Жүректің беттері


Slide 1

Мамандық: «Медбикелік іс»

Пән: «Анатомия»

Тақырыбы: «Жүрек, орналасуы, құрылысы, камералары, қабаттары қызметі»

Slide 2

Жоспары:

1. Жүрек, топографиясы, құрылысы

2. Жүректің беттері

3. Жүрек камералары

4. Жүректің қабаттары

5. Жүрек қақпақшалары

6. Жүрек шекаралары

7. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері

Slide 3

ЖҮРЕК

ЖОҚ, ДӘРІГЕР

Жүрегіме жүк артып жүргенімде. Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба білмеймін, кірледің бе? Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде, Дәрігер-ау, арқалап жүремін бе? Сорлайтындай соншама кім едім мен, Неге аяныш атасың іренінңен? Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып, Жүрек дерті өлімге бастай ма анық? Адасам ба өмірден жастай қалып? Ет жүрегім кете ме тасқа айналып? Неге айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып? Пері соққан пендедей есі жарым, Тамырымда тулайды есіл ағын. Бұл жүректің білмеймін, несін алдым, Несі жоғын білмеймін, несі барын?

Slide 4

Қаным қайнап барады, қаным қайнап, Бір амал тап, дәрігер, халімді ойлап. Алауыртқан ақынның қолын байлап, Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап . . . Жоқ! Дәрігер! Орнатпа басқа жүрек! Басқа лүпіл жасама, басқа леп. Қалай айтам, бүлінген жүрегімді, Білдірмей доғдыр алып тастады деп?! Өңгеріп өгей жүрек қайда барам, Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам? Сыйыңа рақмет, қайран Адам! Өзімнің жүрегімдей қайда маған? Алмастырам!? Дедің-ау, алмастырам!. . Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан. Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп, Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?

Тула, Жүрек! Өкінем мен несіне!? Туған жүрек, әрине, өлмесін бе? . . Жоқ! Дәрігер!

Қозғама, дамылдасын Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!

Мұқағали Мақатаев

Slide 5

ЖҮРЕК-кеуде қуысында, алдыңғы-ортаңғы көкірекаралықта орналасқан, бұлшық етті ағза.

ЖҮРЕК НЕГІЗІ-жоғары; артқа-оңға қарай орналасқан.

ЖҮРЕК ҰШЫ-төменгі; алдыға-солға қарай орналасқан.

Slide 6

ЖҮРЕКТІҢ БЕТТЕРІ:

Алдыңғы-төстік

беті

Төменгі-

диафрагмалық беті

Бүйір-өкпелік

беттері

Артқы-көкірек

аралық беті

Жоғарғы-тамырлық

беті

Slide 7

1) Алдыңғы-төстік беті;

2) Төменгі-төстік беті/диафрагма;

3) Бүйір-өкпелік беттері;

4) Артқы-көкірек аралық беттері;

5) Жоғарғы-тамырлық беттері;

Slide 8

ЖҮРЕК КАМЕРАЛАРЫ:

Оң жүрекше

Сол жүрекше

Оң қарынша

Сол қарынша

Slide 9

1) Оң жүрекше-оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуысты вена-вена қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-оң құлақша болады.

2) Сол жүрекше-сол жүрекшеге 4 өкпе венасы-артерия қанын алып келіп, құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-сол құлақша болады.

Slide 10

3) Оң қарынша-оң қарыншадан өкпе сабауы (бағаны) -вена қанын алып шығады.

4) Сол қарынша- сол қарыншадан қолқа басталады да-артерия қанын адамның барлық дене бөлігіне таратады.

Slide 11

ЖҮРЕК ҚАБАТТАРЫ:

І. Эндокард-жүректің ішкі қабаты. Ол 3 қабатшадан тұрады: 1-ішкі қабатша

2-ортанғы қабатша

3-сыртқы қабатша

Эндокард қабатының өсінділері жүрек қақпақшаларын түзеді. Ол 2-ге бөлінеді:

Slide 12

а) Үш жақтаулы қақпақша-оң жүрекше қарынша аралығында орналасқан. Дөңес беті жоғарғы жүрекшеге қараған 3 жақтаудан түзілген. Олар сіңір жіпшелер арқылы емізікті еттерге барып бекиді.

1. Жармалы (жақтаулы) қақпақша: 2-ге бөлінеді:

б) Қос жақтаулы қақпақша-сол жүрекше қарынша аралығында орналасқан.

жақтау

сіңір жіпшелер

емізікті еттер

2. Айшық қақпақшалар-ірі қан тамырлардың ашылар жерінде орналасқан. Дөңес жағы төменгі қарыншаға қараған 3 қалтадан түзіледі.

Slide 13

ІІ. Миокард-көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан түзілген. Олар кардиомиоциттерден тұрады-ол құрылым бірлігі болып табылады. Ол 1 немесе 2 ядролы келген көлденең жолақты ет талшықтарынан бөлімшесі.

Жүрекше миокардасы -2 қабаттан тұрады:

а) Сыртқы циркулярлы

б) Ішкі бойлық

Қарыншалар миокардасы-3 қабаттан тұрады:

а) Сыртқы бойлық

б) Ортанғы циркулярлы

в) Ішкі бойлық

- - - - - -

- - - - - -

КАРДИОМИОЦИТ

Slide 14

ІІІ. Эпикард-жүрекшенің сыртқы қабаты. Жұқа дәнекер тінді қабатпен қапталған. Құрамында сірлі клеткалар бар. Олар перикардтың қуыстығына сірлі сұйықтық бөледі.

Перикард- жүрек қабы. Тұйық, сірлі қап. 2 қабаттан тұрады: а) Сыртқы фиброзды қабат

б) Ішкі висцеральді қабат

Slide 15

Үлкен қан айналым шеңбері

Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан -қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капиллярларға жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады.

Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен қанайналымның үлкен шеңбері аяқталады.

Slide 16

Жоғарғы қуысты вена

Төменгі қуысты вена

Үш жармалы қақпақша

Өкпе сабауының

айшық қақпақшасы

Өкпе сабауы

Қолқа

Қолқа қақпақшасы

Қос жармалы қақпақша

Төрт өкпе венасы

Оң

жүрекше

Сол

жүрекше

Оң

қарынша

Оң

жүрекше

Үлкен қанайналым шеңбері

Венозды қойнау

Slide 17

Кіші қанайналым шеңбері


Ұқсас жұмыстар
Жүрек камералары
Жүрек қақпақшалары
Жүрек беттері
АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫ
Өкпе ішіндегі қан айналымы
Әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың реографиясы. Кан айналымын зерттеудің әдістері. Реографиялық қысықтарын тіркеу және талдаупринциптерінің әдістері
Алғашқы ғарыш қонағы кім
ТІС АНАТОМИЯСЫ
Айналу беттері
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz