Көшпелілік тің дамуы, шығу тарихы




Презентация қосу
Көшпелілік
тің дамуы,
шығу
тарихы
Орындаған: Абдибекова Д., Орал Н.
Қабылдаған: Калыкова А.
“Халықтардың дамуы мен
шаруашылықмәдени ерекшеліктерінің
қалыптасуында географиялық
жәнеэкологиялық фактор үлкен рөл
атқарады”

—Л.Н.Гумилев
Көшпелілік
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени
типі. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы
халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір
сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының
тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат
аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар,
орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың
төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан,
отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада
болып көрінді.
Көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте
заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда
"көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы"
деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі
ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы,
өркениеттің жауы" деп есептеді. Фергюсон,
Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі,
әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", —
деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі
көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара
қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда
болды" деген тұжырым жасайды. Атақты
философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік
қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет
болған жоқ", — деп есептеген. Көшпелілер
туралы әр түрлі түсініктер Еуропа ғалымдары
да көшпелілер туралы өз көзқарастарын
білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе
көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам"
десе,
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа
Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем
жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары,
Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай,
Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау
беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл
аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе
осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер
шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты.
Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай
көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай
аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің,
Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу,
Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің
кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады.
Көшпелілік
эволюциясы
Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда
болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары,
себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй
маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал
шаруашылығы қалай пайда болды?" деген
мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар:
"Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы
өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту,
жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады
Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым
ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады.
Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді
бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің
соңындағы климат жағдайының өзгеруімен —
Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың
басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын
зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер
бар дейді.
Соғыс және аңшылық арбалары
бейнеленген жартастағы суреттер
(б.з.д. ІІ—Іғғ.); 1, 5, 6 — Арпаөзен, 2, 3, 4,
7 — Қойбағар Көшпеліліктің шығуы,
көпшілік жағдайда, географиялық
ортаның тікелей әсерімен байланысты.
Сондықтан да көшпелілік белгілі бір
нақты тарихи кеңістіктерде ғана
таралды. Көшпеліліктің пайда болуы —
белгілі бір климаттық жағдайлар,
экологиялық ұяның (ниша) шектеулі
мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол
өлкеде өмір сүруші этностың алдына
қоятын табиғи талаптарына байланысты
Көшпелілік белгілі бір геофизикалық,
табиғи-климаттық аймақтарда
қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы,
жартылай шөлейт, шөл және құрғақ
далалар, тау бөктері, тау аймақтары
Көшпелі табиғи-
шаруашылық
түрлері
Қазақстанмен қатар,
Моңғолия, Араб
түбегі мен Солтүстік
Африка аумағында
қалыптасты.
Аттың жүгенi, қола ауыздықтар
Көшпелiлер тұрмысы
Көшпелі
малшаруашылығының
қалыптасу
Мал басының
себебі
көбеюі
жайылымдық
жерлерді қажет
етті
Ат әбзелдерін
жетілдіру
жылқыны көлік
ретінде
Қазақстан пайдалануға
аумағының мүмкіндік берді
климаты құрғақ
болып,жауын-
шашын мөлшері
азайды

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Мәдениет тілі
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы
Көшпелілік мәдениет түрі
Көшпелі қауым - малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы
Көшпелілер өркениетін зерттеу
Қазақстанда гистология ғылымының дамуы
Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері
Жетісудың қалалары туралы
Пәндер