Таралу аймағы




Презентация қосу
Тақырыбы: Талдар
тұқымдасы, Тал туысы
Талдар
тұқымдасы -
Salixaceae –
Семейство
Ивовые
Туысы: Тал – Salix L. – Ива

Гүлдерi сырға пiшiндес, тұтас жапырақты болып келетiн, қос үйлiк ағаш
немесе бұталар. Тұқымы ұсақ, жәндiктермен, құрт-құмырсқалармен
тозаңданады. Сүрегi жеңiл, жұмсақ.
Бiршама жарық сүйгiш өсiмдiк. Суықтан қорықпайды. Талдар көбiнесе
өзендер мен су жағаларында, мол ылғалды топырақтарда өседi. Қазақстанның
орманды, сол сияқты ормансыз өңiрлерiнде де кездеседi.
Көбеюi: тұқымдармен, қалемшелермен. Сүрегi жұқа тақтай дайындауға
жұмсалады, көбiнесе кәрзiңкелер жасау үшiн таптырмайтын шикiзат, сондай-ақ
жуандау бұтақтарынан құрсау, қазық, киiз үйдiң бөлшектерi жасалынады.
Талдардың көп түрi құмдарды, өзен, көл және тоғандардың жағаларын
бекiтуге пайдаланылады. Қабығында 5-12% таннид бар.
Құрамында глюкоза, салицил сияқты ыстықты басатын заттар бар. Талдың
халық шаруашылығында маңызы зор. Сүрек, шыбық, қабық алу үшiн талдың
арнайы түрi екпе түрiнде өсiрiледi. Өсемдiк үшiн талдың күмiс
жапырақтылары, иiлiп тұратын түрлерi пайдаланылады.
Қазақстанда талдың 63 жабайы өсетiн түрлерi бар. Төменде шаруашылық
маңызы бар және кең тараған түрлерi сипатталады.
Түрі: 1. Ақтал – S. alba L. –
Ива белая, ветла

Биiктiгi 20-25 м, диаметрi 1,5 м дейiн
болатын сұр түстi, қабықты ағаш.
Жапырақтары сызықты - қияқты, үшкiрленген,
ұзындығы 5-15 см, енi 1-3 см. Сәуiр – мамырда
жапырақтарының ашылуымен бiрге бiр
мезгiлде гүлдейдi, мамыр – маусымда жемiс
салады. Сүрегi қою-қызғылт өзектi және
жiңiшке ақ шел қабықты болады.
Тез өседi, суыққа сезiмтал, құрт –
құмырсқалар әсерiнен тез бүлiнедi. 100 жылға
дейiн жасайды. Қалемшелермен көбейедi.
Таралу аймағы: Еуропа, Батыс Сiбiр, Орта
Азия, Кiшi Азия, Иран, Үнді, Қытай.
Қазақстанда жаппай өзен жайылмаларында
кездеседi.
Сәндiк ағаш ретiнде көгалдандыруда қолданылады. Сүрегi доға, құрсау, тағы басқа ұсақ -
түйек заттар жасауға кетедi. Қабығында салицин бар, 5 %-ға дейiн таннидтер болады.
Мұның қайнатындысы жiбек, жүн, былғарыны қызғылт – қоңыр түске бояуға жарайды.
Қабық талшықтарынан жiп және арқан есiледi.
Шыбықтары – шыбық баулары мен қашаларға пайдаланылады. Орманы аз аудандарда
сүрек үшiн өсiрiледi.
2. Иiлгiш, вавилондық тал –
S. babylonica L. - Ива вавилонская

Биiктiгi 10-12 м, жалаңаш,
жылтыр, жерге дейiн иiлiп, салбырап
тұратын өте әсем ағаш. Жапырақтары
қияқты, төменгi жағы көкшiл – сұр –
жасыл, ұзындығы 9-15 см. Сырғалары
жiңiшке – цилиндр тәрiздес, ұзындығы
5 см - ге дейiн жетедi.
Наурыз – сәуiрде гүлдейдi де, сәуiр
– мамырда жемiс бередi. Отаны - Иран.
Дүние жүзiнiң барлық

елдерiнде мәдени өсiмдiктер қатарына енгiзiлген. Қазақстанда оңтүстiк және
оңтүстiк-шығыс аймақтарда жерсiндiрiлген.
3. Көктал – S. triandra L. – Ива
трехтычинковая, белотал

Биiктiгi 8-10 м, диаметрi 20 см дейiн
болатын ағаш немесе бұта, сұр, жұқа
сыдырылғыш қабықты. Бұтақтары
жiңiшке, алхоры түстi-қоңырлау немесе
сарғыш – жасыл. Жапырақтары сызықты,
ұзындығы 4-15 см, енi 0,5-3,5 см.
Сырғалары жапырақтарынан
соң ашылады. Сәуiр – мамырда
гүлдейдi, шiлдеде жемiс бередi. Күз
айлары кейде жылы болғанда екiншi рет
гүлдеуi мүмкiн.

Таралу аймағы: қазiргi ТМД аумағында,Иран, Моңғолия, Қытай, Жапония.
Қазақстанда - өзендер жағалауы мен алқаптарында, республиканың жазық
бөлiктерiнде, сондай-ақ Алтайда, Солтүстiк, Батыс Тяньшанда және Жоңғар
Алатауында кездеседі.
Қабығында салицин қышқылы (14-15 %), таннидтер (10-12 %) бар, маталарды
сары түске бояуға болады. Су қоймалары, су ағызатын арналар жағаларына
және арна құмдарына отырғызуға жарамды. Бiр жылдық жоғары сапалы
шыбықтары тоқуға пайдаланылады.
4. Қызылтал – S. acutifolia (willd)
Ива остролистная, краснотал

Биiктiгi 10-12 м, диаметрi 10-12 см
жiңiшке шыбықты бұта немесе ағаш.
Жапырақтары сызықты, ұзындығы 7-15
см, енi 0,7-1,2 см, үстiңгi бетi қою -
жасыл, астыңғы бетi жасылдау немесе
көкшiл – сұр түстi. Сырғалары қысқа
сабақты, ұзындығы 2,5 –3,5 см.
Наурыз – сәуiрде гүлдейдi де, сәуiр
– мамырда жемiс салады. Құмда
ойдағыдай өседi. Суыққа,
құрғақшылыққа төзiмдi, шөлдiң қатты
ыстығына төзімдi. Қалемшелермен
жақсы көбейедi.
Таралу аймағы: ТМД - ның Еуропалық бөлiгi, Кавказдың алдыңғы жағы, Сiбiр,
Орта Азия. Қазақстанда - орманды далалық, далалық және құрғақ далалық
өңiрлерде, Сарыарқада, Солтүстiк Тяньшанда, өзен жағаларында, сирек өскен
орман алаңқайларында, кейде сортаң далаларда кездеседi. Құмдарды бекiтетiн
керемет өсiмдiк. Су қоймаларын жағалата отырғызған тиімді. Сәндi, әсем
өсiмдiк. Шыбықтары тоқуға пайдаланылады.
5. Құба шiлiк – S. cinereae L.
Ива пепельная, серая

Жуан бұтақты, биiктiгi 5 м-дей
болатын бұта. Жапырақтары ұзынша,
ұзындығы 4-12 см, енi 1-3 см, сәуiрде
гүлдейдi де, мамырда жемiс бередi.
Тұқымымен көбейедi.
Таралу аймағы: Еуропа, Батыс
Сiбiр, Орта Азия, Кавказда.
Қазақстанда - барлық жазықтарда, тау
бөктерлерiнде және өзен жағалары
мен жайылымдарында өседi, шоқ
ағаш немесе жеке дара ағаш түрiнде
де кездеседi.

Қабықтарында 12-14 % таннид болғандықтан, терi илейтiн негiзгi шикiзат
алынады. Жас шыбықтары шарбақ тоқуға, шыбық - баулар жасауға
пайдаланылады. Су қоймалары маңайына, отын үшiн, тоған бойларына
отырғызу үшiн ыңғайлы.
6. Шыбық тал – S. viminalis L.
Ива прутовидная, корзиночная

Биiктiгi 5-6 м бұта, кейде биiктiгi 8-
10 м болатын ұзын, жiңiшке бұтақты
кiшкене ағаш. Жапырақтары сызықты,
ұзындығы 20 см-ге дейiн. Наурыз - сәуiр
- мамырда гүлдейдi, сәуiр – маусым
аралығында жемiс бередi. Қалемшелерi
жеңiл тамырланады.
Өркендері қалың сұр шаш тәрізді
түктермен көмкерілген. Жапырақтағы
бүршіктерінің ұшы иілген, сұр түкті,
ұзынша сопақша.
Әсемдік қасиеттерiне байланысты
көгалдандыруда кеңiнен қолданылады.

Бiр – екi жылдық жоғары сапалы шыбықтары тоқитын заттар жасау үшiн
пайдаланылады. Қабығында 6-14 % таннидтер бар, олар талшық үшiн де
жарамды. Таралу аймағы: ТМД-ның барлық жерлерiнде, Еуропаның
оңтүстiгiнен басқа, Қытай, Индияда, Қазақстанда - өзендердiң жағалары мен
алқаптарында талдың басқа да басқа түрлерiмен бiрге тоғайды құрайды.
7. Ешкi тал – S. caprea L.
Ива козья, бредина, ракита

Биiктiгi 6-10 м және диаметрi 75
см болатын ағаш, кейде бұта түрiнде
де кездеседi. Қабығы жасыл түстi,
тегiс. Өркендерi жас кезiнде түктi.
Жапырақтарының ұзындығы 11-18 см,
енi 5-8 см. Наурыз – сәуiрде
жапырақтары ашылғанға дейiн
гүлдейдi. Сүрегi ауада қызылданып
тұрады.

Құнарлы топырақты қалайды, қалемшелерi тамырланбайды, сондықтан
тұқым арқылы көбейедi.
Таралу аймағы: Еуропа. Қазақстанда – орманды далалық, далалық құрғақ
өңiрлерде, сондай-ақ Алтай, Солтүстiк Тяньшань, Жоңғар Алатауы, Сауыр
және Тарбағатай тауларында өседi.
Бал аралары гүлдеген кезде шырын жинайды, қабығында 21 %-ға дейiн терi
илеуге қолданылатын заттар бар. Қабығынан қара бояу дайындайды. Сүрегi
ұсақ әртүрлi заттар жасауға; отынға және қағаз өндiрiсiне жарамды.
8. Сарытал – S. purpurea L. –
Ива пурпурная

Әсем, жiңiшке бұтақты бұта. Қабығының iшкi жағы сап - сары
түстi, сыртында көкшiл сұр тозаңы бар. Жапырақтары керi сызықты,
ұзындығы 13 см, енi 1,5 см-ге дейiн, көкшiл сұр түстi, сырғалары
қысқа сабақты, цилиндр тәрiздес, ұзындығы 2,8 см. Гүлдеуi наурыз –
сәуiрде, мамыр – маусымда жемiс бередi. 30 жылға дейiн жасайды.
Құмды топырақтарда жақсы өседi. Зиянкестерге төзiмдi,
жапырақтарының ащылығынан мал – жануарлар көп жемейдi.
Қалемшелермен жеңiл көбейедi.
Таралу аймағы: ТМД-ның жазықтары, Сiбiрдiң Солтүстiгi мен
Шығысынан басқа, Моңғолия, Қытай, Солтүстiк Африка. Қазақстанда
- өзендер мен су қоймаларының жағаларында, орманды далалық,
далалық және құрғақ далалық аймақтардың ылғалды шалғындарында,
Алтай және Солтүстiк Тяньшань тауларында кездеседi. Алқаптарда
жиi өсiрiледi. Тамаша ақ солқылдақ шыбықтары тоқуға ыңғайлы.
Қабықтары медицина саласында қолданылады, одан адамның
ыстығын басатын дәрi салицин алынады (0,6-1,5 %).
Сайларда, жыраларда, су қоймалары маңында орман түрiнде
өсiруге жарамды.
Каспийлiк тал – S. caspica
Pall. – Ива каспийская

Диаметрi 3-4 см болатын сұр қабықты бұта. Сарыталға ұқсас, одан
ұзын жапырақтарының енсiздiгiнен өзгеше көрiнедi. Мамырда гүлдейдi,
маусымда жемiс бередi. Өте жарық сүйгiш.
Таралу аймағы: төменгi Дон мен Едiл бойынан Енисей өзенiне
дейiн, Орта Азия, Моңғолия, Иран. Қазақстанда - жазық жерлерде
жаппай өзен жағаларында, құмды және сортаң топырақты алаңқайларда
өседi.
Шыбықтары жақсы солқылдақ, құмдарды бекiтуге және
көгалдандыруға пайдаланылады.
Түзу, ұзын қызылдау - қоңыр түсті, немесе сарғыш – сұр өркендi
ағаш немесе биiк бұта. Жапырақтары сызықты, ұшына қарай
жiңiшкерген, ұзындығы 3 – 5 - 7 см. Жұқа, цилиндр тәрiздi сырғалары
имек боп келедi. Мамырда гүлдейдi де, шiлдеде жемiс бередi.
Таралу аймағы: Кавказ, Алтай, Орта Азия. Қазақстанда - Сарыарқа,
Алтай, Жоңғар Алатауы, Солтүстiк Тяньшань төңірегіндегі өзендердiң
жағаларында жеке дара түрде өседi.
Екпе түрiнде құрғақ далалар мен шөлейттерде отырғызған тиiмдi.
Құбатал – S. Wilhelmsiana
Ива Вильгельмса

