Философия және Рухани жаңғыру


Slide 1

Тақырыбы: “Философия және Рухани жаңғыру”.

Орындаған: Сейдахметова Томирис

Қабылдаған: Сембаева Мөлдір Мәлікқызы

Топ: ЛР-20-03-K

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

СӨЖ

Slide 2

Философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім.

Slide 3

Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді.

Slide 4

Философияның пәндері:

Slide 5

Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістемелер, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т. б. философиялық мәселелері) .

Slide 6

Дүние негізінің сапасына сай, философия материализм және идеализм болып бөлінеді.

Slide 7

Философия ілімінің негізгі әдістері

Диалектика - болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.

Әмбебапты логика - ежелгі шығыста қалыптасқан әдіс, бұл әдіс әлемді алуантүрлікте және қарама-қайшылықтардың абсолюттік бірлігінде қарастырады.

Slide 8

Философияның қызметтері

Дүниетанымдық;

Методологиялық;

Теориялық;

Гносеологиялық;

Сыншылдық,

Аксиологиялық,

Әлеуметтік,

Тәрбиелік-гуманитарлық,

Эвристикалық,

Өзге де көптеген қызметтер.

Slide 9

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Slide 10

ЖАҢҒЫРУ дегеніміз не?

Ғылыми әдебиетте “Жаңғыру” қоғамның әлеуметтік эволюциясына, оның өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тарихи ұзақ процесі ретінде белгіленді.

Slide 11

Қазақстан үш жаңғыруды жүзеге асырды

1 жаңгыру

Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет

құрды

2 жаңғыру

2030 стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді

3 жаңғыру

Ұлт жоспарын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену

Slide 12

Елбасы өз мақаласында былай анықтайды-саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші кезекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу - ең өзекті міндет.

Slide 13

Рухани жаңғыру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар

Slide 14

Қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты

Slide 15

1. Бәсекеге қабілеттілік

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Slide 16

2. Прагматизм

Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу.

Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Slide 17

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Slide 18

4. Білімнің салтанат құруы

Кеңестік жүйеден, дәлірек айтқанда энциклопедиялық білім, білім берудің кеңдігі мен оның іргелі сипатынан ерекшелінеді. Білімнің салтанаты функционалды сауаттылықты, нақты құзырлар мен мамандандыруды білдіреді. Мектеп оқушыларында сабақ оқу жүктемесі жоғары болмай, олардың назары жалпылай дамуға, яғни өнер, спорт, тілдерді оқу, заманауи коммуникативті практикаларға бөлінуі мүмкін. Мұнда білімнің өзі емес, ал оның қолданылуы маңызды болып келеді.

Сол себептен білімнің салтанаты пәнді тереңінен тануды, бастамашылдықты және еңбекқорлықты ұйғарады. Мұнда басымдық алынған білімнің жиынтығына емес, ал жаңа идеяларды генерациялауға қойылып отыр.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Тақырып Философия және рухани жаңғыру
Реформация қорытындысы
Сана және бейсаналық
Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
Славянофиндер философиясы
Ойлау мәдениеті
XXI ғасырдағы ұлттық сана
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Сананың ашықтығы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz