Балалардағы диспепсиялық синдром


Slide 1

Балалардағы диспепсиялық синдром

Slide 2

Іш өту және оның себептері

Slide 3

Іш қату

Дефекация жиілігінің азаюы.

1 жастағы балада болуының белгісі - нәжістің 1 күн болмауы, одан үлкен баларда - 2 күн болмауы.

Себебі:

-емшек жасындағы балаларда аз тамақтану

-ерте жастағы балаларда диетаның бұзылуы, белокты артық қабылдау, жеміс-жидек жетіспеуі

-ересек баларда ішектің перистальтикасы мен тонусының төмендеуі, нерв-бұлшықет аппаратының дамымауы

Slide 4

Құсу

Асқазан мен жоғарғы ішек жолдары қоспаларының ауыз қуысы арқылы шығуы. Кішкентай болған сайын оларда жиілігі көп болады. Себебі оларда асқазанның пилорикалық бөлігі бұлшықеттерінің тонысы жоғары, ал кардиалды бөлімінің тонысы төмен. Бұл АІЖ ауруларында емес, инфекциялық аурулар кезіндегі құсу орталығының токсикалық тітіркенуінен, ОЖЖ патологиялары кезінде де болады.

Сонымен қатар, балада құсу орталығының қозымдығы жоғары.

Slide 5 Slide 6

Кардиалды бөлімнің ашық тұруы, емізу техникасының бұзылуы, невв жүйесі жағынан асқорыту аппаратының реттелуінің бұзылуы аэрофагия мен лоқсуға әкеледі. Аэрофагия - тамақ қабылдап жатқанда тағаммен бірге айтарлықтай ауаны жұтуы. Осының нәтижесінде кардиалды бөлім ашылып, лоқсиды - ауа мен тамақ аздаған мөлшерде сыртқа шығады.

Лоқсу(срыгивание)

Slide 7

Руминация - бала құсықты кері жұтады, бірақ ешқандай жағымсыз сезім болмайды (жүрек айну, т. б. Бас айналумен бірге жүреді.

Жүрек айну - құрсақ үсті аймақта жағымсыз сезімнің болуы, кейде әлсіздікпен, бас айналумен жүреді. АІЖ ауруларында (гастрит, глистті инвазия), ми патологиялары, интоксикация нәтижесінде болады.

Қыжыл - төс артында немесе құрсақ үсті аймағындағы күйдіретін сезім, асқазандағы массаның өңешке лақтырылуынан болады. Ол гиперацидті гастриттің белгілері.

Slide 8

Кекіру - асқазаннан ауыз қуысына газдың немесе аздаған асқазандағы массаның түсуі.

Себептері:

-алғашқы айларда ол аэрофагияның нәтижесінде болады

-гиперацидті гастритте шіріген иісі болады

-ащы дәмдес болуы - өт жолдарының ауруларында

кекіру

Slide 9

Абдоминальді ауыру синдромы кезіндегі ауру сезімі - ОЖЖ бөлімдеріне патологиялық импульстердің көп келуінен туындайтын субъективті сезім. Жедел де, созылмалы да түрі болады.

Себептері:

-Перитонит - қуысты ағзаға перфорациялану нәтижесінде дамитын ауру сезімінің дамуы

-Кейбір ағзалардың қабынулық процестері - холецистит, аппендицит, панкреатит, ПН, гепатит, колит

-Қуысты ағзалардың обструкциясы - зәр шығару жолдарының созылмалы аурулары, аорталық обструкция

-Ішектің тітіркенуі, ісіктер.

Абдоминальді синдром

Slide 10

Бұл - бауыр мен көкбауырдың бірдей ұлғаюымен көрінетін жағдай. Бұл ауру емес, 90% бауыр ауруларымен шақырылады.

Ол кез келген жаста дами береді, бірақ көбінесе балаларда дамиды. Ол өсіп келе жатқан ағзаның ерекшелігімен байланысты. Синдром балаларда генетикалық аурулардың әсерінен, инфекция, қақпа венаның, көкбауыр венасының туа пайда болған немесе жүре пайда болған ақауларынан дамиды.

Гепатолиенальді синдром

Slide 11

Ішектік сіңірілудің бұзылысы

(мальабсорбция синдромы)

Жіңішке ішектің шырышты қабығында бір немесе бірнеше тағам түрінің сіңірілуінің бұзылысы.

Патогенезі - ферменттердің белсенділігінң төмендеуі немесе болмауы, ішек бездерінің шығарушы бөлімдерінің бітелуі нәтижесінде асқазан сөлінің жеткіліксіз түсуі, сондықтан асқорытудың соңғы өнімдерінің ішек қабырғасы арқылы ыдырауы мен ары қарайғы қозғалысы бұзылады.

Slide 12

Негізгі клиникалық белгілері:

-созылмалы іш өту (+полифекалия, стеаторея)

-іштің бірден ұлғаюы (химустың көп болуы, метеоризм)

-ісік (гипопротеинемия)

-ұзыққа созылса - гипостатура

Мальабсорбцияның даму мысалдары: целиакия, муковисцидоз, лактаза жетіспеушілігі.

Slide 13

Ас қорыту жүйесін тексерудің қосымша әдістері

І. рентгенография

Науқасты дайындау:

-зерттеу аш қарынға өтеді, сондықтан бірінші, кейде екінші тамақтандыру тоқтатылады, себебі емізу мен рентгенография арасы - 10-12 сағаттан кем болмауы керек. Тек гипотрофия болса ғана тамақтандырады да, кейін зондпен асқазанын тазалайды.

-тек 1-жартыжылдықтағы балаларда көлденең ішекті босату үшін газшығарғыш түтік

-бір күнге немесе 2 күнге дәрі қабылдау тоқтатылады

-қазіргі көзқарас бойынша клизма жасау қажеті жоқ.

Slide 14

Әдістің барысы:

Алдымен контрастсыз рентгноскопия жасалады. Асқазан рентгенсуретін алу үшін бала ауыз арқылы рентгенконтрасты зат қабылдайды:

-20күнге толмаған бала - суда еритін заттар (уротраст, верографин)

-20күннен асқан бала - барий сульфатын қолданады (80г ұнтағын 100мл қайнаған суға)

1жасқа толмаған баланы зерттегенде контрасты затты қабылдамас бұрын оны ана сүтімен немесе қоспамен араластырады (1:2 қатынасында) . Қолданатын сұйықтық көлемі:

2аптаға дейін: 50-60мл

1ай - 90мл

2ай - 110-120мл

3-4ай - 150мл

5ай - 175-195мл

6айдан бастап - 200мл

Бірақ -шала туылғандарға

-жұту, емізу рефлекстері болмаса

-өңештің атрезиясы мен стенозында

-жиі құсуда контраст зондпен енгізіледі

Slide 15

Рентгенография арқылы анықтайды:

-қабырғаларының эластикалығы

-контурларының формасы, сипаты

-өлшемі

-тонусы мен перистальтикасы

-эвакуаторлық функциясы

-ауырсыну нүктелерін.

Контрасты зат 12елі ішекке, сосын аш ішекке түседі. Бұл кезде енді натрий хлоридінде ерітілген барий сульфатының 100мл береді.

Зерттеу барысында 6-7 сурет алынады. Тоқ ішектің барлық бөлігі контрастқа толып болғанда ғана зерттеуге кіріседі, ол 6, 12, 24 сағатқа созылады.

Slide 16

Фиброгастроскопия

Бұл өңешті, асазанның ішкі бетін иілгіш фиброскопты ауыз бен өңешке кіргізу арқылы көру

Зерттеу мақсаты:

-Нақты диагноз қою (гастрит, ойық жара, ісік)

-қан кету көзін анықтау

-асқазандағы өзгерістерді анықтау үшін

Әдісі. Аш қарынға таңертең жүргізіледі (еш дайындықсыз), жедел болса - кез келген уақытта. Алдымен ауыз қуымы мен жұтқыншаққа жергілікті анесезия жасайды. Науқас көлденең бүйірінен жатады. Алдымен фибороскопты сосын ауаны енгізеді (шырышты қабық көріну үшін) . Егер асқазан сұйықтығы болса зерттеу жүргізуге кедергі болады, сондвқтан оны зондпен алып тастайды.

Оның көрсеткіштері бойынша гастроцитологиялық, зерттеу, гастробиопипсия жасалады.

Slide 17

Холецистография - бауыр, өт қабы мен жолдарының қызметін зерттеу әдісі.

Әдісі. Дайындықты қажет етпейді. 2 кезеңде өтеді:


Ұқсас жұмыстар
Синдромдар мен симптомдар, диагноз түрлері
Балалардың асқорту мүшелері зақымдануларының семиотикасы
Балалардағы калькулезді холециститтердің клиникасы,диагностикасы және консервативті емі
Балалардың Гастрит, гастродуодениті
Созылмалы вирусты және аутоиммунды гепатит ауруының салыстырмалы диагностикасының алгоритмі
Бауыр циррозының емі
Бауыр циррозының клиникасы
Ұйқы безінің ауруы
Ауру сезімдік
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz