Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жұмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
Презентация қосу
Бюджеттік бақылау — мемлекеттік қаржы бақылауының
құрамдас бөлігі, ол арқылы бюджет жобасын әзірлеу, оны
қарау және оның орындалуы туралы есеп беру барысында
бюджеттік қаражаттың құралуы, бөлінуі және орындалуы
тексеріледі
Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі
бюджетке кірістің неғұрлым толық жұмылдырылуын,
бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді
пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Бюджет қызметіне мыналар жатады:
көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін
операцияларды жоспарлайды; әр түрлі
қызметтерді және жеке бөлімшелерді
үйлестіреді; өз мақсаттарына ұмтылатын
жауапты орталықтардың басшыларын
ынталандырады; жауапты орталықтардың
жоспарды калай орындағанын бағалаудың
негізі болады.
Бюджетті бақылау кезінде заңдар мен заңнан
туындайтын актілердің сақталуы, салықтар мен бюджетке
басқа да төлемдердің дұрыс есептелуі және уақытылы түсуі,
бюджеттік қаражаттың жұмсалуында қаржы тәртібі мен
үнемдеу режимінің сақталуы тексеріледі. Бюджетті
бақылауды мемлекеттік биліктің тиісті республикалық және
аймақтық органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдары және олардың бақылау-есеп органдары,
республикалық қазынашылық органдары, аймақтық және
жергілікті қазынашылар, салық және кеден органдары,
қаржы-банк жүйесінің органдары, даралық бақылау
органдары жүзеге асырады.
Бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындардың,
ұйымдардың ақшалай қаражаты ғана емес, сонымен бірге
материалдық және еңбек ресурстары да бюджетті бақылау
нысандары болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау келесілердің негізінде
жасалады:
— бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарының;
— қаржыландыру жоспарының;
— қызмет көрсетулердің, жұмыстардың орындалуын және т.б. куәландыратын
құжаттардың;
— республикалық және жергілікті бюджет есебінен құрылған мемлекеттік
ұйымдардың кредиторлык берешегі туралы есеп;
— Тауарды жеткізушілердің мемлекеттік ұйымдардың бекіткен
келісімшарттарының;
— т.б. құжаттардың (таңдалған критерийлердің көрсеткіштерін көрсететін).
Бағдарламаларды орындау критерийлері келесі түрлерге бөлінеді:
а) бағдарламаның сандық қорытындысы — бұл қандай тауарлар және қанша
тауар жекізілетіні жөніндегі көрсеткіштер. Бюджеттік бағдарламаларды
бағалау үшін жалпы көрсеткіштермен жай көрсеткіштердің байланысын
көрсету қажет. Мысалы, «Туберкулез» бағдарламасы сандық критерий —
емделген аурулар санын олардың жалпы санымен салыстырғанда, жату
орындарының саны мен олардың толтырылуы және т.б.
ә) сапа критерийі бекітілген талаптарға жауап беретін көрсетілген
қызметтердің бөлігі сияқты факторларды кіргізеді. Сапа критерийі алынған
қорытынды қалай бағаланатынын көрсетеді. Мысалы, қызмет көрсету,
қабылдайтын адамның қанағаттануы, орындалған жұмыс сапасы, қателер,
бұзушылықтар, клиенттердің арыздарының саны және т.б. Егер бұл бағдарлама
сапалары критерийлердің түрлерімен өлшенетін әр түрлі жұмыстарды
қарастырса, критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
б)бағдарламаны орындаудағы қаржылық тиімділік критерийлері — көрсетілген қызметтердің,
орындалған жұмыстардың бір бірлігіне келетін шығындар көлемімен өлшеу. Қаржылық тиімділік
критерийі аз шығындармен қаншалықты үнемді бағдарлама орындалатыны анықталуы қажет.
Бағдарламаны орындауының тиімділік критерийі бағдарламаның сандық ресурстармен және
оларды өндіруге қажетті ресурстар көлемінің арасындағы байланысты орнатады. Әдетте, олар
индекс, қатынас, бірліктің бағасы немесе салыстырудың т.б. формаларында келтіріледі. Мысалы,
«Мамандарды орта арнайы оқу орындарында дайындау» бағдарламасы. Бағдарламаны
орындаудың қаржылық тиімділігі: бір оқушыны орташа оқыту бағасы;
в) мезгіл критерийі. Берілген критерий бағдарламадан қандай уақыт аралығында болған және
болатын қорытындының немесе қандай да бір қызмет көрсетулердің немесе орындалған
жұмыстардың орташа ұзақтығы қандай екенін анықтайды. Егер бағдарлама бірнеше түрлі
жұмыстарды мезгілдік көрсеткіштерінің түрлерімен бірге қарастырса, онда барлық критерийлерді
жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет. Мезгілдік критерийлерді қолдануға мынадай
мысалдар келтіруге болады:
— сауалнаманың жауабын алу кезіндегі күту уақыты;
— жедел жұмыстарды қарастыру кезіндегі күту уақыты;
— алынған арыздарды өңдеу уақыты;
• Бағдарламаларды орындау критерийлерін
анықтау кезінде келесідей талаптарды
сақтаған жөн:
• 1) орындау критерийлері бағдарламасының
мақсаты мен міндетіне бағытталуы керек;
• 2) критерийлерді орындау бағдарламаның белгілі
бір уақыт аралығында жүзеге асуын бағалауға
мүмкіндік беру керек;
• 3) орындау критерийлерін анықтаған кезде
бағдарламаны жүзеге асыру мезетінде қол
жеткізген мәліметтерді қолдану;
• 4)орындау критерийі бағдарламасын жүзеге асыру
кезінде қол жеткен өзгерістердің динамикасын
көрсету керек;
• 5)орындау критерийін анықтаған кезде ақпаратты
қолданушыларға түсінікті терминдер мен
түсініктемелерді қолдану;
• 6) орындау критерийі нақты түрде құрастырылуы
керек;
• Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық
бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.
• Есеп комитетінің негізгі міндеттері:
• - Республикалық бюджеттің атқарылу мәселелерін реттейтін бюджеттік
заңнама және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының
сақталуын бақылау;
• - Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттің
атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау;
• - Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен
уақтылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсімдер
сомаларының қайтарылуын бақылау.
• НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz