Диктор сөзі


Slide 1

Диктор сөзі

Сыртқы жиынтық бағалауға дайындық

(10-12-сыныптарға арналған)

Құрастырған Жүнісов Досан Болатұлы

Қызылорда қ. ХББ НЗМ

Slide 2

Қорытынды жаңалықтарды хабарлау барысында сөйлеуші қызметін атқаратын жəне арнаулы репортаж жасайтын тележурналистердің, яғни коммуникативтік тұлғалардың, бұқарамен ерекше қарым-қатынасқа түсетін субъектінің, хабар авторының сөзін ДИКТОР СӨЗІ деп атаймыз

ДИКТОР - индивидуалды-ұжымдық субъекті, яғни автор белгілі бір хабарды жеке өзінің ғана емес, теле-радиохабар ұжымының, газет-журнал редакциясының да көзқарасын танытып, ұжымдық баға береді.

Диктор сөзі дегеніміз не?

Slide 3

Ғалым М. Барманқұлов:

«Сөз-думанның қарапайым ақпараттан не айырмашылығы бар? Ақпараттық бағдарламаны диктор емес, журналистің жүргізуінде. Журналистің диктордан қандай өзгешелігі бар? Журналист біреу дайындаған мəтінді ғана емес, өзі де камера алдында ойын білдіре алатындығында», - дейді.

Диктор біреудің алдын ала дайындап берген сөзін оқиды, ал тілші алдын ала дайындалған мəтін мазмұнына өз ойын, пікірін қоса алады.

Slide 4

Ал зерттеуші Б. Момынова «Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы) » атты ғылыми еңбегінде бұқаралық ақпарат құралдарының үш түріне: оқылатын (визуалды), тыңдалатын (аудиалды) жəне əрі тыңдауға, əрі көруге болатын (аудиовизуалды) тоқталып, олардың ортақ қызметтерін көрсетеді:

ақпараттық;

ақпаратты жеткізудегі комментарийлық-бағалауыштық;

ақпараттың ағартушылық-танымдық;

ақпараттың қоғам мүшелерінің дүниетанымына əсер ету;

ақпаратты жеткізуде жағымды эффектілер тудыру үшін тиімді тəсілдерді пайдалану

Slide 5

Арман Балтабайұлы қорытынды жаңалықтарды мынадай жолдармен ашады: Ассалаумағалайкүм, ағайын! Қазан айының жиырмасы, бейсенбі. «Хабар» агенттігі еліміз бен шет елдерде болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады (20. 10. 2005) . Кейде Ассалаумағалайкүм, ағайын! Бүгін қазан айының жиырма бірі, күн - жұма. «Хабар» агенттігі еліміз бен шет елдерде болған жаңалықтардың елеулі дегендерін назарларыңызға ұсынады (21. 10. 2005. ) деп бастаса, енді бірде сəл өзгеріс енгізіп: Ассалаумағалайкүм, ағайын! Бүгін қазан айының жиырма екісі, сенбі. «Хабар» агенттігі еліміз бен шет елдерде болған жаңалықтардың елеулі дегендерін назарларыңызға ұсынады (22. 10. 2005. ) .

Алдымен диктор көрерменмен амандасып, өзін таныстырады. Мұны ұйымдастыру бөлігі деп атауға болады. Бұл бөлімде диктор өз сөзін сөйлесудің диалогтік сипатына тəн ерекшеліктерге негіздеп, монологтік типте жеткізеді. Мұндайда диктор дауысы салтанатты түрде шығады. Осыған орай, ұйымдастыру бөлігінің мəтінін лепті сөйлемдер құрайды. Олар көтеріңкі дауыспен, ерекше интонациямен айтылады.

Ұйымдастыру бөлімі

Slide 6

Мысалы, Нуриддин Бидосов көрермен қауыммен амандасып болғаннан кейін, кіріспе бөлімді бастайды:

Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

Алдымен, бүгінгі күннің басты оқиғаларына қысқаша тоқталып өтсек.

Қазақстанға ресми сапармен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кандолиза Райс келді. Еуразия университетінде өткен кездесуде ол елімізді аймақтағы əрі кепілі деп атады.

Ресейдің Кабардин-Балкар автономиялы республикасының орталығы Нальчикте бүгін мол тартыс болды. Астанаға жасырын енген қарулы топтар бірнеше мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасап, адам шығыны бар.

Астрахань облысының Алтынжар ауылында күй атасы Құрманғазы атындағы мəдени орталық ашылды.

Елімізге екі күндік жұмыс сапарымен Кандолиза Райс келді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті (13. 10. 2005) .

Кіріспе бөлімі (лид)

Диктор хабарланатын жаңалықтардың легімен, ретімен таныстырады. Мұны тележурналистика саласында «лид» деп атайды. Басқаша қорытынды жаңалықтардың кіріспе бөлімі деп атауға болады. Өйткені бұл бөлімде берілетін маңызды жаңалықтардың тақырыбы, реті жөнінде мəлімет беріледі. «Жаңалықтарды жүргізуші мəртебесі күнделікті экраннан өтіп жатқан актуалды хабарлама арқылы айқындалады»

Slide 7

Диктор сөзінің негізгі бөлігін жоспарлы рет бойынша хабарланатын негізгі жаңалықтар мəтіні құрайды. Олар 2-3 хабарлы сөйлемнен тұрады. Жаңалықтар ресми сипатта салқынқанды дауыспен оқылады. Диктор сөзін тілші өз репортажында толықтырады. Мысалы: Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының басшылығымен бұқаралық ақпарат құралдары жайлы жетінші Орталық Азиялық конференция басталды. Онда БАҚ өкілдерінің жұмыс істеуіне жағдай жасау, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау барысында атқаратын рөлі əңгіме өзегіне айналды (13. 10. 2005) .

Диктор өз сөзін қорытындылап, көрерменмен қоштасады да, келесі сөз кезегін спорт жаңалықтарын жүргізуші дикторға береді. Мұны диктор сөзінің қорытынды бөлігі деп айтуға болады. Дикторлар амандасу кезінде де, қоштасу уақытында да аудиторияның кім екенін, олардың əлеуметтік мəртебесін ескере отырып, тіл қатады. Кешкі жаңалықтарды үзбей көріп отыратын адамдар жүргізушінің қалай қоштасатынын біледі. Солардың бірқатарына көңіл аударайық.

Бүгінге осы. Эфирде келесі жүздескенше аман-сау болыңыздар (19. 10. 2005) . Көріскенше аман- сау болыңыздар (20. 10. 2005) .

Бүгінге осы. Алда спорт жаңалықтары мен ауа райы туралы мəлімет (17. 10. 2005) .

Жеңісті күндерде жүздескенше (17. 10. 2005) . Амандықпен жүздескенше (18. 10. 2005) . Эфирде келесі жүздескенше (13. 10. 2005) .

Негізгі бөлімі

Қорытынды бөлімі

Slide 8

Көгілдір экрандағы бағдарламаларды көрерменге ұнамды етіп беру үшін, диктор сөзі төмендегідей қағидаттарды басшылыққа алғаны жөн:

хабарлардың тілін жақсарту, оларды ықшам, ақпараттық мəні жөнінен салмақтандыру керек;

редакция алқасы материалдардың стиліне, тақырып ауқымы мен сапасы мəселелерін тұрақты назарда ұстауы тиіс;

материалдар неғұрлым жаңа əрі өзіндік үні болуы шарт;

тележурналистердің стилі ерекше ықшамдылыққа, нақтылыққа, қисынға, анық əрі образды тілге құрылуы керек.

Диктор сөзіне қойылатын талаптар

Slide 9

ДИКТОР СӨЗІ (ОҚУШЫ ЖҰМЫСЫНАН ҮЛГІ)

Сіз еліміздегі белгілі телеарнаның шолушы дикторысыз. Бүгінгі жаңалықтарда сізге әлемдегі лаңкестік әрекеттер туралы саяси ақпараттарға толы шолу жасау тапсырылды. Олай болса, шығармашылық шабытыңызды оятып, көрерменді елең еткізердей диктор мәтінін даярлауға кірісіңіз. (250 сөз)

Армысыздар ағайын! Кеш жарық! Осы аптаны қортындылайтын - мен, Серікбай Кемел. Бірінші кезекте «Апта. Kz» бағдарламасында әлемдегі орын алып жатқан қылмыстар, ірі қылмыс оқиғалары талқыланатын болады.

Бұл тақырыпты бастамай тұрып, халық ауызында жүрген ИГИЛ ұйымы туралы және Сирия мен Ирандағы оқиғаларға біршама шолу жасап кетейік. Қайбір тұрғыннан бұл мемелекеттер және оқиғалар жайлы сұрасаңыз, бірден террористік актілер, жарылыс, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерімен байланыс туындайды. 2012-2013 жылдан бастап, Таяу Шығыс елдерінен де алғашқы террористік актілердің ірі ошақтары пайда болды. Алғашында 3-4 елдердің араласуымен болған бұл соғыс өзіне шет елдер жас азаматтарын тарта бастады. Мысалы, Қазақстан, Тәжікістан, Өзбекстан елдерінің жас жеткіншектерді өздеріне сендіріп қайта алып кетеді екен. Үкіметке қарсы шыққан террористердің айтуы бойынша, олар тура жолда, яғни ислам діні және әділдік үшін күресуде немесе «жиһад» соғысына қатысуда. Терорристер жас балаларды алаяқтық тәсілмен ғаламтор жүйесінде алдап, түрлі әлеуметтік желілерді қолданады. Әуелде олар жарқын өмірді уәде етеді және мол ақша береміз деп сендіреді. Кейін, басқа жаққа алып кетіп, соғысқа дайындайды. Салдарында 90% бала өз отбасынан тыс қалып, беймәлім түкпірге жоғалып кетеді. Бұл соғыс стихиялы түрде Европа және АҚШ елдеріне жайылып кетті. 2015 жылғы Франция мемлекетінің астанасы Париж қаласында террористік актілер орын алды. Париждің әйгілі 5 театрында жарылыс болып, көптеген адам зардап шегіп ауруханаға жатқызылды. Франция еліне бұл күн қаралы күн болып енгізілді.


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Мамандық таңдау ережесі
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Қанатының аққудың балапандап
СЮЖЕТТІК ЭЛЕМЕНТТЕР
Көкшетау І.Жансүгіров
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ - ХХІ ҒАСЫР АҚЫНЫ
Жоғарғы сыныпта мамандық таідау басты құндылық”
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz