Экология пәні және оның мазмұны




Презентация қосу
Қарастырылатын сұрақтар
1.Экология пәні және оның мазмұны.

2.Экология ғылымының даму тарихы.

3.Басқа ғылым жүйелерімен байланысы.

4.Экологияның бөлімдері (Аут-, дем-,
синэкология)
“Экология” терминін 1866 жылы неміс
биологы Эрнест Геккель ұсынған.
Грекше oikos – үй, logos – ілім.
Аударғанда тіршілік мекені туралы ғылым.
Бұл терминді Эрнест Геккель ең алғаш
”Ағзалардың жалпы морфологиясы” еңбегінде
қарастырды.
Геккель (Haeckel)
Эрнст 16.02. 1834 -
09.08 . 1919 жылдары
өмір сүрген неміс
биологы. 1861 салыс-
тырмалы экологияның
приват-доценты, 1862-
1909 Иен университе-
тінің профессоры
атанған.
Э. Геккель экология ғылымның
анықтамасын былай тұжырымдады:
«Экология деп, біз табиғат экономикасына
қатысты барлық білімдерді — жануарлардың
оны қоршаған органикалық және
бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен
тікелей немесе жанама қатынаста болатын
жануарлармен және өсімдіктермен өзара
ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық
әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді
түсінеміз».
Бүгінгі таңда Экология биосферадағы тепе – теңдікті жан
. – жақты қарастыратын оның бұзылу себептерін
болжайтын және анықтайтын, сонымен қатар тепе -
теңдіктерінің ауытқуын қоршаған ортаға әсерін
зерттейтін ғылым саласы.
Экология ғылымының зерттеу нысаны: биологиялық және
географиялық, микро және макро экожүйелермен оның
уақыт пен кеңістікке қатысты ырғағы.
Экожүйе дегеніміз - әртүрлі организімдердің бірлесіп
мекендеуінің және олардың бір - бірімен заңды
байланыста болудағы тіршілік ету жағдайының
жиынтығын айтамыз.
Экология ғылымының даму тарихы

Алғашқы эволюциялық ілімнің авторы Жан Батист Ламарк (1744-
1829) еңбектері.

Өсімдіктер географиясында экологиялық бағытты салған Александр
Гумбольдт (1769-1859) еңбектері.

Экологиялық ойларға зор үлес қосқан орыс зоологтары К.Ф.Рулье
(1814-1858) мен Н.А.Северцов (1827-1885) еңбектері.

Ғылым ретіндегі экология тарихындағы ерекше күн – 1866 жылдың
14-қыркүйегі болды, сол күні Э.Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы
морфологиясы» деген кітабын жарыққа шығарды.

Американдық ғалым С.Форбс экологияның айқын сипаттамасын
1895 жылы берді.
Жан Батист Ламарк өз
еңбектерінде “сыртқы
жағыдайлардың” ықпа-
лын жануарлар мен
өсімдіктер эволюция-
сының аса маңызды
себептерінің бірі ретінде
атап көрсетті
— неміс ғалымы-
энциклопедист, физик,
метеоролог, географ
ботаник, зоолог және
саяхатшы, Вильгельма фон
Гумбольдттың кіші інісі,
Өсімдік географиясының
негізін қалаушы
Өсімдіктер сыртқы кейіпі
ландшафттың
“физиономиясын”
анықтайды және
өсімдіктер биосферада
географиялық белдемеге
сәйкес бөлінген деген.
РУЛЬЕ КАРЛ ФРАНЦЕВИЧ [8(20).4.1814, НИЖНИЙ
НОВГОРОД, НЫНЕ ГОРЬКИЙ, — 10(22).4.1858, СЕВЕРЦОВ НИКОЛАЙ
МОСКВА], РУССКИЙ ЕСТЕСТВОИСПЫТАТЕЛЬ,
БИОЛОГ-ЭВОЛЮЦИОНИСТ. АЛЕКСЕЕВИЧ (1827-1885) – ЗООЛОГ.
В.И. Вернадский
(1863-1945) –
биосфера туралы
қағидаларды
тұжырымдаған
ғалым
Ағылшын геоботанигі
Э. Тэнсли “Экожүйе”
ұғымын ғылымға
енгізген.
Э. Тенслидың
экожүйелер туралы
ілімнің шыққан жылы
1935 жыл болып
саналады.
1942 жылы оған ұқсаған
«Биогеоценоз» ұғымы
туралы ілімдерді орыс
ғалымы В.Н.Сукачев
жазған
Н.Ф. Реймерс (1992 ж.)
«Үлкен экология»
ұғымының авторы

Н.Ф. Реймерс: «Қазіргі жағдайда экология
қазіргі заманғы кең мағынада алғанда
биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол
қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша
Жер туралы физика-математикалык, химия-
биологиялық және қоғамдық ғылымдар
цикліне тең келетін білімдер цикліне
айналды».
Басқа ғылым жүйелерімен байланысы
Экологиялық ойлар мен мәселелердің, білімнің басқа
салаларына енуін экологизация деп атайды.

Қазіргі заманғы Экологияның құрылымы:
биоэкология

адам экологиясы

әлеуметтік экология

қолданбалы экология

геоэкология .
.Экологияның бөлімдері:
Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету
ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін
экология бөлімі.
Демэкология – бір тектес дарақтардың табиғи
топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін
экология бөлімі .
Синэкология - өсімдіктердің, жануарлардың,
микроағзалардың қауымдастықтарын және олардың
мекендеу ортасымен қатынасын зерттейтін экология
бөлімі.

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар экологиясы
Жалпы экология пәні, міндеттері және құрылымы
Олимпиаданы өткізу
Экологиялық құқықтың ұғымы
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
Экологиялық және жер құқығының негіздері
ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖӘНЕ САБАҚТАН
Экологияның зияны
Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
АТЛАСТАР КАРТОГРАФИЯС
Пәндер