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету

•Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану- дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік

•Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану, баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы

Slide 15

Монтессори технологиясы

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу». Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала.

Slide 16

Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиялары.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар
Ақпараттық жане телекоммуникациялық технологиялар
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар рөлі. Акт саласындағы стандарттар
Мультимедиа технологиялары
Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге мықтап енді
Ақпараттық процестер
Қазіргі заманғы АКТ классификациясы
Ақпараттық технологиялардың медицинада қолданылуы
Білім беру менеджментінде ақпараттық технологияларды қолдану
АҚПАРАТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДЫ БІРЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz