Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер
Орындаған: Сағат Балауса
Тобы:ЕП-20-4к
Қабылдаған: Әшірбекова Т.
Шымкент-2021

Жоспар:
Кіріспе
Тәрбиелік жүйе ұғымы.
Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.
Пайдаланылған әдебиеттер

«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі - мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе - тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі - тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысты.

Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер:
И. П. Ивановтың тәрбиелік жүйесі;
А. С. Макаренко;
Л. И. Новикова;
В. А. Караковский;
Н. Е. Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы;
В. А. Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері.
Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.

Тәрбие процесі
Күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады.

Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдағы тарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К. Д. Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.

Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай: үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру; азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру

Тәрбиенің принциптпері
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу

3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын. Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек.
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.

5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т. б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау - бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де - оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.

Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөлінеді:
I кезең - мектеп бейнесін жасау.
II кезең - оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz