Сұраныстар конструкторының терезесі
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
СҰРАНЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тобы: 1510-19а
Орындағандар: Абдыр Индира, Рахимберди Аяужан, Зейлан Назкен,
Иманбердиева Аружан, Дауыт Аружан, Өмірзақ Назерке, Спатаева Жансая
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Сұраныс және олардың түрлерімен танысу, әр түрлі әдістермен деректерді
сұратуды құру жолдарын үйрену;
Дамытушылық:
Сұраныс пен түрлерін жасау дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, компьютермен ұқыпты жұмыс
жасауға; компьютерлік сауатты болуға тәрбиелеу.
СҰРАНЫС ДЕГЕН НЕ?
Сұраныс – бұл іздестіруге қойылатын талап,
мәліметтер қорында берілгендерді өзгерту және
өңдеу болып табылады. Сұраныстарды өрістер көзі
ретінде берілгендерге ену үшін формалар, есептер
және беттерге қолданылады. Сұраныс Access-те
мәліметтер қоры (МҚ) файлында сақталатын және
бірнеше рет орындалатын обьект болып табылады.
Таңдалынатын сұраныстар қолданушы қойған талап бойынша
кестелерден берілгендерді таңдау үшін қолданылады.
Сұраныстың нәтижесі динамикалық кесте болып табылады.
Қарапайым сұраныс – таңдау жүргізу үшін бір базалық кесте
қолданылатын таңдалынатын сұраныс. Қарапайым сұраныстар
берілгендерді элементарлы өңдеу үшін қолданылады.
Күрделі сұраныс –бұл берілгендерді әртүрлі кестелерден және
сұраныстардан, сонымен қатар әртүрлі мәліметтер қорынан бір
жүйеге біріктіруге мүмкіндік беретін сұраныс. Мұндай
сұраныста кестелер ішкі, сыртқы, рекурсивті байланыстар және
қатынас бойынша байланысуларды қолдану арқылы бір
бірімен байланыса алады. Бұл сұраныстың көмегімен кестені
құруға, жаңартуға, өшіруге болады, әртүрлі сұрақтарға жауап
алуға болады.
Сұраныс құрудың төрт түрі бар:
Конструктор
Қарапайм сұраныс (Простой запрос)
Қиылысқан сұраныс (Перекрестный запрос)
Қайталанатын жазулар (Повторяющиеся записи)
Мастер запросовтың көмегімен сұраныстар құру
Деректер қоймасында сұранысты құру үшін "Сұраныстар" категориясын
жандандырып, Создать батырмасын басыңыз. Сұраныс конструкторы немесе сұранысты құру шеберлері
бірінің көмегімен сұраныс құру опциясын таңдауыңызға болатын диалог терезесі ашылады (1-
сурет). Сұраныстармен танысу үшін Қарапайым сұраныс опциясын таңдап, ОК батырмасын басыңыз.
1-сурет. Сұраныстар конструкторын не шеберін таңдау
Бір немесе бірнеше кестелерден өзіңізге керек өрісті тандай алатын шебер терезесі ашылады. Егер бір кестеден
артық таңдасаңыз, шебер автоматты түрде деректердің сызбасы негізінде кестелерді байланыстырады.
2-сурет. Қарапайым сұраныс шеберінің терезесі
Өрістерді таңдаған соң, Далее батырмасын бассаңыз, экранда нақты немесе қорьпынды сұраныс критерийін
таңдауға керекті сұраныстар шеберінің келесі диалог терезесі пайда болады. Бұл жағдайда
қорытынды сұраныстың аса керегі жоқ, сондықтан Подробный опциясын таңдаңыз.
Сұранысты қальштастыру процесін жалғастыру үшін Далее батырмасын басыңыз. Шебердің ақырғы терезесіне
көшесіз, мұнда сұраныс атын беріп, сұраныстың нәтижелерін көру опциясын таңдайсыз немесе сұратудың жаңа
параметрлерін енгізу үшін сұраныс конструкторы терезесіне көшесіз. Деректерді көруге арналған сұранысты
ашу опциясын ашыңыз, экранда өзіңіз құраған сұраныс нәтижесімен кесте терезесі ашылады
Мастер запросовтың артықшылығы — минимум біліммен
нәтижелерді тез алу мүмкіндігінде. Бұл мысалда, қорытынды және
көпкестелі сұраныстар жайлы түсінгіңіз болмай-ақ, өзіңізді
қызықтыратын ақпараттарды алдыңыз. Бірақ, өкінішке
орай, сұраныстар шеберлері іріктеу шарттарьн,
реттеу критерийлерін және іріктеудің қызық та күрделі
параметрлерін көрсетуге жол бермейді.
Сұраныстар конструкторының терезесі.
Сұраныстар конструкторын шақыру үшін деректер қоймасының терезесінде "Сұраныстар" категориясын
жандандырып, Создать батырмасын басыңыз. "Жаңа сұраныс" диалог терезесінде Конструктор опциясын таңдап, ОК
батырмасын басыңыз. Ассеss нәтижесінде іріктеу жүргізілетін кестені немесе сұранысты таңдауыңызды ұсынады.
Кестені тандаңыз, Добавить батырмасын басып, диалог терезесін жабыңыз. Экранда сұратулар конструкторының
терезесі, ал негізгі менюде Запрос командасы пайда болады.
Сұраныстар конструкторының терезесінде сүратуларды қалыптастыру үшін іріктеу жүргізілетін кестелерді және сұрату
нәтижесінің өрістерін таңдап алып, деректерді іріктеу, топтау және реттеу үшін критерийлерді көрсету
қажет. Сұрату менюі сұратулар конструкторы терезесінде кестелерді қосу және оларды жою, сұратудың типін
таңдау, сұратуды іске қосу және т. б. командалардан тұрады.
3-сурет. Жаңа сүрату үшін сүратулар конструкторының терезесі
Бұл менюдің көптеген пункттері саймандар панелінің батырмаларымен
қайталанады. Сонымен қатар, әдеттегідей, меню пунктінің сұратулар
конструкторы терезесінің берілген аймағына қатысы бар контекстік менюді
пайдалана аласыз.
Төменде Сұрату менюі пункттерінің қызметі және оларға сәйкес саймандар
панелінің батырмалары келтірілген.
Түр менюі құрамы жұмыс режимі өзгергенде алмастырылып отырады.
Сұратулар конструкторы терезесінде бұл меню сұратуды басқарушы
командалардан түрады:
Сұратулар конструкторы терезесінің жоғарғы жағында сұрату деректерінің
сызбасы (схемасы) бар. Бұл сызба деректер қоймасы деректерінің сызбасына
өте ұқсас, тек айырмашылығы мынада - берілген сызба сұратуға қосылған
кестелер тізімінен тұрады және олардың арасындағы байланысты бейнелейді.
Терезенің төменгі жағында сұрату бланкісі жатыр. Бүл бланкінің әрбір жолының белгілі
бір қызметтері бар:
Өріс. Бұл жолда кестедегі әрқайсысы өзінің ұяшығында сұратуды құруға пайдаланатьн
өрістер орналасқан.
Кесте аты. Бұл жол берілген өріс қай кестеден (немесе сұратудан) екенін көрсетеді.
Топтық операция. Деректер тобымен орындалатын операциялар типін анықтайды.
Сұрыптау. Бүл жолда өсуі не кемуі бойынша сұратуға қайта оралатын ақпаратты
сұрыптау типін көрсетесіз.
Экранға шығару. Егер өрісте табылған ақпаратты Мs Ассеss көрсетсін десеңіз, өрісті
көру жалаушасын орнатыңыз. Егер өріс тек сұранысыңызды қайтаратын деректерді
таңдау шартын тапсыру үшін пайдаланылса, оны бос қалдырыңыз.
Таңдап алу (отбор) шарты. Бұл - сұрату бланкісінің негізгі бөлігі. Бұл жолда (және онан
төмен орналасқан жолда) белгілі бір шарттарды бере отырып, іздеу критерийлері атау
қабылданған іздеудің шектеуін енгізесіз.
Сұраныстың
артықшылықтары:
Олар мәліметтер базасындағы кестелер арасында
орнатылған қатынастарды ескере отырып, бірнеше
кестеден ақпарат жинауға мүмкіндік береді.
Сұранысты әзірлеу кезінде бастапқы кестелердің қай
өрістерін және нәтижелер кестесіне қандай реттілікпен
енетіндігін таңдауға болады.
Сұрауларда алынған жазбалардың қай бөлігі көрсетілетінін
көрсетуге болады.
Сұраулар кесте өрістерінің мәндеріне негізделген
есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Е.Қ.Балапанов, А.Б.Даулетқұлов, Б.Б.Бөрібаев «Жаңа информациялық
технологиялар: Информатикадан 30 сабақ»,
2. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал
3. Үздік презентациялар
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz