Венерологиялық аурулар
Презентация қосу
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: АУРУ ТАРИХЫН ТОЛТЫРЫП, НАУҚАСТЫ
КУРАЦИЯЛАУ.
Орындаган: Мәнәпова Назым
711 топ ЖТД
Семей 2017жыл
ПАСПОРТТЫҚ ДЕРЕКТЕРІ:
1. НАУҚАСТЫҢ ФАМИЛИЯСЫ, АТЫ,
ӘКЕСІНІҢ АТЫ ЖӘНЕ ЖАСЫ.ҰЛ, ҚЫЗ.
ҚАН ТОБЫ.
2. ТУҒАН КҮНІ МЕН ЖЕРІ.
3. ТҰРАТЫН ЖЕРІ.
4. СТАЦИОНАРҒА ТҮСЕР АЛДЫНДА
ҚАНДАЙ ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ
МЕКЕМЕ(ПОЛИКЛИНИКА,
АУРУХАНАЛАР) ҚАРАУЫНДА БОЛДЫ.
4. МАМАНДЫҒЫ, ЖҰМЫС ОРНЫ,
ЛАУАЗЫМЫ.
5. ЖАНҰЯЛЫҚ МӘЛІМЕТ
1. ШАҒЫМДАРЫ:
• Негізгі және қосымша шағымдарын анықтау.
• Негізгі шағымдарға аурудың негізгі симптомдары жатады және
процестің орналасқан жерін көрсету керек.
• Қосымша шағымдарға субъективті сезімдер, яғни белгілі ауруға
тән емес (жалпы әлсіздік, дене қызуы) немесе қосымша ауруға
байланысты шағымдар.
2. АНАМНЕЗ (А. MORBI).
• Аурудың алғашқы белгілері қашан, қайда, қандай
жағдайда пайда болғанын білуден басталады. Ауруды
немен байланыстырады, пайда болуға себепші әсер.
Науқасты тексергенге дейін ауру қалай дамыған?
• Аурудың жаңа белгілерінің пайда болуы немесе
бұрын пайда болған симптомдардың жоғалуы немесе
азаюы, күшеюі, әрі қарай дамуы.
• Қайда қаралды, қайда тексерілді және немен емделді,
қандай диагноз қойылды, олардың ауру ағымына
әсері.
• Қазіргі уақыттағы жағдайының нашарлауын және
емханаға түсуінің себептерін толық сұрастыру.
3. БАСЫНАН ӨТКІЗГЕН АУРУЛАР.
• Қандай ауруларды басынан өткізді, қай жаста және оның
немен аяқталуы. Жаралану, операция, контузия.
Венерологиялық аурулар. Психикалық жарақаттар. Жұқпалы
науқастармен қарым – қатынас.
4. Аллергологиялық анамнез.
Аллергологиялық аурулар науқаста және туысқандарының
анамнезінде болды ма? Антибиотиктерді қолдану
нәтижелері.
Егулер. Дәрілерге жоғары сезімталдық, тағамдар жақпауы.
5. ЖАНҰЯЛЫҚ АНАМНЕЗІНЕН
ЖӘНЕ ТҰҚЫМ
ҚУАЛАУШЫЛЫҚ.
• Туысқандары жайында мәліметтер: олардың жастары,
денсаулықтары, өлім себептері, әкесі және шешесі жағынан,
қайтыс болған ата – аналарының, ағаларының, қарындастарының
балаларының, апаларының жасы. Ата – аналарындағы аурулар:
туберкулез, сифилис, алкоголизм, қатерлі түзілістер және т.б.
6. НАУҚАСТЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ. (А.
VITAE)
1. Сәбилік, балалық, жастық шағы.
2. Туған жылы, уақытында туды ма, туған кездегі салмағы. Туған кезде ата –
анасының жасы. Бала кезіндегі дамуы. Мектептегі кезең, қай жаста мектепке
барды, қалай оқыды. Жастық шақ дамуы кезіндегі ерекшеліктер.
3. Тұрмыстық анамнез. Өмірлік жағдайы. Үйі: жылы, сызды, суық, жарық, оның
ауданы және онда тұратын адам саны. Тамақ құндылығы, уақытында қабылдау,
көп мөлшерде сұйықтықты, ас тұзын қабылдау әдеті.
4. Еңбек анамнезі. Қай жастан бастап еңбек істеді, мамандығы, бүкіл өмір
бойындағы еңбек жағдайы. Еңбек еткен кезде зиянды жағдайы болды ма?
5. Жыныстық жетілу кезеңі. Әйелдерде: менструациялар келу уақыты, оңын
кезеңділігі, ауырсыну ұзақтығы. Қанша жүктілік және босану болды, жасанды
түсік тастау, өздігінен түсік тастау болды ма? Туған кездегі баласының салмағы.
Климакс, пайда болу уақыты және белгілері.
6. Зиянды әдеттері: темекі шегу, алкоголь және ішімдік, есірткі қолдану, қай
жастан, мөлшері.
7. ОБЪЕКТИВТІ ҚАРАУ
1. ЖАЛПЫ ҚАРАУ. ЖАҒДАЙЫ: ЖАҚСЫ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ,
ОРТАША АУЫРЛЫҚТА, АУЫР, АГОНАЛЬДЫ, ДЕНЕ ҚЫЗУЫ.
ТӨСЕКТЕГІ ЖАҒДАЙЫ, ЕСІ, БЕТ ӘЛПЕТІ.
АНТРОПОМЕТРИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
САЛМАҒЫ, ДЕНЕ ҰЗЫНДЫҒЫ, БАСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ,
КЕУДЕСІНІҢ ӨЛШЕМІ ОНЫҢ ҚАЛЫПТЫДАН ҚАЛУЫ.
2. ТЕРІСІ МЕН КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ШЫРЫШТЫ ҚАБАТТАР
ЖАҒДАЙЫ, ГЕМОРРАГИЯЛАР,БӨРТПЕ, ҚАСЫНУ ІЗДЕРІ, ҚАЛЫ,
ДЕПИТГМЕНТАЦИЯ,ІСІНУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ,
МӘРМӘРЛІГІ. АУЫЗ, ЕРІ, КӨЗДІҢ ШЫРЫШТЫ
ҚАБАТТАРЫНЫҢ ТҮСІ. ШАШЫ. ТЫРНАҒЫ.
3. ТЕРІ АСТЫ МАЙ ҚАБАТЫ: ІШІНДЕ, АРҚАСЫНДА, ЖОҒАРҒЫ
ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ БӨЛІКТЕРДЕ ТЕРІ БҮКТЕМЕСІНІҢ
ҚАЛЫҢДЫҒЫ. ТІНДЕР ТУРГОРЫ.
4. ІСІКТЕР: ОРНАЛАСУЫ, ТЫҒЫЗДЫҒЫ. ТЕРІ АСТЫ
ЭМФИЗЕМАСЫ.
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ.
МҰРЫН, АУЫЗ АРҚЫЛЫ ТЫНЫС АЛУЫ ЕРКІН,
ҚИЫНДАҒАН,ТИПІ(ШУЛЫ, СЫРЫЛДЫ), МҰРЫННАН БОЛҒАН
БӨЛІНІСТЕР МЕН ҚАН КЕТУЛЕР.МАҢДАЙ ЖӘНЕ ГАЙМОР
АЙМАГЫН БАСҚАНДАҒЫ АУЫРСЫНУ.ДАУЫСЫ ( ҚАТТЫ, ӘЛСІЗ,
ЖОҚ),ЖӨТЕЛ, ҚАҚЫРЫҚ. ТҰНШЫҒУ ТҮРЛЕРІ: ТАХИПНОЭ,
ОРТОПНОЭ, ИНСПИРАТОРЛЫҚ, ЭКСПИРАТОРЛЫҚ. 1 МИНУТТАҒЫ
ТЫНЫС АЛУ ЖИІЛІГІ.ТЫНЫС АЛУ АКТІСІНЕ КЕУДЕНІҢ
ЕКІЖАҚТЫЛЫ ҚАТЫСУЫ.КЕУДЕ КЛЕТКАСЫНЫҢ ТАРТЫЛУЫ
ЖӘНЕ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ. ТЫНЫС АЛУ РИТМІ (ЧЕЙН-СТОКС,
БИОТ).ПАЛЬПАЦИЯ ӘДІСІМЕН ДАУЫС ДІРІЛІН
АНЫҚТАЙДЫ.ӨКПЕНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖӘНЕ
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ПЕРКУССИЯСЫ: ПЕРКУТОРЛЫҚ ДЫБЫСТЫҢ
АНЫҚТЫҒЫ, КОРОБКА ТӘРІЗДІ, ҚЫСҚАРУЫ, ТЫҒЫЗ,
ТИМПАНИТ;ӨКПЕНІҢ БҰҒАНА ОРТАҢҒЫ, ҚОЛТЫҚ
ОРТАҢҒЫ,ЖАУЫРЫНОРТАҢҒЫ СЫЗЫҚ БОЙЫНША ШЕКАРАСЫ.
ТЫНЫС АЛУ АУСКУЛЬТАТИВТІ АНЫҚТАЛАДЫ( ПУЕРИЛЬБІ,
ВЕЗИКУЛАЛЫҚ, ӘЛСІРЕГЕН, БРОНХЫЛЫҚ, АМФОРАЛЫҚ, ҚАТАҢ),
ҚҰРҒАҚ( ЫСҚЫРҒАН) ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫ (ІРІКӨПІРШІКТІ),
СЫРЫЛДАР, ЖӘНЕ ЛОАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ, ЕСТІЛУІ,
ӨТКІЗГІШТІГІ, САНЫ.ПЛЕВРА ҮЙКЕЛІС ШУЫ. БРОНХОФОНИЯ
ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ.
ТӨСЕКТЕГІ КҮЙІ. ЦИАНОЗ. ІСІНУЛЕР. ПАСТОЗДЫҚ.МОЙЫН
ВЕНАЛАРЫНЫҢ ІСІНУЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ПУЛЬСАЦИЯСЫНА,
ЖҮРЕК МАҢАЙЫНДА ПУЛЬСАЦИЯСЫНА, ҰЙҚЫ
АРТЕРИЯСЫНА КӨҢІЛ АУДАРЫЛАДЫ. ЖҮРЕК ТҮРТКІСІНІҢ
ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ, СИПАТЫ ( ШЕКТЕЛГЕН, ҚАТАЙҒАН,
ӘЛСІРЕГЕН, ТЕРІС). ПРЕСИСТОЛАЛЫҚ И СИСТОЛАЛЫҚ
ДІРІЛ. ШЫБЫҚ АРТЕРИЯСЫНДАҒЫ ПУЛЬС
(СИНХРОНДЫЛЫҒЫ, ЖИІЛІГІ, ТОЛЫМДЫЛЫҒЫ,
КЕРНЕУЛІЛІГІ).ЖҮРЕКТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
ТЫҒЫЗДЫҒЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ.ЖҮРЕК ТОНДАРЫ
АУСКУЛЬТАТИВТІ СИПАТТАЛАДЫ (ЕСТІЛУІ, ЖИІЛІГІ,
ЭМБРИОКАРДИЯ,ӘЛСІРЕУІ, ЕКІГЕ БӨЛІНУІ); ШУ БОЛСА,
АНЫҚТАЛАДЫ,СИПАТЫ (СИСТОЛАЛЫҚ, ДИАСТОЛАЛЫҚ,
ҚАТАҢ, ЖҰМСАҚ, ҮРЛЕГЕН, ӨЗГЕРГІШ, ҚЫСҚА).
КОРОТКОВ ӘДІСІ БОЙЫНША ЖОҒАРҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ
БӨЛІКТЕРДЕГІ МИНИМАЛЬДІ ЖӘНЕ МАКСИМАЛЬДЫ
АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫ АНЫҚТАЛАДЫ. ҚАН
АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЛСА, САТЫСЫ
КӨРСЕТІЛЕДІ.
АС ҚОРЫТУ ЖӘНЕ КЕУДЕ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІ.
АУЫЗДЫҢ, АРАННЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТТАРЫ
БАҒАЛАНАДЫ. ТІЛДІ ҚАРАУ ( ЖАБЫНМЕН ЖАБЫЛУЫ,
ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ,ТҮСІ, ЖАРАЛАР БОЛУ), ТІСТЕРІ ( ТІС
ЖЕГІСІНІҢ БОЛУЫ). ІШІНІҢ ФОРМАСЫ, МӨЛШЕРІ, ТЫНЫС
АЛУ АКТІСІНЕ ҚАТЫСУЫ, ТІК БҰЛШЫҚ ЕТТЕРДІҢ
ЖАЗЫЛУЫ, КІНДІК ЖАҒДАЙЫ, ІШІНІҢ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ
КЕҢЕЮІ, ПЕРИСТАЛЬТИКА КӨРІНУІ, АНАЛЬ ТЕСІГІНІҢ
ЖАҒДАЙЫ(БІТЕЛУІ, ТІК ІШЕКТІҢ ТӨМЕН ТҮСУІ).ІШКЕ
ПЕРКУССИЯ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ АСЦИТТІ, БАУЫР МЕН
КӨКБАЦУЫР МӨЛШЕРІН АНЫҚТАЙДЫ. ІШТІҢ БЕТКЕЙ
ПАЛЬПАЦИЯСЫ АУРСЫНУДЫ, БҰЛШЫҚ ЕТ ТОНУСЫНЫҢ
ТӨМЕНДЕУІН АНЫҚТАЙДЫ. АЛ ТЕРЕҢ АЛЬПАЦИЯ БАУЫР
МЕН КӨКБАУЫРДЫҢ ТӨМЕНГІ ШЕКАРАСЫН,
КОНСИСТЕНЦИЯСЫН, АУЫРСЫНУЫН, ОРТНЕР, МЕРФИ,
СИМПТОМДАРЫН АНЫҚТАУДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. АСҚАЗАН,
ЖУАН ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕ ІШЕК ПАЛЬПАЦИЯСЫ ЖАСАЛАДЫ.
ДӘРЕТІ, ЖИІЛІГІ,ҮЛКЕН ДӘРЕТІ (ТҮСІ, ИІСІ,
КОНСИСТЕНЦИЯСЫ, ҚОСПАЛАРЫ) АНЫҚТАЛАДЫ.
ЛИМФА ЖҮЙЕСІ.
ЛИМФАТҮЙІНДЕРІ (МОЙЫННЫҢ, ЖАҚ АСТЫНЫҢ, ИЕК
АСТЫНЫҢ, БҰҒАНА АСТЫНЫҢ, ҚОЛТЫҚ АСТЫНЫҢ,
ТОРОКАЛЬДЫ, БУЫНДЫҚ, ШАП АРАЛЫҚ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ
АРТҚЫ) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САНЫ (КӨП, БІРЕУ), МӨЛШЕРІ
(ДИАМЕТРІ БОЙЫНША), КОНСИСТЕНЦИЯСЫ (ЭЛАСТИКАЛЫҚ,
ТЫҒЫЗ, ЖҰМСАҚ), БАСҚА ТІНДЕРМЕН, ТЕРІМЕН, ТЕРІ АСТЫ
КЛЕТЧАТКАМЕН ЖАБЫСУЫ, АУЫРСЫНУЫ. ТАҢДАЙ БАДАМША
БЕЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ.
БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІ.
БҰЛШЫҚ ЕТТЕР ДАМУЫ, ОНЫҢ КҮШІ, ТОНУСЫ. ТОНУС
ӨЗГЕРІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ( ГИПОТОНИЯ, «БАҚА ТӘРІЗДІ ІШ»).
СҮЙЕК ЖҮЙЕСІ.
БАСЫНЫҢ ФОРМАСЫ (ДОМАЛАҚ, «КВАДРАТ » ТӘРІЗДІ, ДҰРЫС
ЕМЕС , КРАНИОТАБЕС ЖӘНЕ Т.Б.); ҮЛКЕН МЕҢ (ШЫҒЫП ТҰРҒАН,
ПУЛЬСИРЛЕНГЕН); МӨЛШЕРІ; БАС ҚАҢҚАСЫНЫҢ ТІГІСТЕРІ
ЖАҒДАЙЫ , БУЫНДАР ФОРМАСЫ МЕН МӨЛШЕРІ, ОЛАРДЫҢ
ҚОЗҒАЛМАЛЫЛЫҒЫ ( ҚАЛЫПТЫ, ЖОҒАРЫЛАҒАН, ТӨМЕНДЕГЕН),
ҚОЗҒАЛҒАН КЕЗДЕГІ АУЫРСЫНУЛАРЫ. АЯҚ – ҚОЛДАРЫНЫҢ,
ОМЫРТҚАНЫҢ ҚИСАЮЫ. КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ ,
ГАРРИСОН ЖҮЛГЕСІ, «ТАУЫҚ» ТӘРІЗДІ КЕУДЕ. ТІСТЕРІНІҢ САНЫ.
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ.
БЕЛІН ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАУ.БҮЙРЕК ЖӘНЕ
ҚУВҚ ПАЛЬПАЦИЯСЫ. ЗӘР ШЫҒАРУЫ, 1 КҮНДЕГІ ЖИІЛІГІ,
АУРСЫНУЫ, ЗӘР КӨЛЕМІ, ТҮСІ, МӨЛДІРЛІГІ. ТҮНГІ ЖӘНЕ
КЕШКІ ДИУРЕЗ. ПАСТЕРНАЦКИЙ СИМПТОМЫ. СЫРТҚЫ
ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ҚАРАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ.
ӨСУ БҰЗЫЛУЫ (ГИГАНТИЗМ, ЕРГЕЖЕЙЛІК) ЖӘНЕ ДЕНЕ
САЛМАҒЫ (АРУ, СЕМІРУ). ҚАЛҚАНША БЕЗІ ЖАҒДАЙЫ.
ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫНЫҢ ЖАСЫНА САЙ ДАМУЫН ЖӘНЕ
ЕКІНШІЛІК ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
БАҒАЛАНАДЫ.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
НАУҚАСТЫҢ ЕСІ (АНЫҚ, СОПОР, КОМА), ЖАНЫНДАҒЫЛАРҒА
РЕАКЦИЯСЫ.ҰЙҚЫСЫ. АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ –
ҚАТЫНАС.ҚОЗҒАЛУЫ МЕН КООРДИНАЦИЯСЫНЫҢ
ДҰРЫСТЫҒЫ
ЛОКАЛЬДЫ СТАТУС.
ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ НАУҚАСТЫҢ АУРУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ЖЕРГІЛІКТІ ШАҒЫМДАРЫ, АУЫРСЫНУЛАРЫ, СИПАТЫ
ҰЗАҚТЫҒЫ ЖАЗЫЛАДЫ.
ҚАРАУ КЕЗІҢДЕГІ АНЫҚТАЛҒАН БЕЛГІЛЕРІ СИПАТТАЛАДЫ.
ЛОР- АҒЗАЛАРЫ:
Сыртқы қарау кезіңде лор ағзаларына көңіл бөлінеді. Танау
формасының өзгеруіне назар аударылады. Бет проекциясына,
жоғарғы жақ қойнауларына, мандайды, құлақты, мойынды қарау.
Эндоскопия алдында ЛОР ағзаларын пальпациялап, мұқият тексеру.
Ары қарай ЛОР ағзаларын жеке – жеке тексеру.
Танау және оның қойнауларын. Танаумен тыныс алуын мақта
арқылы тексереді, ол еркін немесе қиын тыныс алуын және шығаруын
бағалайды. Қажет жағдайда ринопневмометрия жасалады.
егер шағымдары болған жағдайда одометрия жүргізіледі. Науқусқа
0,5 пайыздық сірке қышқылын, 70 пайыздық этилл спиртің, валериян
тұндырмасын, нашатыр спиртін искетеді. Нақты анықтау үшін
ольфактометрия жүргізіледі.
• Алдыңғы риноскопия кезегімен оң, содан кейін сол танауға
жасалады. Танау кіре берісі, шырышты қабаты, танау пердесінің
орналасуы, мұрын раковиналары, өлшемдері анықталады.
• Эпифарингоскопия: шырышты қабат, жұтқыншақ және түтікті
миндалиналар, есту түтіктерін, хоана саңылауын, артқы
раковиналарды, артқы танау жолдары баяндалады.
• Ороскопия: ауыз қуысының шырышты қабаттары, иек, тістер,
тісжегілердің бар жоқтығы, сілекей шығарушы түтіктер қаралады.
• Гипофарингоскопия жасалады және көмейді зерттеп, толық
баяндалады.
• Отоскопия: құлақ раковиналары қаралады
және ондағы инфильтрат, жаралар,
раковиналар өзгерісі, есту жолдары
қаралады. Пальпация кезіндегі ауырсынуды
анықтайды.
• Отоскопияда бірінші сау, одан кейін
зақымдалған құлақты зерттейді. Ондағы
өзгерістер толығымен баяндалады.
• Вестибулометрия жүргізіледі.
8. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ.
• Клиникалық диагнозды сипаттау қойылған болжам
диагнозбен дифференциалды диагностикаға
негізделеді. Содан соң ауруды толықтыратын
қосмша зерттеу әдістерінің қорытындылары беріледі.
Негізгі ауруды, оның асқынуы және қосымша
сырқаты жеке сараптап сипатталады.
9. ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ.
• Болжам диагнозға байланысты науқасты бақылауға, зерттеуге
және басқа мамандар тексеруіне жеке жоспар құру.
• Қосымша зерттеу әдістері ауруды анықтауға, ауруға шалдыққан
мүшелер мен жүйелердің қызмет қабілеттерін зерттеуге,
аурудың өршу дәрежесін, оның орнын, даму терендігін,
тарылуын анықтауға бағытталу керек.
• Барлық науқастарға жүргізілетін зерттеу әдістері: ҚАН МЕН
ЗӘРДІҢ ЖАЛПЫ АНАЛИЗІ, РЕНТГЕНГЕ ТҮСІРУ.
Қосымша зерттеулер қорытындысы.
10. АЖЫРАТУ
ДИАГНОСТИКАСЫ.
• Науқастағы аурудың негізгі белгілеріне ұқсас басқа
аурулармен ажырату арқылы жүргізіледі.
• Алғашында екі ауруға ортақ белгілер, содан соң
науқастағы әрбір симптомын, соған ұқсас аурудағы
белгілермен салыстырып және олардың өзгешеліктерін
көрсетеді.
• Ескерту: науқастан анықталған ауру белгілері мен
қосымша зерттеу қорытындылары ғана қолданылады.
11. ЕМДЕУ.
• Дәрі – дәрмекпен емдеу: этиологиялық және симптомдық
емдеу тәсілдері, оларды қолдануға рецепт жазу.
• Физиотерапевтік ем, санаторий – курорттық емдеу әдістері,
оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.
• Негізгі аурулардың алдың – алу шаралары да көрсетіледі.
• Консервативтік ем нәтижесіз болса оперативті ем қолдану.
ОПЕРАЦИЯ АТЫ:
• Операция күні, басталған және аяқталған уақыты.
Жергілікті анестезия немесе наркоз. Операция
кезіңдегі істелген жұмыстардың барлығы сипатталып
жазылады. Науқастын операциядан және
анестезиядан кейінгі жағдайы сипатталады.
Патогистологиялық зерттеуге қандай материял
жіберілгенің көрсету.
• Хирург пен ассистент қолдары.
12. КҮНДЕЛІК.
• Күнде қысқаша, бірақ барлығын толық шолу.
1. Науқастың шағымдары, жалпы жағдайы, тексеру кезіндегі
анықталған аурумен байланысты организм мүшесі мен
жүйелеріндегі патологиялық өзгерістер.
2. Аурудың тәулік ішінде дамуы барысын және емдеу нәтижесіндегі
динамикасы көрсетіледі.
3. Осы күні жүргізілген лабороторлы және инструментарлды
тексерулер нәтижелері, басқа мамандар кеңесі.
4. Емі бойынша науқасқа жаңа тағайындаулар және бұрын
тағайындалған емнің өзгеруі жазылады.
5. Дене қызуы, пульс, тыныс алу, АҚҚ, тәуліктік диурез бекітіледі.
13. ЭПИКРИЗ.
• Сырқатнаманың қортынды бөлімі. Қысқаша түрде негізгі клиникалық,
инструментальды, лабороторлық мәліметтер жазылады. Қойылған диагноз
дұрыстылығын, жүргізілген ем және патогенез ерекшеліктерін, ағымын, емделуін,
болжамын негіздеу қажет.
• Қашан және қандай жағдайда науқас ауруханаға түсті.
• Түскен кездегі шағымдары.
• Анамнез мәліметтері.
• Диагнозды негіздейтін, түскен кездегі объективті тексеріс нәтижелері.
• Ауру ағымы көрсетіледі.
• Лабороторлы және инструментарлы тексеріс нәтижелері.
• Қорытынды диагноз.
• Жүргізілген ем нәтижелері.
• Жұмысқа қабілеттілігі жазылады.
• Эпикриз және шығару қағазына емдеуші дәрігер мен бөлім менгерушісі қол қояды.
14. БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕ
ЖАРАМДЫЛЫҒЫН САРАПТАУ.
• Аурудың даму барысы, оның науқас адамның өміріне қауіптілігі және
еңбекке жарамдылығы сипатталады. Сырқаттың даму барысы күдікті,
жайлы және жайыз болуы мүмкін. Сырқат адам аурудан толық айыққан
жағдайда ауру барысы жайлы, егер толық айығуға күмән болған
жағдайда ауру барысы күдікті деп есептеледі. Ем қонбайтын
жағдайларда жайсыз деп болжанады.
• Егер ауру асқынбай науқасқа қауіп тудырмаса – оны науқастың өміріне
қатері жоқ деп санайды. Егер кейбір жағдайларда өлім қауіпі туатындай
болса – күдікті деп болжанады. Егер өлім жағдайы анық болған
жағдайда, қатерлі деп саналады.
• Адамның еңбекке жарамсыздығы уақытша және тұрақты деп, ауруға
шалдыққан мүше мен жүйенің қызметінің бұзылуы сатыларына және
науқас адамның мамандығына байланысты анықталады.
4. В. Л. ВАСИЛЕНКО. ПРОПЕДЕВТИКА ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ.
5. А. Р. АЙТПЕНБЕТОВ. ІШКІ АҒЗА АУРУЛАРЫНЫҢ
ПРОПЕДЕВТИКАСЫ.
6. СХЕМА ИСТОРИЯ БОЛЕЗНИ ПО ЛОР. ГОРОД МОСКВА 2011
ГОД.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz