Мүсін және сәулет өнері
Презентация қосу
2-тапсырма
Мүсін және сәулет
өнері
Мүсін өнері
Мүсіндеу — көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону
деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден
айырмашылығы-барлық көлемін ,пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі
объектісі — адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып
табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге
айналған. Мүсін өнерінде тас,саз, ағаш, ермексазбен саламыз. Мүсін кеңістікте
жан-жағынан көре алатын көркем шығарма.
Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.
Монментті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады.
Рельевті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Монументті мүсін Рельефті мүсін
Мүсін өнері. Сәулет өнері сияқты мүсін өнері
көлемді-кеңістікті түрі. Мүсін – лат. тілінде бірдеңені
«ойып алу», «қашау» деген сөзден шыққан.
Мүсінші өмірді өзінің ерекше этюдімен көркем
бейнеде көрсететін бейнелеу енерінің бір түрі. Мүсін
шынайы өмірді бейнелейді, бірінші кезекте
материалды көлемді формада, жарықтандыру мен
шынайы кеңістікте орналасқан адамды мүсінші
пластика тілімен әсер етіп, сомдау және қашау
тәсілмен көлемді шығаратын болғандықтан, суретін
негізінде материалдың шынайы түрінен, кейде түс
бояулар қолданады.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материял бола алады. Мысалы
ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың
ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық
пен пластелин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді,
жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мусін
жасағанда қолданылатын басты қаолданылатын құралдар:
тақтайша,қарқаз, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы кйім немесе
алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасыбылғанбауы
тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл
станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады.
Мүмкіндігінше бір түсті пластелинді қолданған немесе саз балшықты
қолданған дұрыс. Бұл біртұтаскөруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла
болып кеткен пластелин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін
жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын
жинап ,қалған пластелин немесе саз балшық қалдықтарын жинап
қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.
Сәулет өнері
Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген.
Олар:
а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.
Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен
құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын
құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын
үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын
бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрлысшы»
деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру
тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді.
Қазақстанның сәулет өнеріндегі бүгінгі
жетістіктері
Хан-Шатыр кешені Бейбітшілік пен келісім
сарайы
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі
заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан
сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер
білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз
байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана,
суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрлыспен
айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан
салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға
мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер
қатарына жатады.
Сәулет өнері ежелден келе жатқан бейнелеу өнерінің бір саласы болып
табылады.
Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді.
Тұрмыстық - қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар;
Кәсіби - фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары,
гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.
Шаруашылық - қоймалар, гораж, автотұрақтар.
Қоғамдық - оқу - ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері,
мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т.
б.
Сәулет өнері кеңістік мәселесін шеше
отырып қоршаған ортаны эстетикалық
жағынан да меңгертеді. Сәулеттік бейнедегі
көркемдік ғимараттар өз функциясынан
алыстамайды, ол ғимараттың кімге арналып
салынғанын көрсетеді.
Мысал ретінде «Әлемнің жеті кереметін»
алатын болсақ сәулет өнерінің ғажаптығын
көрсетеді. Ежелгі заманда даңқы жер жарған
ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай
аталып келеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz