Лаконияның басқа шаруалар қауымы
Презентация қосу
Ежелгі Спарта
ALPINE SKI HOUSE
Спа́ рта немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат.
Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында
Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін
б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін
қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта
Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр
шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта
қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша
жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9
ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда
болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста
Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның
барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер
Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра
ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар –
илоттар өң-деді. Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы –
периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ)
қолөнермен және саудамен айналысты.
ALPINE SKI HOUSE 2
Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-ҮІІІ
ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде
ежелгі Спарта мемлекеті өмір сүрді.
Мемлекет Спарта деп аталғанымен,
ол ел өздерін Лакония деп атады.
Спарта ежелгі Грекияның тарихына
үлкен із қалдырған ел. Спарта
мемлекетінің пайда болуына алып
келген себептердің ерекшеліктері
болды. Олардың бірі — таптық
қоғамның пайда болуына соғыс
әсер етті. Жеңіп алған дорийцтер
жергілікті ахей тайпаларымен
бірігіп, Спарта қоғамын құрды. Олар
көрші Мессенияны бірігіп жаулап
алды да, өздерінің жерлерін
кеңейтті.
ALPINE SKI HOUSE 3
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның
саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла)
жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан
екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни
міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды
мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті. Экономикаалық жағынан Спарта
қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық
қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып,
тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес
одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес
соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда
үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін
әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей
жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып,
мемлекет ретінде жойылып кетті.
ALPINE SKI HOUSE 4
Спартаға біз саяси демократиялық мемлекет
деп мінездеме береміз. Жаулаушылар жерге,
құлдарға жеке меншік құрып, оғам таптық
саралауды өткізді, спартиаттар үстем тапқа,
жеңіліп қалған тұрғындар құлдарға және
құқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар
деп аталды. Илоттардың жерлері ең құнарлы
болатын, сондықтан олар өздерінің жерлерін
спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен
соғысты. Лаконияның басқа шаруалар қауымы
Спартаға бағынып, өздерінін жерлерін бере
салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға
қарағанда периэкттердің құқықтары көп болды.
Өздерінің қауымында олар азаматтық
құқықтарды пайдаланатын, бірақ Спартаның
өзінде олар екінші сортты адам деп саналып,
үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен
Спартада 3 тап пайда болды: олар
спартандықтар, илотгар және периэктер еді. ALPINE SKI HOUSE 5
Дорийліктер өздерін басты қаласы Спартаның атымен
спартандықтармыз деп атады.
Пелопонестің аумағында, таулы жерлерде тұратын
тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге өз еркіменен бағынған
ахейліктердің кейбіреулері периэктер деп аталды. Бұлар
толық құқылы азаматтар болмаса да, құлдыққа түсе
қоймаған халық.
Илоттардың құқығы құлдардың құқығына жақын екені
белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері:
спартандар, периэктер және илоттар осылай бөлінді.
Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін
алып болғаннан кейін оларды 9000 жер учаскесіне бөлді.
Сол жер учаскелері спартандарға таратылды. Учаскені
бөлуге болмайтындай етіп, илотгармен бірге берілді. Әрбір
жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары тұратын еді.
Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.
ALPINE SKI HOUSE 6
Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, өлсіз болып
туылса, оны өкесіне шатқалдан лақтыруға бұйыратын. Денсаулығы дұрыс мықты баланы тірі
қалдыратын да, ол жеті жасқа дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.
7 жастан бастап бала қоғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жасқа дейін уақытын
өткізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: «Ликург
заңымен балаларды ақысына жұмыс істейтін мұғалімдерге өткізуте болмайды» Балалардың 12
жасқа дейін оқитын жері Агела деп аталды. Агеланы ең күшті, ақылды бала басқарды.
Мектептің тәртібі өте қатал болатын, Балалар қатты төсеніште жастықсыз ұйықтап, жеңіл көрпе
ғана жамылатын. Олардың киімі де жеңіл болатын. Қысы-жазы жалаң аяқ, жалаң бас жүретін.
Олар ыстықты қалай көтерсе, суыққа да солай шыдауы керек еді.
Спарта балалары өзара көп төбелесетін еді. Қарттар олардың төбелесіне қарап, балалардың
мінез-құлқын зерттеп отыратын. Спарталықтар балаларын төзімділікке тәрбиелеу үшін, оларды
аштық пен сусын ішпеуге үйретті. Кейбір күндерде оларға су бермейтін. Оларды жараның
ауырғанына шыдауға үйрететін.
ALPINE SKI HOUSE 7
Мектепте балалар дене шынықтырумен және әскери іспен шұғылданды. Тәрбиенің мақсаты — күшті де
шыныққан жауынгер өсіру еді. Олар оқуды, жазуды, санауды, ән салуды және билеуді, патриоттық
тақырыпқа өлең оқуға үйренді. Философиямен, өнермен айналысуға рұқсат етілмеді. Балалар мейлінше
қысқа да ықшамды сөйлеуге үйретілді.
Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Спарталықтар
денсаулығы жақсы бала тек денсаулығы жақсы анадан ғана туады деп санайтын. Сондықтан қыздар үй
тіршілігімен айналыспайтын. Мұның бәрін илот әйелдері істейтін. Спартаның әйелдері ерлер сияқты бала
күнінен бастап гимнастикамен және спортпен шұғылданды.
Қыздар ұл балалар сияқты оқитын, жаза және санай алатын. Спартандар кәмелет жасқа жеткенде үйленіп,
шаңырақ құрды. Бірақ олардың кейінгі өмірі таза әсксри сипатта болды. Күні бойы олар әскери отрядта, сол
өздері мектепке бірге оқыған жолдастарымен бірге болды. 20 жасынан бастап еркін спартандар сисситияға
қатынасады, жерғе қожа болады. Сисситияның мүшесі болу үшін белгілі бір мөлшерде заттай үлес қосуы тиіс
еді.
Сисситияның әрбір мүшесі үн, арақ, май, ірімшік, жеміс тәрізді өз үлесін әкеліп тапсырады. Сисситияда олар
оскери жаттығуларды бірге жасап, бірге тамақ ішті. Сисситияның мүшелері «тең адамдар қауымына» кірді
және барлық саяси құқықтарды пайдаланды. Егер спартандық кедейленіп, сисситияға өзінііі үлесін қоса
алмайтын болса, ол қауымнан шығып қалады, содан барып «тең адамдар қауымынан» да шығарылатын.
Сөйтіп ол саяси құқығын да жоғалтатын
ALPINE SKI HOUSE 8
Спарта азаматтары 30-ға жасқа толғанша өзінің
құқығын толық пайдалана алмады. Оған базарға
барып бірдеме сатып алуға рұқсат берілмеді, өзіне
керек заттарын ол 30-ға толған туысқандарына
сатып алғызады. Өте көп уақытын ол сисситияда
өткізетін. 30 жасқа толған Спартаның азаматтары
құқықтарын толық пайдаланатын. Осы уақыт
ішінде ол шаңырақ құрып, үкіметтін, үлкен қызмет
орнын пайдаланды. Спарта тәрбиесінің, сондай-ақ
спарталықтар өмірінің барысы елдің әскери
қуатын нығайту мақсатына бағытталды.
Спартандық ең алдымен жауынгер болуы керек
еді. Бұл сырттан келетін жаудың жақындығынан
туған қажеттілік емес, өзімен дұшпандық
пиғылдағы халық илоттармен үнемі бірге өмір
сүруден туған құбылыс еді.
Өкімет спартандықтардың жеке өмірінде істейтін
істерін құқықпен тәртіпке салды
ALPINE SKI HOUSE 9
Өкімет спартандықтардың жеке өмірінде істейтін істерін құқықпен тәртіпке салды.
Спартада тұратын азаматтар заңның алдында бірдей деп саналды. Спартадағы
адамдар байып кетпеу үшін екімет алтын және күміс ақшаны қолданудан қалдырды.
Сауда мен қолөнер ұят жұмыс саналып, оны тек илоттар ғана атқарды. Жерді сатуға
болмайтын еді. Спарта азаматтарының киген киімдері қарапайым, үйдің ішінде
пайдаланатын заттары бірдей болды. Ешкім бай ыдыс-аяғымен және үйдің
заттарымен, суреттермен және кілемімен мақтана алмады. Ешкімде сән-салтанатты
нәрсе болған жоқ, бұл заттарды шетелден де әкелуге рұқсат етілмейтін. Осының бәрі
эфорлар алқасының қадағалауында болатын.
Спартандықтар қауымының мықтылығын илоттардың б. д. дейінгі 466 жылы болып
өткен көтерілісі көрсетті. Адамгершілікке сыймайтын қатынастарға илоттар көтеріліс
арқылы наразылық білдірді. Әсіресе б. д. дейінгі 464-455 жылдардағы көтеріліс есте
қаларлықтай ірі болды. Бұл ежелгі Грекиядағы ең үлкен таптық күрестің көрінісі еді .
ALPINE SKI HOUSE 10
ALPINE SKI HOUSE
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz