Гомер дәуірінің мәдениеті


Slide 1

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

“Грек-рим өркениеті тарихи-мәдени тип ретінде”

Орындағандар:МАТ-21/1

Телешбай Аружан

Берекетова Зейнеп

Омурзакова Шынарай

Курбанбаева Женисгул

Нухиев Толеген

Еңсебаев Жанарыс

Slide 2

2. Ежелгі грек-рим білімі мен ғылымының қалыптасуы

3. Грек-рим мәдениетінің тарихи даму кезеңдері

1. Ежелгі грек-рим мәдениеті

4. Гомер дәуірінің мәдениеті

5. Архаикалық грек мәдениеті

6. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті

Жоспар:

Slide 3

Кіріспе

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (көне, ежелгі) » деген ұғым. Қайта өрлеу дөуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Slide 4

Ежелгі Грекия мәдениетi

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол езiнiн баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді . Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің iшiнде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мен береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т. б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсiншiлерiне суретшiлерiне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді . Шындығын айтсақ, бiздiң дүниежүзiлiк медениетпен таныстығымыздың өзi де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл - ой иелерімен танысудан басталады . Мұндай ақыл - ой даналығы рухани және саяси әлеуметтік өмірдің барлық салаларында поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сөулет, мүсін және т. б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Кене мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есiмiмен тығыз байланысты болды.

Slide 5

Грекиянын көне мәдениетінің тамыры теренде жатыр, өйткені, оның бастауында б. з. д. III - II мыңжылдықтарда Грекия жерi мен Эгей теңiзi аралдарын мекендеген тайпалардың еркениетi жатыр . Эгей өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, мiне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас Б. з. д. -II мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес тубегiндегi Микены болғандықтан да Эгей оркениетiн Крит - Микены мәдениеті деп атайтын болған . Грек аныздарына қарағанда Крит - ұлы жебеуші, найзағай тәңiрi Зевстің туған жері . Аңыз бойынша гректердiн ен басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, аскан сулу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдын болашақ билеушісі Минос туған . Атақты Геракл өз ерлiктерiнiң бiрiн дәл осы Крит аралында жасаған . құтырған бұқаға бас уйреткен . Гомер де ез дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді

Slide 6

Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.

Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние цивилизациялары көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды.

Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді.

Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді.

Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.

Slide 7

Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.

Slide 8

Гомер дәуірінің мәдениеті

Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен - Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі - біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр

алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды.

Slide 9

Гомерлік кезеңнің IX-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты - грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы үмытпаған жөн сияқты. «Адам - бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогорқатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі - грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.

Slide 10

Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Біздің заманымызға дейінгі IX-VIII ғасыр құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары - біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардагы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.

Slide 11

Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және тағы да басқалары шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады

Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.

Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек

Slide 12

Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті

(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г. )

Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б. з. д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'‘’» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді) . Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру-ұлы отаршылдық кезеңі, бұл-құл иеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер. Әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады.


Ұқсас жұмыстар
Антикалық мәдениет
Ежелгі Грек мәдениеті
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Эгей мәдениеті
Қола дәуірінің ерекшеліктері
Ежелгі батыс елдері
Ежелгі Грекия өркениеті
Жаңа заман мәдениеті
Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Дарет Фигийский Троя қаласының қирауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz