Ауыл және қала баласы




Презентация қосу
www.okmpu.kz

Тақырыбы:

Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің
баланың әлеуметтену үрдісіне әсер

Қабылдаған: Сағындықова Б.Е.
Орындаған: 1901-21 оқу тобы, Аманжанқызы
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Отбасы әлеуметтану үдерісінің жетекші институты.
2. Ауыл және қала баласы.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

10/07/2021 2
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке
басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі,
бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында
қалыптасады.

Отбасы-ертеден келе жатқан әлеуметтік институт. Оның
қоғамдағы құндылығының шартты тікелей өмірде жалғастыруға,
ұрпақ әкелу және тәрбиелеп олардың санасын қалыптастыру.

10/07/2021 3
Отбасы әлеуметтану үдерісінің жетекші институты

Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды.
Сондықтан, қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін
ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген
ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Зерттеруші
Отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен,
Отбасындағы адамдар тәртіп үлілеріне, ондағы адамдардың
атқаратын қызметіне және рөліне баса назар аударады. Осыған
қарай Отбасы қалыптасуы, оның ережелерінің, жыныстық
тәртіптің, туыстық қатынастары қарастырылады.

10/07/2021 4
Баланың тілін ойын дамыту. Ғалымдар бала іште жатқаннан бастап
онымен сөйлесу керектігін анасы арқылы ой – өрісін дамытудың
алғашқы сабақтары берілуі керектігін айтады. Тілі шыққаннан
бастап,таза,дұрыс сөйлетуге талаптандыру керек. Тілін,ой – өрісін
жетілдіру үшін санамақ,жұмбақтар айтқызып тақпақтар жаттату т.б
Баламен оңаша қалуды естен шығармау. Баланың ата – ана
мейірімін,махаббатын оңашада сезінгені жақсы. Ата – ананың баламен
оңашада сырласуы,ой бөлісуі,ақылдасуы жақсы нәтиже береді. Балаға
ата – анасынан асқан жанашыр жоқ екенін,іспен дәлелдеген дұрыс.
Абай – бала неғұрлым көп естіп,көп көрсе соғұрлым көп біледі деген.
Көз көруге тоймайды,құлақ естуге тоймайды. Көрмегенге көсеу тан
дегенде халық,көрмей білмейсің,көз көрмей сенбейсің. Бірақ көз
көрмеген жерге сөз жеткізеді. Сөз ойдың айнасы,құлақ сөз анасы.

10/07/2021 5
Ауыл-тәрбие бесігі
Біз әдетте «ауыл – тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз. Бұл рас.
Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын
алғаны да сондықтан. Бірақ қалалық мәдениеттің дамып,
өркендеуімен ауылға деген көзқарас өзгеріп кеткені де жасырын
емес. Мысалы, ауыл десек жабайылық, артта қалушылық,
бәсекеге қабілетсіздік, тағысын тағы түсініктер қатар жүретін
болды. Ауылдан келген адамға деген қарым-қатынас да осы
тұрғыдан қалыптасқан. Егер ойды осы арнада тарқатып, қозғар
болсақ, бұл мәселені бір жақты бағалау болар еді. Әйтпесе, ауыл
дегеніміз салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, мәдениетіміздің,
тіліміз бен діліміздің, басқа да көптеген ұлттық
құндылықтарымыздың сақталып, дамып отырған мекені, ошағы
емес пе еді?!

10/07/2021 6
Ауыл және қала
Талантты балалардың да ауылдан шығатыны содан. Өйткені
олардың дүниетанымы, ойлау қабілеті ұлттық тамырдан нәр
алады. Мұндай ортада ер жеткен адамның таланты мен қабілеті де
жыл санап шыңдалып, ашыла береді. Қалалық өмірдің өзі кісіні
белгілі бір шеңберге салып қоятындай. Адами қарым-қатынас
азаяды, уақыт жағынан шектеулілік, тақ-тұқ сөйлеу, ойды қысқа
қайыру, үстіртіндік, т.б. түрліше қалалық сипаттар ауылдың
сипатынан, ауылдың болмысынан бөлектеу болатыны белгілі.
Ауыл баласы мен қала баласын қатар қоятын болсақ, екеуі екі
түрлі мәдениеттің, екі түрлі дүниетаным­ның өкілі екенін бірден
байқайсыз. Өйтке­ні қалада шарттылық көп. Ауылда табиғилық
басым.
Қорытынды
Ауыл баласы мен қала баласының ортақ құндылықтары өте
көп. Бұл әлеуметтік үдеріске әсер етпейді деп ойлаймын.
Қорытындылай келе Әл Фараби атамыз Адамның жан дүниесі
сыртқы ортаның сәулесі дейді. Ол жанның да,тәннің де иесі –
жүрек,бұған мидыңда қатысы бар. Жүрек – тіршілік тірегі,қан
айналысы мен қимыл қозғалысының орталығы. Баланың жасы
өскен сайын оның ақылы да яғни тәнімен бірге жаны да өсіп
отырады. Бала дүниеге ақылды,не ақылсыз,зұлым,не ақ ниетті
болып келмейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. https://anatili.kazgazeta.kz/news/50112
2. https://martebe.kz/otbasy-t-rbie-osha-y-jesse/

10/07/2021 9
Тыңдағандарыңызға рахмет!!!

10/07/2021 10

Ұқсас жұмыстар
ҚАЛА МЕН АУЫЛДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
Бала тәрбиесіндегі Отбасы рөлі
Əлеуметтену кезеңдері
Тармақталған алгоритмді блок схемаға салу үлгілерін үйрету
Ермеков Мағауия Әлімханұлының өмір баяны
Көзі қилы бала
Әлеуметтік тұрмыс қатынас және сөз әдебі
Сәтбаев қаласы
Сұлтанмахмұт Торайғыров
ХАЛЫҚ САНЫ, УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Пәндер