Аналық жыныс безінің құрылысы
Презентация қосу
«Астана медицина университеті» қеАҚ
Гистология,цитология және эмбриология қафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Постнаталдық кезеңіндегі аналық жыныс ағзаларының
морфологиялық өзгерістері. Овариалды-менструалды циклдің кейбір
бұзылыстары мен олардың себептері туралы.
Дайындаған:Тургангалиева Лаура
Топ: 236 ЖМ
Тексерген:Исаева З.К
Нұр-Сұлтан 2021ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Постнаталдық кезеңіндегі аналық жыныс ағзаларының
морфологиялық өзгерістері
Жедел іш
Жатырдан тыс жүктілік
Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы
Овариалды-менструалды циклдің кейбір бұзылыстары мен
олардың себептері туралы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді. Сыртқы аналық мушелерге -
үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей жатады. Жыныстық жапсарлар май тіні мол
терілі қатпарлардан тұрады. Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр,
екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас
шоңқимасы- кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни
жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. Аналық бездер көптеген
безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары
жетіледі.Бойжеткендерде (екінші реттік жыныстық жетілу кезінде) әрбір ай сайын гипофиз
ормондарының әсерінен безді көпіршіктің біреуі жетіледі. Оның ішінде жұмыртқа жасушасы
болады, ол алдымен құрсак қуысына, одан соң жатыр түтігіне түседі. Бездік көпіршік жарылып,
ішінен жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуын, анабездің жетілуі (овуляция).Бұл үдеріспен
менструация келуі тығыз байланысты.
Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі де, етеккір де тоқтайды. Жарылған безді
көпіршіктің іші май тектес сары дене деп аталатын затпен толады. Сары дене уакытша гормон
бөледі. Егерде жұмыртқа жасушасы сперматозоидпен ұрықтанса, сары дене жүктілік кезінде
сақталады. Ал жүктілік болмаған жағдайда, сары дене жойылып кетеді де, етеккір шамамен әр 28
күнде қайталанып отырады. Жатыр түтігі де аналық без сияқты екеу (жұп) болады. Жұмыртқа
жасушасы жатыр түтігі арқылы жатырға өтеді.
Негізгі бөлім
Аналық жыныс безінің құрылысы
Бездің үстіңгі қабаты мезотелиймен тысталған, тығыз дәнекер тіннен
тұратын ақ қабықпен қоршалған.Бұл қабықтың астында бездің қыртысты
заты, ал одан тереңірек боз заты орналасқан. Қыртысты заттың дәнекер
тінінде пісіп жетілудің әр түрлі деңгейіндегі фолликулдары орын алған.
Шеткі немесе примордиальді фолликулдар- бездің шетіне қарай капсула
астында сырты бір қабатты эпителиймен және базальді мембранамен
қоршаған овоциттер. Овоциттер өскен сайын олардың цитолеммасының
айналасында гликозаминогликан-дардан тұратын жасушалық емес
мөлдір қабық пайда болады. Сыртында базальды мембранада призмалық
немесе куб тәрізді фолликулярлы эпителиоциттер қабаты орналасады.
Біріншілік фолликулдар - сырты мөлдір және фолликулярлы эпителиймен қоршалған овоцит
немесе аналық жыныс жасушалары. Фолликул ұлғайған сайын оны қоршаған дәнекер тіні
қалыңдай түседі. Бір қабатты эпителий өсіп стероидты гормондары бар сұйықтықты бөліп
шығаратын көп қабатты эпителийге айналады. Фолликулярлық овоциттер тез бөліне отырып көп
қабатты эпителийге айналып овоцитті қоршайды. Мұндай фолликулдар екінші реттік деп
Екіншілік овоцит өзінің даму шегіне жетіп фолликулярлы сұйықтықпен қоршалған үшінші
реттік немесе көпіршікті фолликул түріне айналады.
Негізгі бөлім
Жатыр-ұрықтың құрсақ ішінде дамуын қамтамасыз етуге арналған
бұлшықетті мүше.Жатыр мен қынап, ұрықтың немесе нәрестенің сол
және оң жақ парамезо-нефральді өзектерінің дистальді бөлігінің
байланысқан жерінде дамиды.Кейінірек ұрықтың 4 айына қарай
тоғысу аяқталады да,жатыр алмұрт тәрізді пішінге ауысады.
Жатырдың ішкі эндометрийі екі қабатқа-базальды және
фунциональды болып бөлінеді. Эндометрий бір қабатты призмалы
эпителиймен жабылған. Меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты
дәнкер тіннен түзілген. Бұл пластикада көптеген жатыр бездері
орналасқан. Пішіні мен құрылысы жағынан жатыр бездері қарапайым
түтікшелі болып келеді.
Жатырдың миометрийі тегіс салалы бұлшықет жасушаларынан-
ішкі шырыш асты, миоциттері қиғаш орналасқан, ортаңғысы қан
тамырлары, сыртқы миоциттері көлдененең орналасқан қан тамырлар
үсті қабаттарынан тұрады.
Жатырдың периметрийі- жатырдың үстіңгі бөлігінің көпшілігін
жауып жатады. Жатыр мойнында қынаптың үстіңгі бөлігінің алдыңғы
және бүйір беттері көк бұшықетпен (сірлі) жабылмаған.
Негізгі бөлім
Аналық жыныс жүйесінің циклі-оның қызметі мен құрылысының тіркесті өзгерістері
болып саналады.Мұны овариальді-менструальді цикл дейді. Бұл цикл үнемі бір
ретпен қайталанып отырады.Жыныстық кәмелетке жеткен организмнің көпшілігінде
әр 28 күн сайын қайталанып келіп отыратын процесс.
Менструальді
кезең
Менструацияға дейінгі кезең немесе
(эндометрийдің
функциональді-секреция кезеңі. Бұл
десквамациясы) Менструальді циклден
кезде ұрықтану орын алған жағдайда
кейінгі кезең
жатыр эндометриясы ұрықтанған
(эндометрийдің
жұмыртқа жасушасының
пролиферациясы)
имплантациясына дайындығы жүзеге
асады.
Негізгі бөлім
Жедел іш-құрсақ қуысындағы қатты ауру сезіммен сипатталатын, этиологиясы
мен клиникасы әр түрлі болып келеді.
Ауру себебіне қарай 3 топқа жіктеледі:
Жедел құрсақ ішілік қан кету
Үзілген жатырдан тыс жүктілік аналық бездің апоплексиясы
Ішкі жыныс ағзаларының қандануының бұзылыстары аналық без
ісігінің және ісік тәрізді түзілісінің аяқшаларының бұралуы немесе
миоматозды түйіннің некрозы)
Іш перденің зақымдалуымен жүретін ішкі жыныс ағзаларының қабыну
аурулары
Негізгі бөлім
Жатырдан тыс жүктілік - Ұрықтанған жұмыртқа жасуша жатыр қуысынан тыс
жерде имплантацияланып дамитын жүктілікті–“жатырдан тыс немесе эктопиялық
жүктілік” деп атайды.
Этиологиясы
Аналық фактор Ұрықтық фактор
Жатыр қосалқылыарының Уақытынан бұрын
қабыну аурулары пайда болған
Анамнезіндегі түсіктер
хорионның ену
Жатыр ішілік
қабілеті
контрацепциялары зиготаның
Инфантилизм
биологиялық
Жатыр түтіктерінің
активтілігінің
эндометриозы жоғарлауы
Негізгі бөлім
Негізгі бөлім
Патогенезі:
Хорион бүрлері жатыр түтіктерінің қабырғасына еніп, оның бұзылуына және еруіне
алып келеді.
Сол жерде фиброзды некроз пайда болады
Түтік қабырғасы жұқарып созылады
Қан тамырлары мен жүйке талшықтарының деструкциясына ұшырайды.
Жатырдан тыс жүктілік
Клиникасы:
Үзілген түтіктік жүктілік
Кенеттен пайда болған толғақ тәрізді ауру сезім
тік ішекке беріледі
жыныс жолдарынан әлсіз қанды бөліністер
Жатыр түтігінің жарылуы
Кенеттен іштің төменгі жағының жедел ұстамалы ауру сезімі,тік ішекке және оң иыққа беріледі
Ішке массивті қан кету,жыныс жолдарынан қою қанды бөліністер бөлінуі
Бас айналу, әлсіздік,естен тану
Тері жабындының бозаруы
Негізгі бөлім
Жатырдан тыс жүктіліктің симптоматикасы
• 4-8 апталық аменорея, жүктіліктің күмәнді белгілері
• Жүктілікке иммунологиялық реакция «оң»
• Жатыр көлемінің болжалған жүктілік мерзіміне сәйкес келмеуі
• Жыныс жолдарынан әлсіз қанды бөліністер
• Бір жақтық толғақ тәрізді немесе үнемі ауру сезім пайда болуы
• Жалпы бұзылыстар (жалпы жағдайының нашарлауы,құсу, диарея,
метеоризм)
Жатырдан тыс жүктіліктің диагностикасы:
Қынаптық тексеруде күмбез аймағы ауру сезімді.
Күмбездер салбыраған. Консистенциясы қамыр тәрізді
Децидуалды қабықтың ажырауы байқалады.
Артқы күмбезге пункция жасағанда қою түсті қанның болуы.
Негізгі бөлім
Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы
• Кистаның асқынуы немесе аналық без кистомасы
Аналық без ісік
аяқшасының бұралуы
– 15-25%
o Дене қалпының кенеттен өзгертулері
o Ауыр физикалық жүктеме, ұзаққа созылған жөтелдің
әсерінен құрсақішілік қысымның жоғарылауы нәтижесінде
o аяқшаның қан айналымының бұзылыстары
Негізгі бөлім
Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы
2 аяқшасын ажыратамыз:
Анатомиялық аяқшасы :
Аналық без шажырқайы
Аналық без өзіндік байламы
Аналық без ілініп тұратын байламдар
Хирургиялық аяқшасы:
Керілген жатыр түтігі
Май шарбысы
Ішек ілмектері
Жатыр түтігі
Негізгі бөлім
Қан айналым бұзылыстары Бөліктік (біртіндеп) бұралуы:
Аналық без аяқшалары өзінің қалпын
Аяқшалырының ісінуі
90–180° өзгертеді
Паренхимасының қан құйылуы мен Қанның артериалдық күші сақталады
некрозы Қан тамырлардың компрессиясынан
венозды қан айналу қиындауы
Венозды толақандылық дамиды, аяқша
Толық (кенеттен) бұралуы:
қабырғаларының ісінуі
Аналық без аяқшалары өзінің қалпын 360°
өзгертеді
Артериалды қан айналуы тоқтайды
Аналық без аяқшаларында
некробиотикалық процесстер жүреді
Перитеональды симптомдар пайда болуы
Аяқшаларын инфицирлегенде перитонит
дамуы мүмкін.
Негізгі бөлім
Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуының клиникасы
• Ауру ұстама тәрізді кенеттен басталады
• Зақымдалған аймақта іштің төменгі
бөлігінде ауру сезім біртіндеп үдемелі
немесе жедел болады
• Аяққа және белге беріледі
• Құсу, лоқсу, метеоризм
• Ішек парезі (нәжістің кідіруі)
• Іштің алдыңғы қабырғасының керілуі
• Құрсақ қуысының тітіркену симптомы
Қорытынды
Аналық жыныс жүйесі гистология ғылымының айрылмас бөлімдеріне жатады.
Болашақ дәрігер (педиатрия, акушерлік қызмет, гинекология және т.б.) үшін
осы салада ғылыми іргесін қалайды. Аналық жыныс жүйесі ағзаларының
гистологиясы дәрігерлік мамандықта, ана мен бала тағдырында маңызды рөл
атқарады.Аналық жыныс жүйесін терең меңгеру көптеген клиникалық
практикада аурулардың себебін көрсетіп, мәселелерді шешуге, емдеуге
көмектеседі. Сондықтан біз үшін аналық жыныс ағзаларының құрылымдық
ерекшеліктерін, овогенез процестерін білу маңызды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz