Саяси түсіндірме сөздік




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Орындаған: Омар Ақкенже БК 5/1топ
Тексерген: Айтқалиева Рыскул Айтқалиевна
Ұлттық идея (немесе Қазақстан жағдайындағы жалпыұлттық ауқымдағы идеялар кешені) мемлекеттің қалыптасуы, ұлттық өзін-
дік сананың дамуы және ұлттық бірегейліктің орнығуы барысында бекиді. Ұлттық идея дүниетанымдық бағдардағы
құндылықтар жүйесіне негізделеді және ғасырлар сайын жаңғырып отырады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан қоғамының санасындағы өзгерістер тарихи тағдыр тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр
мен құндылықтарды қайта жаңғыртумен сипатталады. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен
мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның
негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін
толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы –
мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан кейін
еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау
мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идея¬ның алатын орнын анықтап, рухани
жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды.
Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән ерекшеліктердің бірі – әртүрлі құндылықтар
негізінде қалыптасқан сан-алуан әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына сәйкес
қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы деп айтсақ болады. Сонымен қатар, бұрыңғы концепциялар қайта
қаралып, тарихта ұмытылған немесе тоталитарлы кезеңде тыйым салынған құбылыстарды қайта жаңғырту үрдісі байқалуда.
Осылайша, қазіргі қоғамдық өмірдің реформалануы мен демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен
ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлттық идеяны қалыптастыру – тарихи қажеттілік, әрі уақыт талабы
болып табылады. Жоғарыда айтылғандардан көретініміз, халыққа ортақ бағыт-бағдар беретін ұлттық идеяны
қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды шарты болып табылады. Себебі, өз дамуының белгілі бір
шарықтау шыңына жетіп, дамудың түбегейлі жаңа сатысына көтерілудің орасан зор мақсаты жолындағы қоғам мен
мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа барлық күштерін біріктіру міндеті туындаған
кезде кез келген ел өзінің ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді.
Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің
ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет.

Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғым¬дарын
білдіретін, түрлі мағынада қол¬да¬нылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді,
соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен
фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын
мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады. Қоғамдағы
әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып
келіп, адамның рухани жан дүниесін құрайды.

Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. Идея өзі
тарихи дамудың нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл
даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген.


«Ұлттық» термині ұлтқа тиесілі деген мағынаны білдіреді. «ұлт» ұғымына Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында
былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар
адамдардың әлеу¬мет¬тік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт
өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ
этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастыр¬ғанда «ұлт» және «этнос»
ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады . Дегенмен, әлі де философиялық және
саяси-әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған.

Бұл орайда, ұлт туралы О. Бауер: «ұлт – тағдыр ортақтығы байланыстырған ортақ сипатты адамдардың бүкіл жиынтығы.
Осы тағдыр ортақтығы негізінде пайда болған белгі ұлттық мәдениет ортақтығын интернационалдық ортақтықтардан :
кәсіби, таптық, мемлекетті құрайтын халықтық – бір сөзбен айтқанда, түп негізін бір тектілік құрайтын осындай барлық
ортақтықтардан бөліп тұрады… Ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таң¬басы, одан басқа ештеңе де емес», – деп айтады .
• 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесі Қазақстан территориясының тұтастығы мен мызғымастығын
бекіткен мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдады. Тарихи құжатта Қазақ КСР-інің халықаралық дербес
субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға,
халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандырылған мекемелерінің қызметіне
қатысуға құқығы бар екені жан-жақты айқындалды.
• Мұның мысалын социалистік кеңестік жүйенің күйреп, на-рықтық қатынастармен сипатталатын капиталистік жүйеге көшу
барысындағы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің өтпелі кезеңде қабылдаған ресми құжаттарынан — конституциялардан,
саяси партиялардың бағдарламаларынан, ҚР Президентінің еңбектерінен, сондай-ақ мына стратегиялар мен
тұғырнамалардан айқын, аңғаруға болады: «Егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы» (1992 ж.), «Қоғамның идеялық топтасуы — Қазақстан прогресінің шарты» (1993 ж.), «Қазақстан
Республикасында тарихи сананы қалыптастыру» (1994 ж.), «Қазақстан Республикасын-да мемлекеттік бірегейлікті
қалыптастыру» (1996 ж.), «Еуразиялық Одақ» жобасы (1994 ж.), „2030 жылға дейінгі Қазақстанның страте-гиялық дамуы“
(1997 ж.), „Қазақстанның әлемдегі анағұрлым бәсе-кеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын“ жариялаған
Президент Н. Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жол¬дауы және т.б. Қазақстанда ұлттық идея қалыптастыруда
осы мемлекеттік құжаттар маңызды орын алады».

• Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы барысында елімізді ме-кендейтін әртүрлі ұлт пен дін өкілдерін бір қоғамға біріктіріп,
ұйыс-тыратындай ұлттық идеяны қалыптастыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі бар екенін атап өту керек.
Президент ұлт-тық идеяны қазақ халқының қоғамды топтастырудағы жұмылдыру-шы рөлімен байланыстырады. Мұны
Президент Нұрсұлтан Назар-баевтың Қазақстан халықтарының Ассамблеясының сессияла¬рында сөйлеген сөздерінен,
аңғаруға болады. Мысалы, ҚХА 1995 жылғы 24 наурыздағы бірінші сесиясындағы оның баяндамасы «Біздің ортақ
үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деп аталды және онда былай делінді: «Уақыттың ауыр сынынан өткен қазақ
халқының бай да күрделі тарихы бар. Бүгінгі күні ол Қазақстанда тұратын барлық халықтарға көмек беруі тиіс, біздің
бірлігіміздің түбірлерін дұрыс түсініп, кез келген тарихи түртпектеуді теріске шығаруы қажет, өйткені артқа көз сала
отырып, келешекті көруіміз керек» .

Бастау бұлағы сонау көне Түрік заманынан бастау алып, Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы жастардың желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Ұлттық идея —
Алаш идеясының бүгінгі жаңа буынға, жас ұрпаққа берер сабағы мен философиялық салмағы, әлеуметтік қуаты жоғары. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мәселесi, атап айтқанда, сол, аға буынның қабырғасын қайыстырып, iргесiн сөгiп кетуге
қауiп тудырған зауалдың ендiгi уақытта алдын алу, оның саяси, рухани, әлеуметтiк зардаптары¬нан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда алғанда өткен көне дәуірлерден бастау алып, жиырмасыншы ғасырдың басындағы бетке ұстар Алаш
азаматтары жалғастырып, бүгінге дейін жеткен қазақтың асыл арман-аңсары мен ұлт-азаттық мақсат-мұратын қаншалықты басып жаншығанымен, нешеме рет саяси қуғын-сүргiнге ұшыратқанымен арда мінезін мұқалта алмағандығын мадақтау
және тарихи жадыны жаңғырту маңызды болып табылады. Бұл реттегі біздің ойларымызды тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің мына пікірі дәйектей түседі.

«Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны
бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны тү сіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін
атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген — ұлттық идея. Алаш — ұлттың өзін
бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті» [4, 23 б.]. Демек біздің мемлекетіміздің ежелгі және қазіргі тарихын түсінудің сыры
қасиетті қазақ жерінде тұратын адамдардың мінезінде, ерекшеліктерінде жатыр.
2004 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газе-тінде Мұхтар Құл-Мұхамедтің «Ұлттық болмыстың негізі» деп аталатын көлемді ғылыми-көпшілік мақаласы жарияланды және бұл еңбекте ұлттық идея тілмен байланыстырылды. Автор онда мынадай түйінді ойлар айтады:
«Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы және мемлекеттік идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан көптеп келтіруге бола¬ды… Адамзат тарихы әуел бастан және көптеген мысалдар бары¬сында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы
ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін-де дәлелдеп келеді… Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жиын-тығы, ерекшелік белгісі және тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рәміз
және оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы». Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екен-дігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-
тілдік құрылыстың өзекті мәселерін тал¬дай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік және тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын және рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді және терминологиялық
модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тәжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психология-да, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен
айна-лысты. Әлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен термин¬дерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты»
Қолданылған әдебиеттер мен сайттар тізімі:

• Саяси түсіндірме сөздік. —Алматы, 2007
• Назарбаев Н. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 296 б.
• Қойгелдиев М. Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде // Алаш қозғалысы идеясының Еуразия
кеңістігіндегі ықпалы: та-рих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары,
Семей, 2008. — 225 б.
• https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/6050/

Ұқсас жұмыстар
САЯИ РЕЖИМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Лексикография туралы түсінік
САЯСИ МӘДЕНИЕТ
Қалың мал
Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды мәселе
Никколло Макиавелли және макиовелизм
АУДАРМА СӨЗДІК
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал
Пәндер