Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері


Slide 1

Жоғары мектеп педагогикасы

Оқытушы: пед. ғыл. канд., проф.

Қалиева Куланда Махамбетжанқызы

Slide 2

1 Тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері

Педагогика ғылымдары жүйесі және ондағы жоғары мектеп педагогикасының орны

Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу пәні, негізгі категориялары және өзге ғылымдармен байланысы

Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері мен қызметтері

Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері

Тірек ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім беру, оқыту, ғылыми іс-әрекет, педагогикалық жүйе, педагогикалық процесс, әлеуметтену және т. б.

Slide 3

Педагогика адамға тәрбие мен білім беру жөніндегі ғылым болып табылады, мұнда адам іс-әрекетінің екі саласы: - педагогика ғылымы - педагогикалық практика қамтылған. Ол қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым, демек, обьективті шындықтың барлық жақтары педагогиканың нысаны бола алады.

Slide 4

Сонымен, педагогика білім беру және педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде

- педагогикалық процестің дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейді;

теориялық білімдерді жинақтайды және жүйелейді;

педагогикалық тәжірибені зерттейді.

Яғни, практика үшін педагогикалық шындықты қайта құруға негіз жасайды. Сондықтан, осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытта сипатталады.

Slide 5

Педагогика ғылымдарының жүйесі

жалпы педагогика

педагогика тарихы

салыстырмалы педагогика

жас ерекшелік педагогикасы

арнайы педагогика

мектепке дейінгі педагогика

мектеп педагогикасы

жоғары мектеп педагогикасы

кәсіби педагогика (әскери педагогика, инженерлік педагогика

жеке пәндер әдістемесі (тіл, тарих, әдебиет және т. б. )

әлеуметтік педагогика

этнопедагогика және т. б.

Slide 6

Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары

тәрбие

білім беру

оқыту

ғылыми іс-әрекет

педагогикалық жүйе

педагогикалық процесс

педагог

студент және т. б.

Slide 7

Білім беру

Тұлғалық құндылық

Қоғамдық құндылық

Білім беру жүйесі - әлеуметтік институт

Оқыту және тәрбие үдерісі, білімді меңгеру нәтижесі

Slide 8

Педагогикалық жүйенің тұрақты компоненттері

Slide 9

Жоғары мектеп педагогикасының өзге ғылымдармен байланысы

ФИЛОСОФИЯ

Ғылыми танымның әдіснамалық принциптері

ПСИХОЛОГИЯ

МАТЕРИАЛИЗМ

НЕОТОМИЗМ

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ

ПРАГМАТИЗМ

ТҰЛҒА

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ДАМУ

Slide 10

Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің

мақсаты

- болашақ оқытушының бойында кәсіби мәнді қасиеттер қалыптастыру;

- қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін игерту;

- кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шешуге дайындығын қалыптастыру.

Slide 11

Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері

- жоғары білім берудің қазіргі жағдайын талдау және оның дамуын болжау;

- жоғары білім берудің даму тарихын зерттеу;

- жоғары кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру;

- жоғары білім беру заңдылықтарын айқындау;

- білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын ұсыну;

- педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорытындылау, педагогикалық жаңалықтарды (инновацияларды) ғылыми талдау;

- ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу

Slide 12

Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандар тәрбиесі жөніндегі ғылым.

Жоғары мектеп педагогикасының пәні: жоғары мектептегі педагогикалық үдеріс

Қарастырылатын мәселелер

1. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері

2. ЖОО-ғы оқу-тәрбие үдерісі. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері

3. Студенттер мен оқытушылардың оқудан тыс іс-әрекеттері

Slide 13

Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері

Теориялық қызмет

Технологиялық қызмет

- озық тәжірибені зерттеу (сипаттау деңгейі) ;

- педагогикалық құбылыстардың жағдайын айқындау (диагностикалық деңгей) ;

- эксперименттік зерттеу жүргізу (болжамдық деңгей)

оқу іс-әрекетінің нормативтік жоспарын анықтайтын әдістемелік материалдар (жоспарлар, бағдарламалар, стандарттар, оқу құралдары) ұсыну (жобалау деңгейі) ;

ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу (өзгертушілік деңгей) ;

ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау (рефлексивтік деңгей)

Slide 14

Проблемалық сұрақтар

1. Педагогиканың зерттеу объектісіне қатысты түрлі пікірлердің болуын қалай түсіндірер едіңіз?

2. Жоғары мектеп педагогикасының арнайы сала ретінде бөлініп шығуына қандай факторлар ықпал етті деп ойлайсыз?

3. Қазіргі дамуы жағдайында жоғары мектеп педагагогикасы қандай проблемалармен айналысқаны тииімді деп есептеуге болады?

Slide 15

1. Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері

Педагогика ғылымдары жүйесі және ондағы жоғары мектеп педагогикасының орны

Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу пәні, негізгі категориялары және өзге ғылымдармен байланысы

Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері мен қызметтері

Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері

Slide 16

МӨЖ № 1 Педагогиканың зерттеу пәні негіздемесі

Педагогиканың зерттеу объектісі мен зерттеу пәні жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мәселен, бірқатар зерттеушілер осы ғылым саласының зерттеу пәнін белгілеу үшін ұсынылған әлеуметтену термині жөнінде оның педагогикалық ұғым-түсінік шеңберіне сыймайтындығын айтады. Олар бір жағынан бұл кең философиялық және әлеуметтік контестегі ұғым, педагогикалық шындықтың нақты сипаттамасын дерексіздендіреді. Екінші жағынан, ол педагогика үшін аса маңызды жағдай саналатын адамның қоғам өміріне тартылуының мәнді тұсы дербестікті, яғни тұлғалық қалыптасуды көлеңкеде қалдырады деп санайды.

Тапсырма

1. Сіз бұл көзқараспен келісесіз бе? Өз пікіріңізді білдіріңіз

2. Педагогиканың зерттеу пәнін анықтайтын тұжырымдар мен ұғым-түсініктерге салыстырмалы талдау жасаңыз және оны кесте түрінде жабдықтаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:


Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖАЙЛЫ
Педагогика әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
Бастауыш білім беру педагогикасының пәні және оның негізгі ұғымдары
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz