Қоспалардың жіктелуі




Презентация қосу
Қазақстан
«Оңтүстік Қазақстан
Республикасының
Медицина Академиясы»
Денсаулық Сақтау
АҚ
Министрлігі

Презентация
Тақырып: Физикалық және химиялық қасиеттері бойынша
ДЗ тазалығына сынаулар: қоспалардың шекті мөлшеріне
сынаулар.

Шымкент 2021ж.
Жоспары:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қоспалардың жіктелуі.
2. Дәрілік заттардың сапалық және сандық құрамына
әсер ететін қоспалар.
3. ДЗ тазалығына сынаулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоспа – бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе.
Мұндай қоспа физикалық, механикалық және химиялық (құраушы заттары
әрекеттессе) деп аталады. Кез келген қоспаны физикалық әдістермен
(тығыздықтарының, қату және қайнау температураларының,
ерігіштігінің, магниттілігінің, тағы басқа физикалық қасиеттерінің
айырмашылықтары арқылы) бөліп алуға болады.

Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған,
емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік
сипаты бар заттарды атайды.
Фармацевтикалық талдау-бұл өндірістің барлық кезеңдерінде
биологиялық белсенді заттардың химиялық сипаттамасы мен өлшенуі
туралы ғылым: шикізатты бақылаудан бастап алынған дәрілік заттың
сапасын бағалауға дейін, оның тұрақтылығын зерттеу, жарамдылық
мерзімін белгілеу және дайын дәрілік нысанды стандарттау.
Фармацевтикалық талдаудың ерекшеліктері заттардың немесе олардың
қоспаларының, оның ішінде жеке химиялық заттардың, биологиялық
заттардың (ақуыздар, көмірсулар, олигопептидтер және т.б.) күрделі
қоспаларының көп қырлылығы мен алуан түрлілігі болып табылады. Талдау
әдістері үнемі жетілдіруді қажет етеді және егер химиялық әдістер, оның
ішінде сапалы реакциялар ФАРМАКОПЕЯДА басым болса, қазіргі кезеңде
негізінен физикалық-химиялық және физикалық талдау әдістері
қолданылады.
Дәрілік заттарды сынау кезіндегі маңызды көрсеткіш оларды
сәйкестендіру немесе фармакопеялық мақалаларда қабылданғандай
шынайылық болып табылады. Дәрілік заттардың түпнұсқалығын анықтау
үшін көптеген әдістер қолданылады. Барлық негізгі және жалпы
сипатталған МФ Х1 басылымдар. Тарихи тұрғыдан алғанда, негізгі назар
химиялық заттарға, соның ішінде органикалық қосылыстарда белгілі бір
иондардың немесе функционалды топтардың болуын сипаттайтын сапалы
түсті реакцияларға аударылды, сонымен бірге физикалық әдістер де кеңінен
қолданылды. Қазіргі фармакопеяларда физика-химиялық әдістерге баса назар
аударылады.
Қоспалар (классификация)

1. Жалпы технологиялық қоспалар - өндіріс процесінде енген.
• Реагент қоспалары (SO2, CI, сульфатталған күл және т.б.)
• Технологиялық қондырғылармен жанасудан болатын қоспалар ( As, Pb, Cd,
Fe және т.б.)
• Қалдық органикалық еріткіштер
• Су, ылғалдыл

2. Спецефикалық қоспалар - белгілі бір препаратқа тән және мыналарды
қосады:
• Аралық өнімдер мен арнайы реагенттер
• Синтездеу нәтижесінде пайда болған қоспалар
• Стереоизомерлер-қоспалар (энантиомерлердің қоспалары)

3. Механикалық қоспалар
Дәрілік заттардың химилық
тазалығына өте жоғары талаптар
қойылады,себебі қоспалардың шектік
мөлшерден артық болуы дәрілік
заттардың физикалық, химиялық,
фармакологиялық қасиеттеріне теріс
әсер етеді. Ластану көздеріне ЛАСТАНУ
байлапысты қоспалар жалпы
технологиялық, тектес (арнайы) және
кездейсоқ болып бөлінеді. ТЕХНОЛОГИЯЛЫ
АРНАЙЫ КЕЗДЕЙСОҚ
Қ
Жалпы технологиялық коспалар
барлық дәрілік препараттарға
тән.Аталған қоспамен ластанудың
көздеріне өндіріс процесінде
қолданылатын құрал -жабдықтар,
реактивтер,еріткіштер жатады.
Қоспалардың санын шамалап
бағалауды,қоспалардың шектік мөлшерін
нормалайтын стандарттық
ерітінділермен салыстыру арқылы
визуальды түрде жүргізеді.
Тектес (арнайы) қоспалар жалпы технологиялық қоспалардан
айырмашылығы, олардың химиялық құрамы дәрілік заттардың құрамына
жақын болып келеді. Қоспаның бұл түрі негізінен, бастапқы синтездеу
өнімдері , ыдырау өнімдері және жартылай өнімдер болып
табылады.Тектес қоспаларды сыналатын ерітіндіде химиялық
реакциялармен тікелей анықтау өте киын. Сондықтан оларды әсер етуші
заттардан алдын-ала бөлуді жүргізеді және әрі қарай гравиметриялық,
титриметриялық немесе физика-химиялық әдістермен анықтайды.Тектес
қоспаларды анықтаудың кең тараған тәсілдеріне хроматографиялық
әдістер жатады. Тектес қоспаларды анықтау және сандық бағалау үшін
сұйықтықты хроматография (ЖЭСХ), газды-сұйықтықты
храмотография (ГСХ) және олардың басқа әдістерімен қосылған түрлері
қолданылады.
Кездейсоқ қоспалар дәрілік заттардың өндірісінде , тасмалдануында
және сақталуында сырттай ластану арқылы кездеседі.
Дәрілік заттардын фармакологиялық белсенділігіне тигізетін
әсерлеріне қарай қоспалар әсер етпейтін(бейтарап), өсер ететін (улы),
әсері бойынша антогонистер болып бөлінеді.

Бейтарап қоспалар ретінде дәрілік заттарда жалпы технологиялық
қоспалар болуы мүмкін.Олар дәрілік субстанцияда көп мөлшерде болса әсер
етуші заттың сандық мөлшерін төмендетеді.Сондықтан дәрілік
заттардағы қоспалардың шектік мөлшері нормаланады. Антогонистер
(натрий препаратындағы калий, магний препарттарындағы кальций )
және улы қоспалар (рентгеноскопияға арналған барий сульфатында еритін
барий тұздары ) жіберілмейді.
Қоспалар нормалануына байланысты жіберілмейтін және жіберілетін
түрлерге бөлінеді. Жіберілмейтін қоспалар теріс реакциялар бойынша
(реакция жүрмейді), ал жіберілетін түрлерге бөлінеді. Жіберілемейтін
және жіберілмейтін түрлерге бөлінеді. Жіберілмейтін қоспалар теріс
реакциялар бойынша (реакция жүриейді),ал жіберілетін қоспалар
стандартты ерітінділермен салыстыру арқылыанықталады.
Жіберілетін қоспаларды сезімталдығы жоғары , арнайыхимиялық
реакциялар арқылы анықтайды.Сезімталдығының жоғарылығы қоспа
ионыныңең аз мөлшерін анықтауды сипаттайды, ал ерекшелігі- иондарды
басқа иондардың ішінен бөліп айқындау мүмкіншілігін көрсетеді. Қоспалық
иондардың шектік мөлшерлерінжартылай сандық (бағыттаушылық)
бағалауды белгілі ионның шектік мөлшері көрсетілген стандартпен
салыстыру арқылы жүргізеді. Қоспалардың сандық мөлшерін
химиялық(титрлеу) және физика-химиялық әдістермен (спектральды ,
хроматографиялық )анықтайды.
Салыстырмалы сынаулар үшін пайдаланылатын сынауықтар ішкі
диаметрі бірдей, мөлдір және жазық түпті арнайы түссіз шыныдан
жасалған.
Сұйықтық қабатын жоғарыдан төмен қарай сынауықтың тік өсі
бойынша ақ фонда немесе қажет болса, қара фонда қарайды. Сынауды
шашыраңқы жарықта жүргізеді.
Ішкі диаметрі 16 мм сынауықтарды қолдану рұқсат етіледі. Егер
сынауықтардағы сұйықтық биіктігі ішкі диаметрі 16 мм
сынауықтардағы ұқсас сынаулардан төмен болмаса, сыналатын
сұйықтық көлемін ұлғайтса, олардың орнына ішкі диаметрі үлкен
сынауықтар пайдаланылуы мүмкін.
III. Қорытынды

Дәрілік заттарды озық технологияларды қолдану арқылы
ДЗ тазалығына сынаулар жасау фармацевтикалық нарықты
реттеуге және дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал
ең бастысы жалған фармацевтикалық өнімдерді өндіру мен
сатуды тоқтату. Заң шығарушы ҚР аумағында жалған
фармацевтикалық препараттарды анықтау үшін жүйелі
тәсіл қажет деп санайды. Сәйкес қоспалардың шекті
мөлшеріне сынаулар мен ақпараттық ресурстарды
пайдаланатын жаңа мониторинг жүйесін енгізу
фармацевтикалық нарықты бақылауға алуға мүмкіндік
береді, бюджетті толықтыруға көмектеседі және
фальсификация тарату жүйесінің бұзылуына ықпал етеді.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Арыстанова Т.Ә. Фармацевтиқалық химия: оқулық.т.1-
Алматы: «Әверо», 2015.- 592 б.
2. 2. Арыстанова Т.Ә. Фармацевтиқалық химия: оқулық.т.2-
Алматы: «Әверо», 2015.- 602б.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-
Алматы: «Жібек жолы», 2008.-1 Т.-592б.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-
Алматы: «Жібек жолы», 2009.-2 Т.-804б.
5. ҚОСПА: КОМПОНЕНТТЕР, ТҮРЛЕРІ, БӨЛУ ӘДІСТЕРІ, МЫСАЛДАР
- ҒЫЛЫМ (
warbletoncouncil.org)
6. Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін
зерттеу нәтижесі (yandexwebcache.net)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
ҚАСИЕТТЕРІН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ОЛАРДЫҢ ҚОСПАЛАРЫ
Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар
Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу және Бокс-Уилсон әдісі
Бейсу еріткіштер
Көз тамшылары
Атмосфералық ауаны зерттеу әдістері
Болаттың тотығу дәрежесі
Биологиялық белсенді заттар
Химиялық қоспа қосылған бетондар
Пәндер