Өркендерi бар, биiктiгi 6-7 м ағаш, немесе сұр - қоңыр түсті бұта.
Жапырақтарының ұзындығы 2-3 см, пiшiнi цилиндр тәрiздес. Мамырда
гүлдейдi де, маусым айында жемiс бередi.
Таралу аймағы: Волганың арғы бетiнiң оңтүстiк – батысы, Кавказ,
Оңтүстiк - батыс Азия, Иран, Тибет, Жоңғар - Қашқария, Индия.
Қазақстанда - Ақмола, Қарағанды, Қызыл - Орда обылыстары, Балқаш -
Алакөл өңiрi, Солтүстiк және Батыс Тяньшань, Жоңғар Алатауы
өзендерiнiң жағалары мен жайылма алаңқайларында.
Сәндi ағаш боп саналады. Гүлдерiнен бал аралары шырын
жинайды. Шыбығы нәзiк, әсем болғандықтан тоқитын заттар жасау
үшiн пайдаланылады.
Сыңғақтал – S. fraqilis L. –
Ива ломкая

Биiктiгi 20 м, диаметрi 1 м дейiн жететін ағаш. Жасыл желегi шар
тәрiздi. Қабығы терең жарықты. Жапырақтары қияқты, жылтыр. Мамырда
гүлдейдi, маусымда жемiс бередi. 75 жылға дейiн өмiр сүредi. Қалемшелер
және қазықшалармен көбейедi.
Таралу аймағы: Еуропа, Кавказ, Сiбiр, Қиыр Шығыс, Кiшi Азия, Иран.
Қазақстанда – Орал – Каспий өңiрiнде, Сарыарқаның батыс бөлiгiнде,
Алматы және Қызылорда облыстарында кездеседi, мұнда өзен жағалары
мен ылғалды жерлерде өсiп-өнедi.
Сүрегi ақталдыкi сияқты пайдаланылады. Қабығында салицин
қышқылы және улы заттар бар (10%-дай); халық емшiлiгiнде
тырыстыратын зат ретiнде қолданады. Өте әсем, сәндi ағаш.
Жіңішке жоңғар талы –
S.Sonqaric-Ива джунгарская

Қою, дөңгеленген шар тәрiздi жасыл желектi, биiктiгi 8-10 м,
диаметрi 35-40 см-лiк ағаш, жапырақтары енсiз қияқты, жалаң,
жылтыр, ұзындығы 3-7 см; сырғасының ұзындығы 5-7 см.
Мамырда гүлдейдi, маусымда жемiс салады. 75 жасқа дейiн өмiр
сүредi. Сондай-ақ, жылдам өсуiмен ерекшеленедi.
Таралу аймағы: Орта Азия, Жоңғар - Қашқария. Қазақстанда -
оңтүстiк - батыс облыстарда өседi.
Сүрегi отынға жұмсалады, ал шыбықтары iрi тоқуға
пайдаланылады. Қабығынан терi илейтiн заттар алынады.
Сушiлiк – S. Sibirica Pall.
Ива cибирская

Биiктiгi 0,5 – 2 м дейiн болатын қара-қоңыр немесе сарғыш
өркендерi бар бұта. Бүршiктерi түктi. Жапырақтары эллипс тәрiздi,
ұзындығы 3,5 – 6 см, енi 1-1,5 см. Сырғалары цилиндр тәрiздес,
ұзындығы 1,5 – 2 см, сабақты жапырақтарымен бiр мезгiлде жетiледi.
Мамыр айында гүлдейдi, маусымда жемiс бередi.
Таралу аймағы: Батыс және Шығыс Сiбiр, Орта Азия, Моңғолия.
Қазақстанда – орманды далалық, далалы және құрғақ өңiрлерде, өзен
жағалауларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан
облыстарының тауларында кездеседi.

Ұқсас жұмыстар
ШЕГІРШІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ ШЕГІРШІНДЕР
Алма туысына негізгі сипаттама
Талдар тұқымдасы, Тал туысы
Түр Орман шамшаты
Өсімдіктер мен жануарлардың "Қызыл кітабы". Дүниетану
Өсімдік географиясы
Балаларда ботулизм инфекциялық ауруы
Жоғалып бара жатқан балықтар мен құстар
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Жатаған у кекіре
Пәндер