Қазақстанның ұлы математиктері



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты
Орындаған: Айтқұл Арайлым, МОК-191
Қабылдаған: аға оқытушы Тукенова Л.
Тақырыбы: Қазақстанның ұлы математиктері

Жоспар
Кіріспе
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков
Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков
Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев
Мұхтарбай Өтелбаев
Уалбай Утмаханбетұлы Өмірбаев
Қорытынды
Пайдаланылған ресурстар тізімі

Математика ғылымы адамзат өркениетінің ерекше бір бөлігі. Оның тарихы адамзаттың дамуымен тікелей байланысты. Ғылымның патшасы болған математика саласына кез келген жанның тісі батпайды. Қазіргі уақытта математика ғылымы мәуелі бәйтерек секілді бұтақтары кең жайылған қалың орман сияқты. Сол алып орманның ішінде тілін білмейтін кез келген адам жүре алмайды. Ал қазіргі таңда осы саланың жілігін шағып, майын ішкен үш қазақтың аты жарты әлемге жайылған. Оларға осы презентацияда жеке тоқталатын боламыз.
Кіріспе

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891 - 1970) - мемлекеттік қоғам қайраткері, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұңғыш қазақ профессоры. Оның өз атымен бірге, еңбектері де оқылмақ түгілі атауының өзі аталмай кеткен қазақ топырағында алғаш ана тілімізде дүниеге келген ғажап оқулық «Ұлы математика курсы» (1935) оқулығын біреу білсе біреуі білмес. Басқаша атауы - «Аналитикалық геометрия мен дифференциал және интеграл есептеу негіздері».
Әлімхан Ермеков

Сонымен қатар тағы “Координат методы”, “Функциялық байланыс және оны көрсету тәсілдері”, “Сызықтық функция”, “Екінші реттік қисықтар”, “Кеңістіктегі координат методы”, “Жазықтық”, “Түзу сызық” деп аталатын үлкен-үлкен сегіз тараудан және “Детерминант теориясының элеметтері” деген қосымша бөлімнен тұратын кітаптары бар.

Орымбек Жәутіков
Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1974) .


Шығармалары:
Математикалық анализ курсы, Алматы, 1958;
Математиканың даму тарихы, Алматы, 1967;
Бесконечные системы дифференциальных уравнений, А. -А., 1974 (сооавтор) ;
Теория бесконечных систем дифференциальных уравнений, А. -А., 1978 (соавтор) .
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, жалпы зиялы қауымға арналған «Білім және еңбек» журналының шығуына атсалушылардың бірі болды. [

Академик Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов - қазақ математика ғылымының төрінен орын алған азамат. Ол өзінің тынымсыз да берекелі еңбегінің арқасында ғылым шыңына көтерілді. Соның белгісі, ол физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. Сонымен қатар, ол жастарды тәрбиелеуге, шәкірт тәрбиелеуге де зор үлес қосқан белгілі педагог, ұстаз-қайраткер. Білім беру саласындағы барлық кәсіби басшылық сатысынан өткен: оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, академик, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт ректоры, ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Тынысбек Кәлменов

2003 Қазақстан ҒА-ның академигі,
1996 Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.
1969 Новосибирск университетін (Ресей) бітірген.
1969-72 КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Математикалық институтының аспиранты,
1972-85 Қазақстан ҒА Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі,
1985-91 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі және декан,
1991-97 Қазақ химия-технология институтының ректоры қызметтерін атқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері вольтерлік емес трикоми операторы проблемасын шешуге арналған. Сондай-ақ ол гиперболалық, эллипстік және аралас типтегі теңдеулер үшін локальді емес шекаралық есептердің спектрлік теориясын құрды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1978) .

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев (25 ақпан 1956 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) - белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
Асқар Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Қазақстан президентінің жалақысын тұңғыш болып есептеген математик ұялы телефонды мүлде ұстамайды. Ол «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап шығарған қазақтың тұңғыш математигі.

Мұхтарбай Өтелбаев (3 қазан 1942 жыл, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қаракемер) - физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003) . 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1973-2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды.
Мұхтарбай Өтелбаев


Уалбай Утмаханбетұлы Өмірбаев (1960 жылы 7 мамырда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген) - Қазақстандық математик-алгебраист, физика-математика ғылымдарынығ докторы. Еңбек жолын 1986-1989 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары алгебра кафедрасының ассистенті болып бастаған. 1989-1991 жылдары ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, 1991-1995 жылдары доценті атанған.
Уалбай Өмірбаев

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz