Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер


Slide 1

Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер

Түркістан облысы

Бәйдібек ауданы Қосбұлақ ауылының

Қосбұлақ жалпы орта мектебі

Сыздықова Қызжібек Рахматтулақызы

Slide 2

Кәсіпкерлік дегеніміз не?

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олардан құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.

Slide 3

Инновация дегеніміз не?

«Инновация» сөзі латын тілінің «novatio» -- «жаңарту» деген сөзінен шыққан. Яғни жаңа нәрсе дегенді білдіреді. Бизнестің тұрғысынан инновация - бұл компанияның өнімдерін немесе үдерістерін өзгертуге және жақсартуға әкелетін жаңалық.

Нарықтық экономика компанияларды бәсекелестерден ерекшелену үшін жаңа өнім ойлап табуға немесе бизнестің жаңа моделін іздеуге мәжбүрлейді.

Slide 4

Инновация түрлері:

Инновацияларға көңіл аударып, оларды жіктеуге талпынған алғашқы зеттеуші америкалық экономист Йозеф Шумпетер (1883-1950) болды. Оның зерттеулерін негізге ала отырып, инновациялардың бірнеше түрін атауға болады.

Өнім инновациясы.

Технологиялық үдерістегі инновациялар.

Бизнес­-модельдегі инновациялар.

Slide 5

Өнім инновациясы

Мұндай инновацияда өнімнің өзі өзгереді - ол жақсарады немесе бұрын болмаған жаңа нәрсе ойлап шығарылады.

Мысал келтірсек:Алматыда қоғамдық көліктерде жолақысын төлеуге арналған «Оңай» электронды карталары пайда болғаннан бері, жолаушылар бұрынғыдай ұсақ ақша іздеп әуреленбейді, жолаушылардан ақша жинайтын бақылаушылардың да қажеті болмай қалды.

Slide 6

Технологиялық үдерістегі инновациялар

Мұндай инновациялар кезінде өндіріс үдерісіне оның өзіндік құнын төмендететін жаңа технологиялар енгізіледі.

Мысал келтірсек: Үдерістер инновациясының жарқын мысалы ретінде азаматтар үшін Үкімет бола алады. Қазақстан азаматтары электронды үкімет сайты арқылы үйден шықпай-ақ түрлі анықтамалар ала алады, балаларды балабақшаға кезекке қоя алады. Бұл ХҚКО-да кезектерді азайтады, қажетті құжаттарды тезірек алуға мүмкіндік береді, бұл тұрғындардың жұмыс уақытын үнемдейді.

Slide 7

Бизнес­-модельдегі инновациялар

Бизнес - модель құндылықты құру және сату мен пайданы қамтамасыз ету үшін компанияның пайдаланатын тәсілі.

Мысалы келтірсек: Егер авиабилеттерді іздеу сайтын пайдалансаңыз, онда тек Алматы-Астана бағыты бойынша ғана, бір уақытта 4 компания өз рейстерін күнделікті негізде ұсынады. Компаниялар арасындағы билеттердің құны кейде екі есе айырмашылықта болуы мүмкін. Және әрбір компания өз клиентін табады. Әрбір компания өзін нарықта ерекшелейтін жеке бизнес моделіне ие.

Slide 8

Инновациялар не үшін қажет?

Технологиялар тез дамып келеді, бизнес те мұндай өзгерістерге тез бейімделе бастайды. Компания оның барлық процестері ретке келтірілді деп шешім қабылдап, дамуын тоқтатқан кезде көптеген жаңа бәсекелестер жаңа нәрселер ойлап тауып оның тұтынушыларын өздеріне қаратып алады.

Экономика үшін инновацияның пайдасы неде? Нарықта тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыра алатын жаңа өнімдер пайда болуда (үйде отырып интернет арқылы онлайн-дүкенге жаңа телефонға тапсырыс беру сіздің уақытыңызды, тіпті ақшаңызды үнемдейді, себебі онлайн-дүкендерде сатушыларға жалақы төлеудің, кеңсені жалға алудың т. б. қажеті жоқ және ол тауар құнын арзандатады) . Инновациялар мемлекеттің экономикасының өсуіне септігін тигізеді - экономиканың жаңа салалары пайда болып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен бірге инновациялар қызметкерлерді білікті мамандарға айналуға мәжбүрлейді - себебі жаңа жабдықтарда жұмыс істеу кәсіби мамандарды талап етеді. Бұл көптеген адамды түрлі тренингілерден өткізіп, олардың біліктілігін арттыруға себеп болады.

Slide 9

Бизнестің кез келген моделі төрт элементтен тұрады

клиент (яғни бизнес клиенттерінің кім екенін, қандай тұтынушыларға қызмет ететінін анық білуі қажет) ;

құнды ұсыныс (тұтынушыға қандай тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін ұсынады),

құнын құру тізбегі (өнім қалай жасалады, бұл жерде ресурстар туралы сөз етіледі)

пайда табу механизмі (кәсіпорын ненің есебінен пайда табады) . Яғни сіздің тұтынушыларыңыздың кім екенін, не сататыныңызды, ұсынысты қалай жасайсыз, бизнесіңіз неге пайда әкеледі, міне, осының бәрін бизнес-модель анықтайды.

Slide 10

Кәсіпорының инновациялық қызметі - капитал салымдары түріндегі инвестицияны қажет етеді. Инновациялық қызметі ғылыми зерттеулер немесе күнделікті қызметте қолданатын технологиялық үрдіс жетілдірілген және жаңа өнімде басқа ғылыми техникалық жетістіктердің іске асуына бағытталған үрдіс.

Инновациялық жоба - кәсіпорынның даму мақсатына жету уақытта, кеңестікте инновациялық үдерістерді ұйымдастыруға арналған іс-шаралардың жиынтығы және осы шараларды сипаттайтын, дәлелдейтін құжаттар пакеті. Жоба нысанындағы іс-шараларға нақты капиталды өсіру немесе пайда алу мақсатымен салынатын ақша қаражаттары инвестициялық жоба деп аталады.

Иннавация

Slide 11

Кәсіпкерліктегі соңғы үрдістер

Біз инновациялар өте маңызды екенін түсіндік. Сонымен қазіргі кезде кәсіпкерлер нені басымшылыққа алады? Осы кезеңде бизнесті дамудың негізгі үрдістері қандай?


Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнеркәсібінің жіктелуі
Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы
Орта және шағын бизнесті ұйымдастыру
РЕСПУБЛИКАСЫ НДА ШАҒЫН
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Кәсіпорынның қаржылың ресурстары
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛ ТУРАЛЫ
Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері
Бәсекелік күрес деңгейін талдау
Аталмыш бағытта дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz