Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Мектепке дейінгі балалардың
грамматикалық дағдларын
қалыптастыру Орындаған: Досбол Ж.
Тобы: 105-18
Қабылдаған: Сакулова А.
Мақсаты: 5-6 жастағы балалардың
грамматикалық дағдыларын қалыптастыру
туралы ұғым беру.
Міндеті:
- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принциптерін басшылыққа алу;
- тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық
еңбектерге сараптама жасау;
- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту,
яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Тілді, оның ішінде балаларды ана тілін оқыту
барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға
көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу
қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе
грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе
деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар
пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам
тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді.
Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы
оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында балалар
өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-
жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектептерінде
балаларды сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің
грамматикалық жүйелерін меңгертумен қатар
жүргізіле бастады.
Мектепке дейінгі мекемеде тілді оқыту барысы мынандай
мәселелерді қамтиды:
- грамматиканы меңгерту;
- грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің
арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды.
Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын
қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге,
байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған
жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе
грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық
және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса,
енді мұның бәрін бір мақсатқа балалардың өз ойларын
мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік
жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын
қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары
Д.Н.Богоявленскийдің,
Н.Ф.Жуйковтың,
Н.С. Рождественскийдің,
Е.Г.Шашкованың және т.б. балаларға грамматикалық ұғымдарды беру
негізінде олардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін
қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары қазақ тілін
оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да
(М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева,
О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде балалардың дұрыс сөйлеу , грамматикалық
дағдыларын қалыптастыру және оларға грамматикалық ұғымдар беру
жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін
қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер
80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт
жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге
болады. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған
жөн. Себебі, келесіде, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен
байланыстыра оқытады.
Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу
аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды
түсіну ксрек, Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни
АЛМА ағашы,
отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі
мүмкін, алайда «алма ағашы отырғызылды» немесе «алма ағашын
отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған
грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық
тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да
түсінбейді.
Алма ағашы отырғызу
Алма ағашын отырғызады
Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде
балада грамматикалық дағдылар калыптасады.
Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты: Амал канша,
біздің методикада балалардың грамматикалық мағыналарды
үйренуі үстінде онын артта қалу жағдайын қалай ертерек
анықтауға болатыны туралы ешқандай нұсқау жоқ. Біз бұл
қолайсыз жағдайды бала әбден мектепке барып, қашан I
кластың сабағын меңгеруге қабілеті жетпей қалғанда ғана
сеземіз және ол кезде бұл қателікті түзетудің өзі қиын.
Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін
түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген. Бұл қателер грамматикалық
мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін, бала өз ана тілінде қаншалықты
грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық
мағыналарды бейнелейтін үлгілерді жеткізген өз тәрбиешісінің педагогтық
талантының шама-шарқына байланысты мөлшерде біліп шыққанын көрсетеді.
Балалардың тіліндегі қолданылын жүрген грамматикалық формаларды олардың
түсінетіндігін, алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмсауды әлі есте сақтай
алмағандығын - тілдік нормаларды әрі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық
қателерден мысалдар келтірейік.
Сөз тудырудағы грамматикалық қателер. Балалар
өздерінің үйренген, сөздеріне ұқсас өзіндік
сөздер жасап алады. Мысалы:
Қыстық сөзіне
ұқсату арқылы:
«көктемдік» -
Қыстық сөзіне «Мамам маған
ұқсату арқылы: көктемдік киім
«көктемдік» - сатып алып берді»;
Тракторист сөзіне «Мамам маған
ұқсату арқылы: көктемдік киім
«комбайнист» - сатып алып берді»;
Мұндай мысалдарды
«Комбайнист егін көптеп келтіре беруге
орып жүр» (5 жас); болады: өз сөзін
«Электрист» - «шығармай» дұрыс
«Электристің дамыған бала кемде -
резина қолғабы кем.
бар» (4 жас);
Сөз түрлендірудегі
грамматикалық
қателер.
зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына
екіншісінің қолданылуы: «жолдар», «көлдер» типі бойынша -лар (-лер)
вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: «үйдер», «терезелер»,
«баладар», «машинадар»;
зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің
орнына бірі қолданылуы: «баладың» («баланың» деудің орнына), «столқа»
(«столға» деудің орнына), «адамты» («адамды» деудің орнына), «бақшатан»
(«бақшадан» деудің орнына), «балабен» («баламен» деудің орнына);
стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік
жалғауының қолданылуы: «үйде бардым» (дұрысы - «үйге бардым»),
«машинада міндім» (дұрысы - «машинаға міндім»), «жолда бардым»
(дұрысы - «жолмен бардым»), «орындыкқа отыр» (дұрысы — «орындыққа
отыр»), «орманда кетті» (дұрысы - «орманға кетті»), «кино бардым (дұрысы
- «киноға бардым»);
табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: «Мен
бейне суретті салдым» (дұрысы - «Мен кеше сурет салдым»), «Жазуды
жазды» (дұрысы - «Жазу жаздым»);
септелмейтін зат есімдерді септеу;
салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде
дауыссыздардың алмасуының болмауы;
етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің
қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-
жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп
ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті
мен салдым;
сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде
тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: «ит бес күшікпен келді» (дұрысы -«ит
бес күшігімен келді»), «тауық екі балапанмен келді» (дұрысы -«тауық екі
балапанымен келді»)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz